Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Босанудың екінші кезеңін фонтомда жасау.

ОҚЫТУШЫ БАҚЫЛАУМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандық – 051 301 – «Жалпы медицина»

Дисциплина: Жедел-жәрдем

№6 блок – Акушерлік іс және гинекологиядағы көмек күттірмейтін жағдайлар

Курс: V

 

 

Алматы 2013 ж.

Әдістемелік нұсқауды құрастырған доц.қ.а. Еспаева Р.Н., №2 акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, тіркелген, протокол № 1. 28.08.2013 жыл.

 

 

№ 2 Акушерия және гинекология каф.мең.

м.ғ.д. Л.К. Калиева.

 

Сабақ №1

1.Тақырып: Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы, диагностикалық алгоритмі. Жедел көмек көрсету принциптері.

2.Сабақ мақсаты: Жатырдан тыс жүктілікте жедел көмек көрсету принциптері, студенттердің клиника мен диагностикада білімдерін жетілдіру.

3.Оқыту міндеттері:

· Студенттерді жатырдан тыс жүктіліктің түрлі клиникасымен таныстыру;

· Клиникалық бөлімшеде жатырдан тыс жүктіліктің біріншілік тексеруде және стационарлық бөлімде диагностика алгоритмімен танысу;

· Жатырдан тыс жүктілік кезінде жедел көмек көрсету принциптері.

 

4. Өткізу формасы:

1. Науқастарды курациялау;

2. Ауру тарихын талқылау (науқастан бөлек).

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Гинекология бөлімшесінде науқастарды курациялау: анамнез жинау, болжам диагнозы, зерттеу жоспары және емдеу.

 

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Василевская Л. Н. Гинекология, 2007, Б. 499-514.

2. Гинекология. Под ред. Савельевой Г.М., 2011, Б.335-348.

Қосымша:

1. 1. Руководство к практическим занятиям по гинекологии. Под ред. Радзинского В.Е.,2005, Б.361-380.

2. Гинекология. Национальное руководство. Под ред. В.И Кулакова, 2007, Б.980-987.

 

7. Бақылау:

- Науқастарды курациялау нәтижелерін талқылау.

 

Сабақ №2

1. Тақырып: Ауруханадан тыс босану: госпитальды этапқа дейін көмек көрсету.

2.Сабақ мақсаты: Үй және жол жағдайында босанған әйелдерге студенттерге жедел жәрдем принциптерін үйрету.

3.Оқыту міндеттері:

· Біріншілік босануда госпитальға дейін студенттердің жедел көмек көрсетуін жетілдіру;

· Екіншілік босануда госпитальға дейін студенттердің жедел көмек көрсетуін жетілдіру;

· Үшіншілік босануда госпитальға дейін студенттердің жедел көмек көрсетуін жетілдіру;

· Асфиксиямен туылған нәрестеге госпитальды этапқа дейін көмек көрсету;

· Асқынған ауруханадан тыс босанған әйелдерге госпитальды көмек көрсету;

· Босанушы мен нәрестені перзентханаға тасымалдау принциптері.

 

4.Өткізу формасы:

Келесі қадамдар арқылы екінші босану кезеңін фонтомда көрсету

 

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Босанудың екінші кезеңін фонтомда жасау.

 

Қадам № Қадамдарды бағалау критерийлері
1. Студент босандыруға дайындалады: тыныс алу қапшығын және маска, жаялық, нәрестеге қалпақ және шұлық; инструменттер, соның ішінде кіндікті кесуге қайшы; босануға орын дайындайды – таза жаялық жаяды немесе бір реттік пакет, жаялықты жылытады, тексереді. Одан кейін қолын хирургиялық өңдейді және жатырдың ашылуын тексеру үшін қынаптық тексеру жүргізеді (жатыр мойнының айналасында жатқан бөлігінің тіндері анықталмайды). Бала басының жамбас астауына қалай келгенін анықтайды. Босану болжамын айтады.
2. Әйелге толғақ сайын табиғи күшену керектігін түсіндіреді. Бір минут сайын әр толғақта нәрестенің жүрек соғуын тыңдайды.
3. Клиникалық моменттен бастап «басының жарып шығуы» нәрестенің орналасуын анықтайды (алдыңғы немесе артқы). Басы шыққаннан кейін босанушы әйелден жиі тыныс алуын немесе терең тыныс алуын өтінеді, бастың жай қозғалуын қамтамасыз етіп, босану жолдарының және нәрестенің басының зақымдануына жол бермеуін бақылайды.
4. Басы туылғаннан кейін, екі қолымен баланың басынан ұстап жоғары иығының үштен бір бөлігін шығарады. Одан кейін басын сол қолымен төмен тартып және алға қарай тартады, оң қолды жақын ұстап артқы қолын шығарады.
5. Нәрестені құрғақ жылы жаялыққа жатқызады, жай сүртеді және нәрестені қолында ұстап тұрып бағалайды. Егер нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық болса: Демалады, жылайды, тонуста, ЖСЖ минутына 100 жоғары болса, онда нәрестені сүртіп болғаннан кейін тез арада таза жаялыққа жатқызып, анасының құрсағына салады, ылғал жаялықты тастайды, нәрестені құрғақ таза жаялықпен және қосымша жапқышпен жабады Баланың басын жылы бас киіммен немесе жаялықпен жабады,аяғына шұлық кигізеді. «Терімен – теріге» жанасуды қамтамасыз етіп, анасы мен баласы бірге жылы жаялыққа оралады. Кіндікке стерильді қысқыш орнатылады: Бірінші нәрестенің кіндігінен 10-15 см, екінші одан 2см, кіндік қысқыштың ортасынан кесіледі.

 

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Акушерство. Под ред. Айламазяна Э.К., 2009, Б.150-165.

Қосымша:

1. Акушерство. Национальное руководство. Под ред. Э.К.Айламазяна, 2007, Б.267-298.

7.Бақылау:

- Фантомда екінші периодты босану кезеңін көрсету.

 

Сабақ №3

 

1. Тақырып: Аналық без киста аяқшасының бұралуы

2. Сабақ мақсаты: аналық без аяқшасы бұралуымен байланысты (жедел іш клиникасын студенттерге таныстыру, диагностика алгоритмі, жедел көмек көрсету.

 

3. Оқыту міндеттері:

· Аналық без аяқшасының бұралуының клиникасы және себептерімен таныстыру;

· Дифференциалды диагностика жасайтын аурулармен танысу;

· Аналық без аяқшасының бұралуы кезінде жедел көмек көрсету принциптері.

 

4. Өткізу формасы:

1. Науқастарды курациялау;

2. Ауру тарихын талқылау (науқастан бөлек).

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Гинекология бөлімшесінде науқастарды курациялау: анамнез жинау, болжам диагнозы, зерттеу жоспары және емдеу.

 

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Василевская Л. Н. Гинекология, 2007, Б. 516-520.

2. Гинекология. Под ред. Савельевой Г.М., 2011, Б. 353-358.

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по гинекологии. Под ред. Радзинского В.Е.,2005,

Б. 240-246.

2. Гинекология. Национальное руководство. Под ред. В.И Кулакова, 2007, Б. 969-974.

7. Бақылау:

- Науқастарды курациялау нәтижелерін талқылау.

 

Сабақ №4

1. Тақырып: Пельвиоперитонит.

 

2. Сабақ мақсаты: Пельвиоперитонитке әкелетін себептер, диагностика әдістері, жедел жәрдем көрсету принциптері.

 

3. Сабақ міндеттері:

§ Пельвиоперитонитке әкелетін негізгі себептермен таныстыру;

§ Пельвиоперитониттің заманауи диагностикалық тәсілдерімен таныстыру;

§ Пельвиоперитониттің диагностикалық алгоритімімен таныстыру;

§ Пельвиоперитониттің емінің принциптерімен таныстыру.

 

4. Өткізу формасы:

1. Науқастарды курациялау;

2. Ауру тарихын талқылау (науқастан бөлек).

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Гинекология бөлімшесінде науқастарды курациялау: анамнез жинау, болжам диагнозы, зерттеу жоспары және емдеу.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Василевская Л. Н. Гинекология, 2007, Б. 470-472.

2. Гинекология. Под ред. Савельевой Г.М., 2011, Б. 174-175.

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по гинекологии. Под ред. Радзинского В.Е.,2005,

Б.342-343.

2. Гинекология. Национальное руководство. Под ред. В.И Кулакова, 2007, Б. 1011.

7. Бақылау:

- Науқастарды курациялау нәтижелерін талқылау.

 

Сабақ №5

1. Тақырып: Жатырлық қан кету.

 

2. Сабақ мақсаты: Студенттердің жатырлық қан кетуден білімін жетілдіру, клиникаға дейінгі диагностика және біріншілік көмек көрсету.

 

3. Сабақ міндеттері:

▪ Өзіндік аборттың клиникасымен, жатырлық қан кету себебімен және госпитализациялауға көрсеткіштерімен таныстыру;

▪ Қауіпті түсіктің клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Басталған түсіктің клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Жүріп жатқан түсіктің клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Толық емес аборттың клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Толық аборттың клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Басталмаған түсіктің клиникаға дейінгі диагностикасымен таныстыру;

▪ Миоманың себептерімен студенттерді таныстыру, жатырлық қан кету себебімен, госпиталды этапқа дейінгі диагностика, жедел көмек көрсету.

4.Өткізу формасы:

1. Науқастарды курациялау;

2. Ауру тарихын талқылау (науқастан бөлек).

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Гинекология бөлімшесінде науқастарды курациялау: анамнез жинау, болжам диагнозы, зерттеу жоспары және емдеу.

 

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гинекология. Под ред. Савельевой Г.М., 2011, Б. 268-280.

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по гинекологии. Под ред. Радзинского В.Е.,2005,

Б. 287- 295.

2. Гинекология. Национальное руководство. Под ред. В.И Кулакова, 2007, Б. 783-791;987-990.

7. Бақылау:

- Науқастарды курациялау нәтижелерін талқылау.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Предварительная оценка технологичности детали | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных