Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ:Технологияның қай түрін таңдау керек(синхронды немесе асинхронды) ?




КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:

Үлкен территориялы елдің денсаулық сақтау жүйесіне,материалды қамту және емдеу-профилактикалық мекемелер үшін мамандарды дайындауға,орталық және алшақ орналасқан медициналық орталықтардың қатынасуының қиындығынан телемедицина(электронды медицина) жүйесін еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне енгізу өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан ТМ жүйесін құрудағы басты мақсат-заманауи ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелерді қолдану арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі білім алу және медициналық қызметке жалпыұлттық қол жетімділікті қалыптастыру.Телемедицинаның дамуы жоғары дамыған елдерде дистанциондық консультативті көмек берудің экономикалық тиімділігін көреміз.Телеконсультацияны қолдану әлеуметтік маңызы бар,күрделі дифференциалданатын аурулар үшін маңызды.Ауыр жағдайда жатқан науқастар үшін,жоспарлы консультацияда,науқастардың динамикасын бақылауда,телеконсилиумдардың ұйымдастырылуында қолданылады.Науқастарды госпиталь алды консультациялау(алдын ала қойылған диагнозды нақтылау үшін,емдеу әдісін,немесе қашан қайда қанша уақыт ем алатындығын шешу мақсатында маңызды болып келеді.

Телемедицина-миллиондаған адамдардың өмірін өзгертуге қабілетті,атап айтқанда алыс аудандарда тұратын,медициналық көмекті қажет көлемде ала алмайтын ауылдық тұрғындар,немесе үлкен мегаполистарда немесе басқа елде орналасқан жоғарғы дәрежедегі медициналық қызметті алуға ниеттенген азаматтарға.Телемедицина денсаулық пен ауру арасындағы,тіпті өлім мен өмір арасындағы мәселені шеше алады десек те қателеспейміз.Жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу-емдік мекемелерінің науқасқа облыстық,республикалық орталықтарға консультация алу үшін болінетін қаржыны айтарлықтай үнемдейді.Орташа есеппен телеконсультациялар науқастың жол жүру және тұру ақысынан 5-7 есе арзанға түседі.Мысалы Астанада тұратын науқасқа Мәскеуге бару үшін кем дегенде 300-400 мың рубль қажет, ал телемедициналық консультация және диагностика 10-15 мың теңгені талап етеді.Телемедицинаны енгізу емдеу-профилактикалық көмектің сапасына айтарлықтай өзгеріс енгізеді,шығынды минимзациялаумен денсаулық сақтау жүйесін басқару,төтенше жағдайларда оның функционирлеуінің тиімділігін көтеру,мамандарды дайындау.Қазіргі таңда телемедицинаның нарығы жылдам өсуде.Телемедицина кең көлемде АҚШ-та,Еуропа елдерінде,Бразилида дамып көршілес Ресейдің Региондарында қолданылады.Дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу мысалы экономикалық эффект миллиардталған доллармен есептелетіні белгілі болды.[1]

ТАКЫРЫПТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тақырыптың міндеті:

1) орта медициналық персоналдын электронды ресурстарға қол жетімділігін анықтау

2) Орта медициналық персоналдың компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау;

Телемедицина-медицинадагы информациялық және телекоммуникациялық технологиялардың Қазақстанда жас және қарқынды дамып келе жатқан тармағы.

Телемедициналық жүйелерді жасап шығару денсаулық сақтауды информатизациялаудың құрауушы тармағы болып табылады.Телемедицина технологиясын енгізу қажеттілігі науқасты диагностика, емдеу және реабилитациясының әр этабында дәрігер серіктестерінің тәжірибесіне сүйену мумкіндігіне негізделген.Коптеген елдерде дамыған телемедицина Қазақстанда да орын ала бастады.Республикада 2004-і жылғы «2004-2010 жылдардағы ауылдық мекенннің дамуы» атты 2003 жылдың 10 шілде ҚР Президентінің жарлығымен қабылданған мемлекеттік программа арқылы «Ауылдық жерлерде телемедицина және мобильды медицинаның дамуы» атты жоба іске қосылған.Жобаның мақсаты ауылдық жерлерге аудандық, республикалық,мемлекетаралық клиникалар арқылы кәсіби және жоғары-кәсіби консультативті- медициналық көмек ұйымдастыру болып табылады.

Жобаны іске қосу арқылы мынадай міндеттерді шешуге болады:

1)Ауылдық тұрғындардың кәсіби –медициналық көмекке қол жетімдігі;

2)Жаңа емдеу методикасын енгізу жылдамдығы;

3)Медициналық персоналдың кәсіби квалификациясының өсуі;

4)Ауылдық тұрғындардың орташа жас ұзақтығының ұзаруы.

Кишинев қаласында 2008 жылы 14 қарашада «ТМД елдерінің ортақ Ұлттық телемедициналық консультативті-диагностикалық жүйе құру жөнідегі меморандумда» айтылып кеткендей,үкімет арқылы мемлекетаралық құралған ортақ ұлттық телемедициналық консультативті –диагностикалық жүйелер «электронды денсаулық сақтаудың»мүмкіндігі көп перспективалық даму бағыты, ТМД елдерінің интеграцияланған телемедициналық жүйесінің құраушы бөлігі болып табылады.Бүгінгі кундегі Қазақстан Республикасының телемедицинаның ұлттық жүйесінің құрамына 125 орталық аудандық аурухана,20 мемлекеттік клиника,14 облыстық аурухана,14 денсаулық сақтауды басқару орталығы кіреді.Телемедицина даму орталығы және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындарына медициралық көмек көрсету спасын жақсартады және денсаулық сақтауды басқару процесстерін жеңілдетеді деп күтілуде.Телемедицинаның толыққанды жұмысы үшін ЖОО-ғы студенттердің телемедицина негізіне дайындалуы,телемедициналық орталықтарда жұмыс істейтін дәрігердердің дайындығы және қайталама дайындығы, техникалық персоналдың дайындығы керек.Бүгінгі күні Қазақстанда телемедициналық әдебиеттер өте аз,практикадағы дәрігерлерді және орта медициналық персоналды телемедициналық құрылғылармен жұмыс жасауды үйрететін оқу материалдары да аз [2].

Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі денсаулық сақтау ісіне телемедицинаны енгізу жобасының бастапқы кезіндегі нәтижелер ұсынылды.2006-2008 жылдар аралығында республикамыздың облыстарында телмедицина бойынша беру жұмыстары жүргізілді.Телекенестің 2/3 ден астамы тікелей байланыс (on-line)арқылы жүзеге асырылды.Телекенестер көбінесе кардиология,терапия және неврология салалары юойынша берілді.ТМК-ні өткізу барысында оны жүргізудің өажетті стандарттары мен әдістемелік принциптерінің негізі қаланды.Телемедицина ісінің жүйелі түрде дамуы үшін елімізді жетекші ғылыми медициналық орталықтарының базасында Республикалық телемедициналық орталықты ұйымдастыру қажет [3].

Кишинев қаласында өткен «ТМД елденің біріккен ұлттық телемедициналық консультативті-диагностикалық жүйе құру жөніндегі меморандумда» электронды медицина жайлы түсінік келтірілген:электронды медицина-дәрігердің науқасты зерттеу немесе емдеу үшін дистанциядағы басқа дәрігердің кеңесін заманауи информациялық-коммуникативті технологияларды қолдану үшін дистанциялық консультативті-диагностикалық медициналық көмектің ұйымдастырушылық,финанстік,технологиялық іс-шара жиынтығы.ДДҰ бойынша телемедицина-арақашықтық критикалық фактор болған кезде медициналық көмек көрсету түрі. Электронды медицина немесе телемедицина-(грек.»tele»дистанция,қашықтық,»meder»емдеу)-медициналық әдебиетке алғашқы рет 1974 жылы R.Mark енгізген болатын.Қызмет көрсету-барлық медициналық қызметкерлермен информациялық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып науқасты диагностикалау,емдеу,профилактика үшін ақпарат жинаумен іске асырылады[2,30 бет].

Телемедицинаның ең қажет және негізгі тармағы болып компьютерлік техника және электронды байланыс каналдары арқылы науқасты дистанциялық консультациялау болып табылады.Осы арқылы компьютерге науқас жайлы ақпарат (визуалды және текстті)енгізіледі кейін информациялық жүйе арқылы консультативті орталыққа жіберіледі,отралықтың қайда орналасқаны аса маңызды емес,орталық басқа қалада,облыста,мемлекетте орналасуы мүмкін.Ақпарат алмасу асинхронды турде (кейінгі уақытқа шегерілген)ақпарат электронды пошта арқылы беріліп,кейін консультантпен бағаланып жауап қайтару жолмен қатар осы нақты уақытта клиникалық жағдай екі немесе одан да коп медициналық орталықтың мамандары катыса видеоконференция арқылы жүзеге асады.Сондықтан кейбір анықтамаларда телемедицина интернет жүйесі және басқа да телекоммуникациямен компьютерллік технологиялар арқылы дәрігер мен науқастың тікелей контактсіз медициналық көмек беру жүйесі, әлемнің қай түкпірінде болмасын компьютерлік технология мен медициналық тәжірибенің қосындысы нәтижесінде туындайтын консультация мен диагноздау жүйесі деп түсіндіріледі.Түсініктемелер қатарында телемедицина-барлық медициналық мамандықарда байланыс жүйесі ретінде қолданылатын,телефондық жүйеден бастап, спутниктермен немесе жерүсті спутниктік коммуникация,фиброоптикамен бірге қолданылатын жоғарғы жылдамдықтағы телекоммуникациялық технология.Телемедициналық технологиялардың даму барысында олардың потенциалы тек қана медициналық көмектің консультациясы үшін ғана емес,ақпараттың аналитикалық,басқарушылық,статистикалық түрлерімен алмасу үшін,медициналық оқыту үшін колдануына болатыны анықталды.Телемедициналық технологиялар денсаулық сақтаудағы басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялана алады:емдеу-диагностикалық процессті ақпаратпен қамтып,басқаруға болатын дәрігерлердің автоматизацияланған жұмыс орындары,локальды жүйе.Кең ауқымды анықтамасында телемедицина-медициналық ақпараттық жүйеге орнатылатын принципиалды жана ақпаратты өндеу әдістер жинағы.Сонымен қатар телемедицинаның колданушысы науқастар,дәрігерлер,орта медициналық персонал,медициналық мекемелер мен ЖОО,денсаулық сақтауды басқару ұйымдарының органдары,сақтандыру ұйымдары бола алады.1997 жылы ДДҰ медициналық телематика терминін енгізді,медициналық телематика –медициналық көмекті алыс арақашықтықта көрсету үшін кызмет көрсету жүйелер комплексі,олар денсаулық сақтауды, эпидемиологиялық бақылауды нығайтып, сонымен қатар медицина саласында ғылыми жұмыстарды жүргізу,оқыту және бақылау.Телемедициналық қызмет көрсету ретіде белгілі уақытке шегерілген медициналық консультациялар,медициналық видеоконференциялар,телеконсилиумдер,телесеминарлар,медициналық мекемелерде жұмыс атқаратын немесе оқитын студенттерге ұйымдастырылған лекциялар,оқу циклдары,науқастың орғанизмінің физиологиялық параметрлерін дистанциялық бақылау,емдік манипуляцияларды атқаратын жабдықтарды дистанционды басқару және т.б. бола алады.Телемедициналық технологиялармен берілетін ақпараттың мінездемесі әр-алуан бола алады:клиникалық(медициналық телеконсультация,телемониторинг),оқытушылық(телеоқытушылық),басқарушылық(телеменеджмент),аналитикалық [2,]

 

ТЕЛЕМЕДИЦИНА МАҚСАТЫ:

Медициналық көмекке мұқтаж адамға орналасу арақашықтығына,әлеуметтік статусына қарамай сапалы медициналық көмек көрсету.

ТЕЛЕМЕДИЦИНА ПӘНІ:

Телекоммуникация және компьютерлік технологиялар арқылы бір-бірінен алшақта орналасқан пунктер (медициналық мекемелер,дәрігер мен науқас,денсаулық сақтау өкілдері және т.б.) арасында медициналық ақпараттың барлық түрінің берілуі.телемедициналық көмек екі белгі арқылы мінезделеді:

1)Берілгелі жатқан ақпараттың түрі (ауру тарихы көрінісі,рентгендік зерттеулер,лабораториялық анализдер,микроскопиялық зертттеулер,эндоскопилық және УД-көріністің видеокөрінісі)

2)Ақпараттың берілу жолы (телефондық желілер,спутниктік және мобильды байланыс және т.б.)

Телемедициналық технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсету процессіне емдейтін дәрігер,координатор,қашықтықтағы дәрігер,науқас,техникалық және косалқы персонал қатысады.

Клиент -телемедициналық процедураға клиникалық жағдай болып есептелінетін юрісттік немесе физикалық тұлға.

Консультант -клиникалық жағдайды қарастыратын маман немесе манмандар тобы.

Координатор -телемедициналық процедураларды жүргізетін,жоғарғы медициналық білімі бар,компьютерлік технологияларды қолданушы дәрежесінде білетін маман.

Техник -телемедициналық жүйеге қызмет атқаратын, техникалық білімі бар маман.

Телемедициналық процедура -нақты мақсаты бар,компьютерлік және телемедициналық техникамен, абоненттің,консультанттың,координатордың,науқас пен қосалқы персоналдың біріккен,стандартты жүйелі түрде өтетін жұмыс барысы.

