Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Телемедициналық жүйеде ақпараттың қалыптасуының реті




Халыққа телемедициналық қызмет көрсету жайлы ақпарат науқасты емдеуге қатысатын десаулық сақтаудың мекемесі дәрежесінде пайда болады.Медициналық көмекті алғашқы тіркеу қағаз түрінде медициналық мекеменің персоналымен жүргізіледі (дәрігер,орта медициналық персонал).Науқасты тіркеу барысында және тіркелген науқасқа сұраныс шығару барысында,керек жағдайда алғашқы тіркеудің қағаздағы ақпараттың электронды көшірмесі сұранысқа қыстырылады.Аудандық дәрежеде сұраныстың қалыптасуында сұраныс жайлы ақпарат облыстық дәрежеге жіберіледі.Облыстық дәреженің әр болімшесінде аудандық дәреженің бірнеше болімдері бекітілген.Аудандық дәрежеде телемедициналық консультация жүргізілгеннен кейін облыстық дәрежедегі консультант керек етілген жағдайда бар сұраныс негізінде жаңа сұраныс жазады,Республикалық маңызы бар клиникаға жібереді.Облыстық дәреже консультант ретіндеде, клиент ретінде де бола алады,Республикалық маңызы бар клиникаларға өзінің сұранысын жібере алады.Статистикалық есеп-беру мақсатында сұраныс жайлы ақпараттың барлығы телемедицинаның даму орталығына жіберіледі.Телемедициналық жүйенің барлық дәрежесіне,аудандық,облыстық,Республикалық маңызы бар клиника болсын,анықтау ақпараты жіберіледі(клинико-диагностикалық ақпараты бар көрсетілімдер,DICOM форматындағы көрсетілімдер).Телемедициналық консультацияда қолданылатын барлық медициналық ақпаратты(эпикриз текстін,рентгенограммаларды,клиникалық анализдерді) сандық түрге түрлендіру керек.Оның екі түрі бар:

-Зерттеудің визуалды әдістерінің сандық түрде біріншілей алу(ол үшін компьютерленген диагностикалық аппаратура қолданылады);

-Зерттеудің визуалды әдістерінің санды түрге өткізеді қағаздан,фотопленкадан.

Оптималды болып бірінші түрі табылады.Бірақ қазіргі таңда барлық медициналық мекемелер диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталынбаған болғандықтан жиі визуалды зерттеу әдісін санды түрге қағаз немесе фотопленкадан жүзеге асырады.Оның негізгі екі әдісті бар: сканирлеу және сандық фотосъемка (сандық камера арқылы жасалынған фотосъемка).Сканирлеу(дербес компьютердің перифериялық құралы-планшетты сканер арқылы) сонограмма,электрограмма,клиникалық көрсетілімдерді сандық түрге айналдыруға қолайлы.Сандық камера арқылы фотосъемка рентгеннограмма,МРТ секілді ақпаратты сандық түрге өткізуге арналған.Барлық сандық түрге өткізілген ақпаратты келесі түрге бөлуге болады:

-Негізгі диагностикалық ақпарат(рентгеннограмма,сонограмма,МРТ-грамма және т.б.);

-Қосалқы диагностикалық ақпарат(клиникалық көрсетілімдер,науқастың видеосъемкасы);

-Диагностикалық графикалық ақпарат(электрограммалар)

Сканирлеу

Планшетты сканер арқылы негізгі жұмыс приемдары:

1. Ақпаратты қатты мөлдір емес тасушылардан сканирлеу(текст және қағаздағы графикалық көрсетілім,фотографиялар және т.б.)

2. Мөлдір ақпарат тасушылардан(пленка) слайд-модуль арқылы ақпаратты сканирлеу;

3. Мөлдір ақпарат тасушылардан өткізілетін жарықта ақпаратты сканирлеу;

Ең тиімдісі бірінші прием болып табылады.Оның көмегімен эпикриз,анализ бланктерін,сонограмма,термограмма,томограмманы сандық түрге өткізу болады.Екіншісі рентгеннограмма,МРТ-грамманы сандық түрге өткізу үшін қолданылады.Үшіншісі-(«аматорлы»)-сканерденқақпасын алып,пленканы үстелдік лампамен қарайды,бұл приемды шектен тыс техникамен камтамасыз етілмеген жағдайда қолданады.

Сандық фотосъемка(СФ)- заманауи телемедициналық станцияның әмбебап техникалық құралы.Дәл сол халаттың қалтасына сиятын сандық фотокамера телемедицинаны кез келген дәрігердің қолдану инструментіне айналдыра алады.Сандық фотокамераның негізгі жүмыс приемдары:

1. Қағаздық,пленкалық,және т.б ақпарат тасушылардан зерттеудің визуализациялайтын ақпаратың СФ-ы.

2. Locus morbi немесе науқастың жалпы жағдайы СФ-ы(сонымен қатар «сериялық снимоктерді алу мүмкіндігі» немесе науқастың қозғалысы,мимикасы,жүріс-түрысы түсірілген үнсіз сапасы төмен бейнебаяны).

3. Емдік және диагностикалық процедура мен оталардың СФ-ы.

Архивтеу мақсатында жасалынған медициналық ақпараттың СФ-ы.Барлық телемедицинаға қажет етілген ақпарат сандық фотматқа өтіп дербес клмпьютерге сақталғаннан кейін оны структуралау керек.

Абонент сұранысының структурасы -

-Қысқа эпикриз(нақастың немесе телеконсультацияның идентификаторы,жынысы,жасы,диагноы,қысқаша анамнесткиалық ақпарат,сұраныс жіберу уақыты,консультация уақыты)-текстті формат

-Консультантқа арналған сұрақтар(«Диагноз?», «емдеу тактикасы?», «қабылданған емді бағалау?»)-текстті формат.

-Виизуализацияланатын ақпарат(рентгенограммалар,клиникалық көрініс,МРТ,компьютерлік томограммалар және т.б.)-графикалық файлдар.

ТЕЛЕКОНСУЛЬТАЦИЯ ЖҮРГІЗУ

Телеконсультация -(синоним:алшақтанған,дистанционды консультациялау)-жоғарғы квалификацияланған шегерілмейтін немесе жоспарлы медициналық көмек көрсету үшін консультант пен клиент арасында нақты клиникалық жағдайды талқылайтын телемедициналық процедура,сонымен клиент пен консультант арасында географиялық арақашықтық болады.

Сырттай телеконсультация- (синонимдер:уақытқа шегерілген телеконсультация,асинхронды,жоспарлы,офф-лайн) абоненттің,консультант пен координатордың жұмысы белгілі уақытқа шегеріліп телемедициналық технологиялардың алуан түрі қолданылады(элекронды пошта,FTP-серверлері,Internet жүйесінің базасындағы форумдар).Клиникалық практикада жоспарлы медициналық көмек көрсетуге негізделген.

Іштей телеконсультация- (синонимдер:синхронды телеконсультация,шұғыл,он-лайн) абонент,консультант,координатор бір телемедициналық технологияны немесе комбинирлеп бірнеше телемедициналық технологияны қолданатын (электронды пошта,видеоконференция,ICQ) дистанционды консультациялау түрі.Клиникалық практикада шұғыл(ургентті) медициналық көмек көрсету үшін қолданылады.

Инструктаж- жеке тұлғаны (санитар,парамедик) консультантпен біржақты видео- дауыстық байланыспен алғашқы медициналық көмекті көрсетуге кеңес беру мақсатында ұйымдастырылатын телемедициналық процедура.Синхронды телеконсультацияның бір түрі.Инструктаж алшақтатылған консультациялаудың жеңілдетілген түрі болып табылады.Оның ерекшеліктері:

-Тек алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қолданылады;

-Консультация барысында консультант клиникалық жағдайды талқыламай тек нақты алгоритмделген команда береді;

-Видеобайланыс тек біржақты болып келеді;

-Абонент ретінде жоғарғы медициналық білімі жоқ тұлға боладыү

Берілген телемедициналық процедура әскери медицинадакең қолданылады(шайқастан кейін алғашқы медициналық көмек көрсететін санитарларға консультация беруде),төтенше жағдай медицинасында(төтенше жағдай ошағында көмек беретін құтқарушыларға консультация беруде), «шұғыл медициналық көмек» қызметінде (кезекші бригаданың келуіне дейін медициналық қызметкер емес тұлғаларға консультация беру,парамедиктерді консультациялау).Біраз елдерде «9-11»,«шұғыл медициналық көмек» қызметтерінде парамедиктер бригадасы келгенге дейін науқастың туыстарына немесе кездейсоқ жанында болған азаматтарға міндетті түрде инструктаж жүргізеді.

Дистанционды манипуляция- емдік немесе диагностикалық аппаратурамен консультантпен синхронды телеконсультация немесе дисатанционды диагностика мақсатында дистанционды басқару.Қазіргі уақытта телеконсультациялар үшін арнайы жабдықтар ойлап табылған (телемикроскопия,телеотальмоглогия және т.б.) оларды косультант та,абонент те басқара алады.Дистанционды манипуляцияның кең тараған түрі-видеохирургия (хирургиялық роботтармен дистанционды басқару).Дистанционды манипуляция келесідей болуы мүмкін:диагностикалық,емдік(алшақтанған ассистирлеу,телеассистирлеу) немесе емдік-диагностикалық.Телеассистирлеу-аппаратураны ота жасау немесе манипуляция жасау болмесіне видео-аудиоақпарат енгізе алатындай қою,осының арқасында дәрігер-консультант ота жасау барысын,хирургтердің әрекетін бақылап кеңес бере алады.

Телеконсультация жүргізу барысына қойылатын деонтологиялық талаптар

Медицинаның техникалық даму барысында,жаңа мамандықтар шығу барысында,моральды-этикалық мәселелер туындайды жиі «дәрігер-науқас-компьютер» арақатынасындағы мәселелерге ұшыраймыз.Телемедицина жүйелері практикалық медицинаның әр саласында қолданылады.Этика принциптері мен деонтологияны негіздеу науқас пен медициналық персоналдың телемедицинаға медициналық көмек көрсетудің тиімді әдісі ретінде қалыптасуға ат салысады.телеконсультация жүргізудегі негізгі деонтологиялық талаптар:

-Дәрігерлік құпияның сақталуы;

-Моральды-этикалық нормалардың сақталуы («дәрігер-дәрігер»,«дәрігер-науқас»);

-Науқасты телеконсультацияның керектігі жайла ақпарат беру;

-Автоматизацияланған жүйе мен компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік талаптарын ұстану;

Телемедициналық көмек көрсететін медициналық және техникалық персонал келесі талаптарға сай болу керек:

-Медициналық этика және деонтология принциптерін ұстану;

-Медициналық қызметкердің моральды мәдениетін қалыптастыратын заң шығарушы және регламенттейтін құжаттарға сай болу;

-Ятрогенияға алып соғатын сапасыз медициналық жұмыстан туындыларының алдын алу;

-Дәрігерлік қателерді анализдеп,алдын алу;

-Дәрігерлік құпияны сақталудың қамын жасау;

-Науқаспен және оның туыстарымен,әріптестермен қарым-қатынас этикасын сақтау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных