ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері1. Жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында: 1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге; 2) қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға; 3) донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күні жұмыстан кедергісіз босатуға; 4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті. 2. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.
27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау
169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары 1. Адам, адамның мәйіті немесе жануар тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша донор болуы мүмкін. 2. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады. 3. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады. 4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін. 5. Тірі донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзінің тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиіс. 6. Кәмелетке толмаған адам немесе әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алу осы бапта көрсетілгендермен қатар, бір мезгілде мына шарттарды сақтағанда ғана: 1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімі болған; 2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған; 3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы (сіңлісі) болып табылған; 4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған; 5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмеген жағдайда, мүмкін болады. 7. Кәмелетке толмаған адамдардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарып алынуы мүмкін. 8. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 9. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін. 10. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) репициентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға жол берілмейді. Егер консилиум тарапынан тіркелген өлім фактісінің даусыз дәлелдемесі болса, мәйіттен транспланттау үшін тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) алынуы мүмкін. Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың өлімінің) расталуы негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі. 11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.
170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі 1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді. 2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. 3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс. 4. Инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады. 5. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүргізіледі. 6. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. 7. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жол беріледі. 8. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді. 9. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|