Бүгінгі күнде телмедициналық процедуралардың келесі түрлері бар:

-Арақашықтықтағы консультация беру және инструктаж;

-Дистанциялық оқыту;

-Мониторинг(биорадиотелеметрия);

-дистанциялық манипуляция жасау.

Телемедицина мүмкіндіктері мынандай салаларда қолданылады:

-Клиникалық медицинада(қалалық және ауылдық жерлердің байланысы);

-Науқасты телеконсультациясы мен телемониторингінде;

-Әскери медицинада(ұрыс алаңындағы жарақатты емдеу,телеконсультация,абақтылық телемедициналық жүйе);

-Алуан түрлі денсаулық сақтау жүйелері(басқару және координация);

-Ғылыми мекемелер(дистанциялық оқыту,телеконсультация)

Телемедицинаның қызық мүмкіндігі ретінде бір маманның бірнеше емдік мекемелерге озінікінен жоғары квалифицирленген кеңеске,қиын қол жетімді емес диагностикалық процедураларға жүгіне отырып қызмет ете алуы.

Телемедициналық жүйелердің классификациясы:

I) Қолданбалы белгісі ретінде:

1)Қашықтықтағы консультациялау,диагностика және оқыту құралдары:

А)қашықтықтағы консультация жүйелері;

Ә)диагностикалық және емдік аппаратурамен қашықтықтағы басқару жүйелері;

Б)Инструктаж жүйелері;

В)дистанциялық оқыту жүйелері

2)Өмірлік функциялардың қашықтықтағы мониторингінің құралдары(биорадиотлеметриялық жүйелер):

А)аурухана ішілік мониторинг жүйелері;

Ә)ауруханадан тыс мониторинг жүйелері;

Б)Үй жағдайындағы телемедицина;

В)биорадиотелеметрия жүйелері;

Г)тактикалық-телеметриялық жүйелер

II. Географиялық белгісімен:

1)аурухана ішілік;

2)Қалалық;

3)облыстық(регионық);

4)ұлттық;

5)мемлекетаралық

Телемедициналық жүйенің құрамы

Телемедициналық жүйе- телемедициналық процедураларды қолдана отырып клиникалық немесе ғылымы міндеттемені шешуге арналған,байланыс желілерімен біріктірілген базалық станциялар жиынтығы.Телемедицинаның қарапайым мысалы ретінде телефондық желі арқылы мейірбикенің науқасты консультациялап,бақылауы.Күрделі телемедициналық жүйе аудиоканалдармен интерактивті видеоны қолданады.Ол стандартты жоғарғы жылдамдықтағы телефондық желілер,сандық ақпараттық технологялар,компьютерлер,перифериялық құрал-жабдықтар,талшықты оптика,байланыс спутниктері,бағдарламалық қамтудан тұрады.Телеконсультация жүргізу үшін әр-түрлі технологиялар қолданылады,ең кең тараған түрі-видеоконференциялар(телекопірлер) және on-line режимінде немесе e-mail (электронды пошта) internet жүйесі арқылы медициналық ақпаратпен алмасу.

Базалық жұмыстық станция(БЖС)- телеконференцияны жүргізуге,жалпы қабылданған клиникалық медициналық ақпаратты енгізуге,өзгертуге,өндеуге,классификациялауға,архивтеуге арналған коппрофильды,коп міндеттемелі, маманның аппаратура және бағдарламалық қамту комплексі.Барлық телемедициналық жүйелер екі топқа бөлінеді:қашықтықта консультация беру,диагностика және оқыту құралдары және өмірлік функциялардың қашықтықтағы мониторингі(биорадиотелеметриялық жүйелер).Бірінші топтағы жүйелер қарапайым әдіспен жүзеге асады:модемді байланыспен қосылған екі дербес компьютер,консультацияны электронды пошта арқылы,чат-режимде,аудиоканал,видеотелефон,ICQ-жүйесі арқылы жүргізу мүмкіндігі.

Телемедицина тарихы

Телемедицинаға анықтаманы тек заманауи медициналық ғылымға анықтама бергеннен кейін анықтама бере аламыз.Медициналық информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар медицинаға шексіз мүмкіндік сыйлады,сонымен қатар «медициналық телематика» терминіне өмір сыйлады.Ресми анықтамасы ДДҰ(дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы,1997)бойынша-«медициналық телематика»-дүниежүзілік денсаулық сақтауға,эпидемиялық бақылау орнатуға бағытталған ақпараттықкоммуникациялық технологиялар арқылы медициналық көмек көрсету қызметі,жүйесі дегенді білдіретін құрамдас термин.1959 жылы АҚШ-та бірінші мәрте телевизионды байланыс арқылы психиатрдың консультациясы жүргізілді.Сол жылы АҚШ-та (Монреаль)коксианды кабель арқылы бірінші мәрте өкпе флюрограммасы берілген болатын.1970-1980 жылдары НАСА Аризон,Бостон,Канадағы телевидение арқылы клиникалық нақтыларды берген.Қазіргі таңда АҚШ-тың кем дегенде 40 штатында клиникалық телемедициналық бағдарламалар,70 электронды жүйе жасалып шығарылған,телевизионды медицина мәселелімен 3 ұйым айналысады.КСРО-да медициналық ақпараттың дистанционды берілуі 60-шы жылдарда жүзеге аса бастаған.Әмбебап телемедициналық жүйелерді жасап шығару және эксплуатация мәселесі биотелеметриялық жүйелерді жасап шығару мен қолдануда үлкен тәжірибе бар ғарыштық медицинамен тікелей байланысты болған.Телемедицина көбінесе ғарыштық медицина үшін жасалған әдістерге негізделеді.1961 жылы адамның айға бірінші мәрте ұшуы барысында пульс көрсеткіштері тіркелген.Кейін ғарыштық медицина функционалды диагностиға жаңа әдіс кардиоинтервалографияны-жүрек ритмінің вариабельділігінің зерттеуін сыйға тартты.Заманауи орбиталық станциялар бортта медициналық зерттеулер үшін,керек консультация беру үшін,ғарышкерлердің организмінің өмір сүру параметрлерінің кең спектрін бақылау үшін мықты телемедициналық кешендермен қамтылған.Ресейде бірінші телемедициналық әдісті қолдануы 1989жылы Уфадағы газ құбырының жарылуы кезіндегі және 1988 жылғы Армениядағы жер сілкінісінде 300ден аса клиникалық консультация беруге телемедициналық «көпірлер» мүмкіндік тудырған.Телемедициналық технологиялар клиникалық медицинаның әр түрлі саласында кең қолданыс тапқан.Дәрігердің практикасында қолданылатын өзіне тән технологиялық ерекшеліктері бар телемедицина бағыттары:

Телемедициналық консультация- телемедициналық қызметтің ең әйгілі және кең тараған түрі,телемедициналық консультацияның объектісі болып нақты науқастың клиникалық жағдайы,немесе клиникалық зерттеудің белгілі ақпараттары бола алады.Көбінесе радиологиялық зерттеудің ақпараттары практикада кең қолданысқа ие.Бірақ бұл бағыттың кемшіліғі бар,яғни ол нақас жайында толық ақпараттың болмауынан туындайтын ауруды немесе науқасты емдеу үшін қабылданатын шешімдер қиындығы.Консультациялық қолдаудың ерекшеліктеріне байланысты соңғы уақытта келесі терминдер белсенді қолданылады:телеонкология,телеофтальмология және т.б.

Динамикалық бақылаудың телемедициналық жүйелері- созылмалы дертке шалдыққан науқастарды бақылау үшін үй жағдайындағы стационар ретінде қолданылатын жүйе.Соңғы уақытта бұл бағыт «Үй жағдайындағы медицина» атауымен дербестене бастады.Бұл технологиялар өндірістік объекттерде операторлардың денсаулық жағдайын бағалау үшін қолданылады(атомды элекотростанцияларда).

Тотенше және катастрофалық жағдай,және ургентті жағдайлар телемедицинасы(ургентті телемедицина)- берілген телемедицина саласы төтенше экстремалды жағдайда омір қауіпсіздігін қамтамасыз ету,және телемедициналық технологияларды техногенді,табиғи катастрофаларда тұрғындарды ликвидациялау,соғыс жағдайында,террористтік актілерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге бағытталады.

Телехирургия және дистанционды зерттеу- науқастың организміне арақашықтықта орналасқан маманнның әсер етуі.Қазіргі таңда екі негізгі бағыт бойынша дамып келеді:интерактивті режимде диагностикалық манипуляция кезінде медициналық аппаратураны дистанционды басқару,дистанционды басқарылатын робототехниканы қолдану негізінде хирургиялық операция жүргізу.

Телеоқытылу- біріншіден, медициналық кадрларды даярлау жүйесінің оқыту жүйесіне талемедициналық әдістерді енгізу.Бағыттың ерекшелігі болып бақылау және сертификациялауға телемедициналық жүйелерді енгізу және медициналық манипуляцияларды жүргізу барысында жүргізушіге бағыттаушылық оқыту әдісін енгізу.Екіншіден,соңғы жылдары науқастарды «телехабардарлық» ету қарқынды жүріп жатыр.Науқас қолжетімді түрде өзінің дерті жайлы ақпараттануы керек,оның диагностикалауын және емін(әсірісе хирургиялық) білуі тиіс.

Әскери телемедицина- әскериоперацияларды жүргізу барысында телемедициналық технологияларды қолдану.Заманауисолдатты дайындау және баптау мемлекеттен көп қаржы талап етеді,берілген бағытты жетілдіру экономикалық жағынан мемлекетте ұтымды.

Мамандардың ойлауынша телемедицина арақашықтықта диагностикалау болып табылады,бірақ оның потенциалды мүмкіндіктері өте көп,жүйелік технологиялар науқастың бір клиникадан екінші клиникаға ауысқанда документалды түрде ауру тарихын беруге,сақатандыру және төлеу сұрақтарын оперативті түрде шешуге,медициналық персоналдың квалификациясын жоғарлатуға,медициналық технологиялардың және әдістердің кең көлемде енгізуге,дистанциялық медициналық консультацияларға,консилиумдерге,телеконференцияларға,телеманипуляцияларға(аппаратураны дистанционды түрде басқару және арақашықтықтағы хирургиялық операциялар) мүмкіндік тудырады.

Телемедицинаның дүние жүзінде дамуы- алғаш телемедицинаны практикаға енгізген дәстурлі медициналық үшін қол жетімсіз жерлері коп Норвегия болып саналады.Екінші жоба Францияда азаматтық және әскери флоттарының теңізшілеріне бола іске қосылған.Қазіргі таңда телемедициналық жоба дамымаған батыс Еуропа елі жоқ.Телемедицина

қазіргі таңда АҚШ-та қарқынды дамып жатыр.Осы уақытта дүние жүзінің көп елдерінде,мемлекетаралық ұйымдарда көптеген телемедициналық жобалар дайындалып жатыр.ДДҰ медицинадағы дүниежүзілік телекоммуникациялар жүйесін жасап шығаруды көздеп отыр.Тереңдей келсек, ғылыми құжаттармен және ақпаратпен электронды алмасу,телекоммуникациялық жүйені пайдалана отырып ақпаратты жоғарғы жылдамдықта қарастыру,видеоконференцияларды жүргізу,сырттай дискуссия мен жиналыстарды ұйымдастыру,электронды дауыс беруді қамтиды. Әр түрлі мақсаттарға қолданатын медициналық телекоммуникациялардың мемлекетаралық жүйелері даму үстінде:”Satellife”жүйесі-дамып келе жатқан мемлекеттерде медициналық білімдерді тарату және кадрларды даярлау бағдарламасы,”Planet Heres”-ДДҰ-мен ұсынылған дүние жүзілік ғылыми телекоммуникациялар жүйесі,мемлекетаралық ғылыми экспертиза және ғылыми бағдарламалардың координациясы.Еуропалық қауымдастық бірнеше жыл бұрын 70-тен астам ьмемлекет аралық жобаларды финанстаумен келеді,олар телемедицинаның әр түрлі аспектеріне бағытталған:жедел медициналық көмектен бастап(HECTOR жобасы),үй жағдайында емдеу үрдісін жүргізуге дейін(HOMER-D жобасы).Жобалардың басты мақсаты болып медициналық ақпарыттың тіркеуі мен формализациялауды,олардың берілу мен қабылдауын дайындайтын медициналық информатика әдістерінің дамуы болып табылады.Ақпаратты қысқарту алгоритмі өнделуде,ақпаратпен алмасудың стандартты формалары бастапқы ақпарат деңгейінде(көріністер,электрикалық белгілер,мысалы, электрокардиограмма және т.б) және ауру тарихы деңгейінде болады.Әр түрлі дәрігерлік және диагностикалық мамандықтарда автоматизацияланған жұмыс орны жасалу үстінде(Ульртадыбыстық диагностика,компьютерлік томография,рентгенология,биохимия).Жобалардың барлығы жақсы координацияланған,барлық анық жобаларды интеграциялайтын жобалар бар,(мысалы,ITHACA),және жеке жобаларды,ең жақсы шешімдерді бағалайтын жобалар(STAR).Барлық жобалар дубликацияланған,яғни,ЕЭО(Еуропалық Экономикалық Одақ)ең жақсы шешімдерді табу үшін шығындарды жоғарылату үстінде.Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 250-ден астам телемедициналық жобалар белгілі,олар өзара клиникалық (көпшілігі),оқытушылық,ақпараттық және аналитикалық болып

Қазақстандағы телемедицинаның дамуы

Үлкен территориялы елдің денсаулық сақтау жүйесіне,материалды қамту және емдеу-профилактикалық мекемелер үшін мамндарды дайындауға,орталық және алшақ орналасқан медициналық орталықтардың қатынасуының қиындығынан телемедицина жүйесін еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне енгізу өзекті мәселе болып табылады.Сондықтан ТМ жүйесін құрудағы басты мақсат-заманауи ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелерді қолдану арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі білім алу және медициналық қызметке жалпыұлттық қол жетімділікті қалыптастыру.Телемедицинаның дамуы жоғары дамыған елдерде дистанциондық консультативті көмек берудің экономикалық тиімділігін көреміз.Телеконсультацияны қолдану әлеуметтік маңызы бар,күрделі дифференциалданатын аурулар үшін маңызды.Ауыр жағдайда жатқан науқастар үшін,жоспарлы консультацияда,науқастардың динамикасын бақылауда,телеконсилиумдардың ұйымдастырылуында қолданылады.Науқастарды госпиталь алды консультациялау(алдын ала қойылған диагнозды нақтылау үшін,емдеу әдісін,немесе қашан қайда қанша уақыт ем алатындығын шешу мақсатында)маңызды болып келеді.[Казақстан медициналық журнал #5 (05) қараша]

 

 

Сырттай телемедициналық консультациялардың тиімділігінің жоғары болатынын ескере кеткен жөн:

-Телемедициналық әдісті оқу үрдісіне қолдану да тиімді.Дистанционды білім беру озінің қолайлылығымен ерекшеленеді(студенттер мен аспиранттар өзіне қолайлы уақытта,жерде оқи алады),ал оның сапасы ЖОО-ғы іштей оку формасынан қалыспайды.Сонымен қатар телекоммуникациялық құралдар арқылы дәріс оқудың ерекшелігі-бірнеше аудандарда орналасқан орталықтарға дәріс оқытыла алады,соның арқасында бюджеттің қомақты сомасы үнемделеді.Дистанционды оқытылудың сырттай оқытылудан ерекшелігі-жаңа технологияларды қолдану арқылы ақпарат алудың жүйесінің қолайлығы.Ол курсқа қатысушылардың географиясын кеңейтіп қана қоймай,берілетін курстың тақырыптық диапазонын кеңейтеді.Дистанционды оқытылу оқудың уақытын қысқырта алады,студентпен оқытушының коммуникациясының жылдамдығы арқасында,электронды кітапханада өз бетімен дайындала алу мүмкіндігімен;

-Үнемділігімен(оқу алаңы мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану мамандарды дайындауға кеткен шығынды азайтады);

-Технологиялығымен(оқу үрдісінде ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану)ерекшелінеді.

Телемедицина-миллиондаған адамдардың өмірін өзгертуге қабілетті,атап айтқанда алыс аудандарда тұратын,медициналық көмекті қажет көлемде ала алмайтын ауылдық тұрғындар,немесе үлкен мегаполистарда немесе басқа елде орналасқан жоғарғы дәрежедегі медициналық қызметті алуға ниеттенген азаматтарға.Телемедицина денсаулық пен ауру арасындағы,тіпті өлім мен өмір арасындағы мәселені шеше алады десек те қателеспейміз.Жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу-емдік мекемелерінің науқасқа облыстық,республикалық орталықтарға консультация алу үшін болінетін қаржыны айтарлықтай үнемдейді.Орташа есеппен телеконсультациялар науқастың жол жүру және тұру ақысынан 5-7 есе арзанға түседі.Мысалы Астанада тұратын науқасқа Мәскеуге бару үшін кем дегенде 300-400 мың рубль қажет, ал телемедициналық консультация және диагностика 10-15 мың теңгені талап етеді.Телемедицинаны енгізу емдеу-профилактикалық көмектің сапасына айтарлықтай өзгеріс енгізеді,шығынды минимзациялаумен денсаулық сақтау жүйесін басқару,төтенше жағдайларда оның функционирлеуінің тиімділігін көтеру,мамандарды дайындау.Қазіргі таңда телемедицинаның нарығы жылдам өсуде.Телемедицина кең көлемде АҚШ-та,Еуропа елдерінде,Бразилида дамып көршілес Ресейдің Региондарында қолданылады.Дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу мысалы экономикалық эффект миллиардталған доллармен есептелетіні белгілі болды.

 

« Ауылды мекендердетелемедицинаныңжәнеденсаулықсақтаудыңдамуы » атты жобасы Республикамызда 2004 жылдан іске қосылған.Жобаның іске асырылуы 2 стадияға бөлінген.Жобаның 1-ші стадиясы 2004-2008 жылдарды құрайды.Жобаның 2-ші стадиясы 2009-2011 жылдарды құрайды.Жобаның іске қосылудың инвестициялық 1-ші стадиясында 2004-тен 2008-ге дейінгі жылдарда облыстық деңгейде келесі облыстарда телемедициналық жүйе қалыптасты:

-Алматы облысы(2004-2005ж.ж);

-Атырау облысы(2005ж.);

-Қарағанды облысы(2005ж.);

-Ақмола облысы(2006ж.);

-Қызылорда облысы(2006ж.);

-Шығыс-Қазақстан облысы(2007ж.);

-батыс-Қазақстан облысы(2007ж.);

-Оңтүстік-Қазақстан облысы(2007ж.);

-Жамбыл облысы(2008ж.);

-Ақтобе облысы(2008ж.);

-Маңғыстау облысы(2008ж.).

