Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






бап. Контрацепцияны пайдалану 1 страница




1. Азаматтардың контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.

2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі.

 

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

1. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтар мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.

2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатыны туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.

3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.

Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.

2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.

3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.

5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

 

18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету

1. Туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

 

106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың тәртібі

1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

 

107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәж­бүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

4. Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйе­сінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберку­лездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті ем­делуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайын­далады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.

5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы мате­риалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жібе­рілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.

6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.

 

108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар­дың құқықтары

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.

4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.

 

109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау

1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сон­дай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан тубер­ку­лездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқта­тылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағ­дай­да емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.

Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағ­дай­да, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын нау­қас консилиумның қорытындысы бойынша ту­беркулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.

 

110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқтал­ғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарыл­ғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша тубер­кулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен аурудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.

 

111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек

Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медицина­лық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.

 

 

19-тарау. Аитв инфекциясын жұқтырғандарға және житс-пен ауыратын

науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері

Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырған­дарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:

1) тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консуль­тациялар беруге;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;

3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;

5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

 

113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау

1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.

2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.

3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.

 

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;

3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;

4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін құру;

6) тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 

115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультациялар алуға құқығы бар.

2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға:

1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;

2) өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіздер бар адамдар;

3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкер­лері мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.

4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.

5. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасын­дағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

 

 

20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші

адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагности­касын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.

3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиат­риялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.

 

117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу

1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады.

2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол бес жылда кемінде бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.

 

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әре­кетке қабілетсіз деп таныған адамның психиат­риялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүд­делерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асы­рады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу

1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылық­тармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.

3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.

4. Медициналық құралдар мен әдістер ауруды ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Дәрiгер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының (ау­руының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдiстерi туралы жазбаша ақ­паратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудiң ұзақтығы, ықтимал ауруды сезiну, жанама әсерлер туралы және күтiлетiн нәтижелер туралы деректердi психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде бередi. Медициналық құжаттамада берiлген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.

6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.

2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тарма­ғында көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспа­ғанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісімінсіз ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзы­луынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.

9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардап­тары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.

 

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың құқықтары

1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясында көзделген, азамат­тардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.

Психикасының бұзылуына (ауруына) байла­нысты азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:

1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;

2) емдеудің кез келген сатысында медици­налық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;

3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен) тартуға;

4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных