ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Донорға берілетін кепілдіктер1. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады. 2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. 3. Адамды қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейді. 4. Донор болып табылатын әскери қызметші қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтің басқа да түрлерін атқарудан босатылады. 5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күндері оқу-тәрбие процесінен босатылады. 6. Донорларды көтермелеу жүйесін уәкілетті орган бекітеді. Донорға қан мен оның компоненттерін тапсырудың (донациялаудың) жиынтық caнын ескере отырып, берілетін қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не Қазақстан Pecпубликасының Үкіметі белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады. 8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Pecпубликасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|