-2009жылы жобаға Солтүстік-қазақстан,Қостанай,Павлодар облыстарының 3 облыстық және 33 орталық аудандық ауруханалары енді.ҚР-ң Десаулық сақтау министрлігімен,республикалық телемедициналық орталықпен республикалық деңгейдегі 2 клиникамен,Ақтөбе,Маңғыстау,Алматы,Жамбыл,Қызылорда,Солтүстік-қазақстан,Павлодар,Қостанай,Оңтүстік-Қазақстан,Шығыс-Қазақстан,Батыс-Қазақстан облыстарының телемедициналық орталықтарымен видеоконференцбайланыс орнатылған.Қазақстанның үлкен жер аумағы және алыс арақашықтықта орналасқан мыңдаған тұрғынды жерлер мен тұрғындар санының аздығы сапалы және оперативті медициналық көмек көрсетуге бөгет болады.Сапалы медициналық көмек көп компонеттен тұрады,олардың негізгі үшеуі:ең алдымен квалификацияланған дәрігер,дұрыс қойылған диагноз,науқасты емдеуге қажет медикаменттердің және медициналық жабдықтаудың болуы.Телемедицинаның мобильды медицинамен комбинация түрінде енгізу тұрғындар тығыздығының төмендігіне,дамымаған инфраструктурада,ландшафтың әр түрлілігінде,климаттық жағдайдың күрделілігінде,яғни,Қазақстанда өте қолайлы.Республикада телемедицинаны алғаш рет 2002 жылы ҚР-ның президентінің жұмысын басқаруының медициналық орталығында жүзеге асқан.2002-2005 жылдары УДП ҚР медициналық орталық жүйесінде телемедицинаны дамыту концепциясы қабылданған.Республикамыздың денсаулық сақтау тарихында алғаш рет 2004-і жылы 4-5 қарашада өткен МЦ УД ПРК-да 4-ші мемлекет аралық ғылыми-практикалық конференцияда Астана және Ессентуки(Ресей) арасында видеоконференциялық байланыс орнатылған.Сол конференцияда Н.Н. Блохин атындағы РАМН-ның онкология ғылыми орталығының профессорларымен,Б.И.Долгушинмен,И.Е.Тюринмен науқастардың телемедициналық консультациясы өткізілген.2005-жылдың 21-ші ақпанында төрт кардиологиялық науқас бакулев А.Н атындағы НЦССХ директоры академик Бокерия Л.А-дан телеконсультация алды.On-line ежимінде коронокардиографиялық,эхокардиогафиялық зерттеулердің нәтижелері және ЭКГ,УДЗ рентгендік суреттер қорытындылары берілген болатын.Медициналық орталықпен ұйымдастырылатын жыл сайынғы мемлекет аралык ғылыми-практикалық конференцияда(2005-ж.Қырғыз республикасындағы «Медициналық және санаторлы-курорттық көмекті басқару» және «Оқ-Жетпес» санатория негізінде «Қалыпқа келу медицинасы,реабилитация және физиотерапия мәселелері»)телемедициналық технологиялардың мүмкіндіктері қолданылады,видеоконференцбайланыс нақ қазіргі уақыт режимінде болады.Қазақстанда 2004ж. бастап ауылды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша телемедицина жобасы іске қосылған.Жобаны Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе «Мединтерлинк» Қазақстандық компаниясы жүзеге асырады.Жобаның жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Болат Алибеков.Осы жоба арқасында ауылдық жерлердегі дәрігер мамандардың АҚШ-тағы,Нью-Джерси госпитальдеріндегі,Сент-Джордж баладар ауруларының орталықтарындағы әріптестерімен байланыс сеанстары жүргізілген.Бірнеше сағаттар бойы Америкалықдәрігерлер Қазақстандық әріптестерімен ауыр дертке шалдыққан науқас балалар және олардың диагноздары жөнінде әнгімелескен.Павлодар облыстық диагностикалық орталығы аудандық ауруханаларға үздіксіз негізде дистанционды консультация корсетеді.

Қазақстандағы телемедицинаның ұлттық жүйесі- Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі дилеммаға ұшыраған:біріншіден ол денсаулық сақтауды финастаудың жаңа түрін талап етсе,екіншіден-квалификацияланған медициналық көмектің ортақ қол жетімділігін сақтап қалу керек.Телемедициналық жүйені енгізу денсаулық сақтау технологиясының жаңа формаларын денсаулық сақтаудағы дамыған элементтерін сақтай отырып енгізуге мүмкіншілік тудырады.Денсаулық сақтаудың прогрессивті моделін іздестіру квалификацияланған медициналық көмектің ортақ қол жетімділіктің талаптарына сай болуы керек.Заманауи жағдайда бұл алғашқы медициналық көмектің модернизациясы арқылы қол жетуге болады,ол Қазақстанның тарихи,әлеуметтік,географиялық,демографиялық жағдайына қарамастан сақталып,денсаулық саутаудың жаңа моделдеулеріне сай болуы керек.Информатизация және телекоммуникациядағы заманауи технологияларды дамыту Республикадағы алғашқы медициналық көмек жүйесін дамытумен қатар,заманауи технологияларды алшақ орналасқан аудандардағы азаматтарға қол жетімділігін дамыту.Медицинаның және денсаулық сақтаудың ең жылдам дамып келе жатқан саласы-нақты науқас жайлы клиникалық ақпаратты компьютерді және байланыс құралдырын пайдалана отырып шалғайдағы пунктке беру мүмкіндігін тудырған телемедицина болып табылады.Бұл әдіс көптеген денсаулық сақтау мен клиникалық медицинаның көптеген аспектілерін дамытуға септігін тудырады.Потенциалды түрде ол интеграцияланған ауылдық денсаулық сақтаудың медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ететін өзегі болуы мүмкін.Мысалы,Маңғыстау облысында тұратын жүрек-қантамыр жүйесінің немесе тыныс алу жүйесінің ақауы бар күрделі клиникалық жағдайдағы науқасқа 1000 және одан да көп арақашықтықтағы дәрігер көмек көрсете алады. Заманауи медициналық технологиялар тек тестті өндіріп қана қоймай,оларды электронды түрде үлкен ара қашықтықтағы медициналық орталықтарға байланыс құралдарымен беру мүмкіндігімен жасап шығару қабілетіне ие.Ол электорокардиография сияқты стандартты диагностикалық тесттермен қатар компьютерлі томография,Ультрадыбысты зерттеу,сандық рентгеноскопия сияқты күрделі технологияларды да қамтиды.тағы бір артықшылығы уақытқа қарамай осындай типті ақпараттарды электронды түрде сақталуы болып табылады(келешекте диагностикалауға қажет).

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу келесі мүмкіндіктерді тудырады:

-ҚР-ң алшақта орналасқан аудандарына кәсіби және квалификацияланған медициналық көмек ұйымдастыру;

-Күрделі ауруларға медициналық көмекті көрсетудің әр этабында медициналық консультациялардың эфектілігін көтеру;

-ҚР-ның денсаулық сақтау мекемелеріндегі науқастар жайлы ақпаратты дербестік талаптарына сай сақтау;

-Төтенше жағдайлардағы медициналық көмекті көрсетудің сапасын жоғарылату;

-Науқастардың арақашықтық мониторингі;

-Профессионалдық қасиеттердің кең көлемде таралуы;

-Аурышылықты бақылау,қоғамдық денсаулық сақтаудың жақсаруы;

-Дәрігерлерге де,науқастарға да жол төлемін қысқарту;

 

Қазақстандағы ұлттық телемедицина жүйесі өзара интеграцияланған иерархиялық структураны құрайды:

· Бірінші дәреже-аудандық.Ол 14 облыстағы орталық аудандық ауруханалардағы 125 телемедиицналық орталықтан тұрады.

· Екінші дәреже-облыстық.Ол 14 облыстағы облыстық ауруханалардан тұрады.

· Үшінші дәреже-республикалық.Ол республикалық маңызы бар 20 клиниканы біріктіреді.Телемедицинаның даму орталығы,ҚР-ң десаулық сақтау министрлігі,14 облыстың денсаулық сақтауды басқару.

