ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауылдың экологиялық жағдайын анықтайтын факторлар.Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары — аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға болу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң түрде сақтау. Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір алғышарты. Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада - оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік-экономикалық факторлары ескерілуі қажет. Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өндірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек. Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін. Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1—2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен камтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек. Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта жасалынуында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің 40 % аумағын бүкіл ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер қоршап жатуы және арнаулы мақсаттағы (өнеркәсіп секторының санитарлық-қорғау аймағын және қар тоқтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек. Қазіргі кезде түтынуға қажетті өнім өндіруге байланысты адамның ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Адам мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша әсер етуде: - топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен; - ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен атмосфералық ауаға; - ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына. Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан әжептәуір арта түсті, мысалы, Германияда — 5 рет, АҚШ — 10 рет. Бір сиыр тастайтын жапаның мөлшері 16 адамдікіне, ал бір шошқаның шығарғаны — 2 адамдікіне тең. Халық тығыз орналасқан аумағы шағын Данияда, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарының эквивалентіне, Голландияда мал шаруашылығы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануына тең келеді. 100 мың бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғанымен пара-пар екендігі есептелініп шығарылған. Қазіргі уақытта, мал және құс шаруашылықтарының кешендері мен фермалары ауылды жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады. Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мол мөлшерде органикалық және бактериялық лас заттар болады. Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, сүзекті-паратифозды инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м3 дейін) ластанады. Мал және шошқа фермаларындағы көң шайындыларының елді мекендерден шығатын осы тектес лас заттарға қарағанда біршама зиянды әрі қауіпті екендігін төмендігі салыстырмалардан да байқауға болады: Рн 8,1 Қалқыған заттар 21 168 мі/л Хлоридтер 56 мг/л ОБҚ (оттегінің биологиялық кажеттілігі) 67,7 мг/л ОХҚ (оттегінің химиялық қажеттілігі) 320,1 мг/л Аммиак азоты 37,1 мг/л Микробтық сан 1,6 х 106 Коли-титр 10' мл-ге Малшаруашылық кешендеріндегі органикалық заттар мен минералдық тұздардың шоғыланулары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындылардағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы шоғырланудан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластауыштар болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|