ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар: 1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі; 2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі; 3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда, азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерімен жүзеге асырылады. 2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
7-Бөлім. донорлық және транспланттау
26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы
162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау 1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі – донорлық) – қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру (донациялау) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы. 2. Донорлық донорды медициналық куәландыру, одан қан алып дайындау, қанның компоненттерін бөлу және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. 3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды: 1) қан тапсыру (донациялау) – донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу; 2) плазма тапсыру (донациялау) – қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу. Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі: қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма; құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара іс-әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады; 3) жасушалар тапсыру (донациялау) – донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу. 4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде: 1) қан компоненттері – қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлініп алынған құрамдас бөліктері; 2) қан препараттары – қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар алынады. 5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар 1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. 2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады. 3. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. 4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|