Аудандық телемедициналық орталықтар келесі келесі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген:

1. DiViSy DOR Personal программалық жабдықтаумен жабдықталынған аудио және видео ақпаратты өндеу кешені;

2. Желілік құрал-жабдық;Switch(коммутатор) 8порттық D-link;

3. Желілік фильтрлер;

4. АРС;

5. Лазерлік принтер;

6. Сканер;

7. Sony EVI-D100P видеокамерасы және аудиогарнитура;

8. Genius микрофоны;

9. Genius колонкалары.

10. Интеграцияланған видеокамерамен және Polycom VSX 6000 сандық устелдік микрофонмен видеоконференцбайланыс терминалы;

11. Диангоналі 106 см.-LG-Electronics теледидары;

12. Лизензияланған программалық жабдықтау;

13. Тумбамен интеграцияланған устел;

14. Медициналық құрал-жабдық;

15. ADC рентгендік суреттерді талдау,архивтеуге арналған кешен;

16. Logiq Book портативті сандық телемедициналық ультрасонограф;

17. 12-каналды ЭК 12Т 01-«Р-Д»телемедициналық электрокардиографы.

Облыстық телемедициналық орталықтар келесі құрал-жабдықтармен қамтылған:

1. DiViSy DOR Personal программалық жабдықтаумен жабдықталынған аудио және видео ақпаратты өндеу кешені;

2. IBMx3500 серверлік құрал-жабдық;

3. Желілік құрал-жабдық;Switch(коммутатор) 8порттық D-link;

4. Желілік фильтрлер;

5. АРС;

6. Лазерлі принтер;

7. Сканер;

8. Sony EVI-D100P видеокамерасы және аудиогарнитура;

9. Genius микрофоны;

10. Genius колонкалары;

11. Конференцияларды интергрилденген басқару құралдары және Polycom MGC-50 көпнүктелі байланыс сервері;

12. Polуcom VSX7400e видеоконференцбайданыс терминалы;

13. Алдын ала орнатылған лицензияланған программалық жабдықтау;

14. Диангоналі 106 см.-LG-Electronics теледидары;

15. ADC рентгендік суреттерді талдау,архивтеуге арналған кешен;

16. Тумбамен интеграцияланған устел;

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ақпараттық жүйесін құруда «Телемедицина» ақпараттық жүйе құрылды.

«Телемедицина» ақпараттық жүйесі:

Кез келген ақпараттық жүйенің құрамы келесі талаптарға сай болу керек:

1. Байламдардың кең территориалды орналасуы;

2. Берілетін ақпараттың кең көлемі;

3. Берілетін ақпаратттың жылдамдығы және қауіпсіздігі;

4. Орталығы облыстық орталықта байламдары аудан орталықтарында орналасқан «Жұлдыз» атты жүйенің топологиясы;

5. Нақты уақытта облыс орталығына кең көлемде аудио және видео ақпараттың жиналу және берілу қажеттілігі;

«Телемедицина» ақпараттық жүйесі кедесі мәселелерге квалифицирленген медициналық көмек алуга бағытталған:

-Диагноз қою;

-Болашақ емдік тактикаға;

-Медициналық іс-шараның өткізу мақсаттылығы(зерттеу алды,манипуляциялар және т.б.);

-Денсаулық жағдайын бақылау;

-Дәрігермен консультация керек/керек,еместігін талдау.

Жүйеде үш иерархия дәрежесі бар:

1.Жүйенің республикалық дәрежесі:

-Телемедицина даму орталығы;

-Республикалық маңызы бар клиникалардың телемедицина орталықтары

2.Жүйенің облыстық дәрежесі:

-Телемедицинаның облыстық орталықтары.

3.Жүйенің аудандық дәрежесі:

-Телемедицинаның аудандық орталықтары.

Телемедицинаның даму орталықтарының функцияларына мыналар кіреді:

-Ұлттық телемедициналық жүйенің координациясы мен мониторингі;

-телемедициналық қызмет көрсетулердің статистикалық есеп беруі мен саналуы.

Республикалық маңызы бар клиникаларда келесі мәселелер шешіледі:

-Шағымдамаларды қабылдау;

-Шағымдамалар бойынша қабылданған шешімдерді тіркеу(алдын ала дайындалған телеконсультация,консультациядан бас тарту,қосымша ақпарат сұрау.)

-Телемедициналық консультацияларды жүргізу;

-Облыстық байламдарға және Телемедицинаның даму орталықтарына шағымдама бойынша қосымша ақпарат және қорытындыларды жіберу;

Облыстық дәрежедегі орталықтарда келесі мәселелер шешіледі:

-Шағымдамаларды қабылдау;

-Шағымдамалар бойынша қабылданған шешімдерді тіркеу(алдын ала дайындалған телеконсультация,консультациядан бас тарту,қосымша ақпарат сұрау.)

-Телемедициналық консультацияларды жүргізу;

-Облыстық байламдарға және Телемедицинаның даму орталықтарына шағымдама бойынша қосымша ақпарат және қорытындыларды жіберу;

-Шағымдамаларды Республикалық маңызы бар клиникаларға жіберу.

Облыстық дәреже өзін консультант ретінде де,республикалық маңызы бар клиниканың телемедициналық орталықтарына шағымдамаларды өндеп жіберіп клиент ретінде де бола алады.Науқасты тіркегенде және тіркелген науқасқа сұраныс дайындау үстінде талап етілген жағдайда алған тіркеуге алынған кездегі қағаздық ақпараттың электронды көшірмесі сұранысқа қыстырылады.Аудандық дәрежеде дайындалған сұраныс облыстық дәрежеге беріледі.

Телемедициналық орталықтың аудандық дәрежесімен өзге Республикалық маңызы бар клиникалармен қарым-қатынасы облыстық дәрежеде жүзеге асады,телемедициналық жүйенің әр облыстық байламында аудындық орталықтардың белгілі бір көлемі бекітілген.

· Телемедициналық жүйенің аудандық дәрежесіндегі орталықтар басқа аудандық дәрежедегі орталықтарға қарым –қатынасқа тусуге тиым салынады.

· Республикалық және облыстық дәрежедегі орталықтар басқа дәрежедегі орталықтардың қатысуынсыз қарым-қатынасқа түсе алады.

· Облыстық дәрежедегі орталықтар арасындағы қарым-қатынасқа тиым салынған.

· Аудандық және республикалық орталықтар арасындағы қарым-қатынас облыстық дәрежедегі орталықтар арқылы жүзеге асады.

 

Жүйе келесі шағын жүйелерден тұрады:

-клиент;

-консультант;

-Телемедициналық сеансты жүргізу;

-есеп беруді дайындау;

-транспорттық шағын жүйе;

-администрациялау.

«Клиент» шығын жүйесі:

Берілген шағын жүйенің мақсаты клиенттердің қабылданған сұраныстарды көріп,болашақта телемедициналық сеансты жүргізу және жүргізілген телемедициналық сеанстың қорытындыларын толтыру болып табылады.Шағын жүйе келесі модульдерден тұрады:

-Телемедициналық консультацияларға жаңа сұраныстарды дайындау;

-Телемедициналық консультацияларды жүргізу кестесін көру;

-Сұрасныстарды қараудың қорытындыларын тіркеу;

-Архивтік ақпаратты қарау.

«Телемедициналық сеансты өткізу» шағын жүйесі:

Берілген шағын жүйе клиентпен консультант арасында телемедициналық консультацияны өткізуді қамтамасыз етеді.

«Транспорттық» шағын жүйе:

-хабарламаларды кепілді түрде жеткізу;

-Басқа байламдардан хабарлама алу;

-Ақпараттың нақтылыгын тексеру.

Шағын жүйе келесі модульдерден тұрады:

-хабарлама жіберу;

-хабарлама қабылдау.

«Администрациялау» шағын жүйесі:

-Анықтамалық ақпаратты жаңарту;

-Пайдаланушылардың тізімдік ақпараттарын басқару;

-Жүйеге пайдаланушылық құқығының қорғалуын басқару;

-Шағын жүйелермен және жүйе модульдерімен арақатынас.

 

Шағын жүйе келесі модульдерді қамтиды:

-Анықтамалық ақпараттың жаңаруы;

-Хабарлау;

-Қауіпсіздік.

Кешенді тағайындау - оқиға алаңынан видео және аудио ақпаратты оперативті түрде ақпараттты жинау және анализдеу орталықтарына жіберу.Байланс арнасы ретінде жер үстіарналары қолданылады.Видео ақпарат кез келген видео және SVGA құралдарында (монитор,телевизор,плазмалық панельдер,проекциялық кешендер) қарала алады.Кешеннің мүмкіндіктері:

-Әр-түрлі құралдардан видеосигналдарды сандық түрге өткізу:USB,профессионалды видеокамера,видеомагнитофон,теледидар,видеошығыстары бар кез келген медициналық құрал-жабдықтар және т.б.

-Дыбыстық сигналдарды әр-түрлі микрофондардан сандық формаға айналдырып енгізу.

-Монитр экранында видеоақпаратты көрсеткізу;

-Нақты уақытта видеокөріністі жіберу,алдыңғы уақытта өндеу мүмкіндігімен;

-Көріністердің параметрлерін жөндеу;

-Болашақта архивтеу және өндеу мүмкіндігі бар видеоақпарат басу.

-Арналар параметрлерінің жіберу процессінде дистанционды мониторинг жүргізу.

Телемедициналық жүйелерде Қазақстанда жер үсті,волоконды-оптикалық,спутниктік ақпаратты беру жүйелері қолданады.

Телеоқыту

Телемедициналық консультациялармен қамтумен қатар телемедицинаның маңызды компоненті болып телеоқыту табылады.МГУ дағы фундаментальды медицина факультетінің АҚШ-тың білім беру бағдарламалары мен дәрістерді қабылдау бірінші тәжірибесі,МГУ-дан АҚШ қа білім беру бағдарламалары мен дәріс беруі,интернет жүйесінде оқыту материалдарының таралуы телемедицинаның телеоқыту компоненті Ресей медицинасында бірегей оқыту жүйесінің пайда болуына алып келетіні сөзсіз.Әлемдік телемедицина бойынша 189 жобаны анализдей отырып 48%-ы медициналық оқытумен байланысты екенін көрдік.Уақытылы медициналық көмек көрсету,мамандарды қайта оқыту мәселелерінің кешенді шешімі болып арақашықтықтағы консультациялау әдісі,дәрігер-практиканттарды және зерттеуші ғалымдарды ақпараттық қолдау,үздіксіз арақашықтықта оқыту және т.б. болып табылады.Телемедицинаның оқыту бөлімінде екі аспект бар:

Біріншіден,телемедицина технологияларын және байланыс арналарын студенттерді дистанционды оқыту,дәрігерлердің квалификациясын жоғарылату үшін қолдану.Екіншіден,оқыту және сертификация.Республикалиқ және облыстық телемедициналық орталықтар телемедицинаны қолдана отырып медициналық жұмыскерлерді оқыту (қабылданған жоспар мен тақырыптарға сай,келісілген денсаулық сақтау органымен,медициналық дәрісті жүргізу арқылы,видеосеминар,кнференция арқылы)мүмкіндігіне ие.Осындай дәріс жүрген кезде лектор аудиториямен интерактивті байланыста болады.ақпаратты коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы дәрігер және орта медициналық персонал үшін теоретикалық және тәжірибелі дайындықты қамтитын үздіксіз профессионалды білім алу мүмкіндігі туды.Дәррістер видеоконсультация секілді көпнүктелі режимде өтуіне болады,сол арқылы дәріс бірнеше ауданда орналасқан тыңдармандарға оқылуы мүмкін.

Телемедицинаның технологиялық негіздері

ЕПМ-дің жұмысының тиімділігін арттыру үшін телемедициналық технологияларды қолдану ең перспективалы құрал болып табылады.Телемедицинаны қолдану тиімділігін дамыған инфраструктурасы бар медициналық жүйеде көре аламыз:

-Автоматизацияланған жұмыс орны,локальды есептеу жүйелері,ақпарат және білім базаларына негізделген емдеу мекемелерініңкешенді ақпаратталынған жүйелері;

-Талап етілітін өткізу қабілеті мен ғаламдық коммуникациялық жүйеге шығу мүмкіндігі бар оперативті байланыс жүйесі.

Телемедициналық жүйе мен желілерді жасап шығару денсаулық сақтауды информатизацияладың құрамдас бөлігі болып табылады.Диагностикалау,емдеу,науқасты реабилитациялаудың әр этабында дәрігер коллегаларының тәжірибесіне мұқтаж.Регионалды телемедициналық жүйе(ТМЖ) науқастарды емдеу,диагностикалау, мәселелерін шешуге және әртүрлі медиицналық персонал арасында білім мен тәжірибе таратуға арналған. ТМЖ шешетін мәселелер:

-Алшақ орналасқан стационарлық медициналық пунктерде жұмыс істейтін дәрігерлерге науқасты емдеу мен диагностикалау барысында аөпараттық қолдау,кқмек көрсету.

-Регионалды денсаулық сақтау структурасында басқару және әдістемелік құжаттарды тарату мүмкіндігін арттыру және жылдамдату.

-Бетке ұстар медициналық оқытушылық және емдік орталықтардың білімі мен тәжірибесін дәрігер-практиканттарға тарату және дистанционды квалификациялық емтихан мен сертификация жүргізу.

Тмж денсаулық сақтаудың ба






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных