Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Билет. Ұлттық мерекелер.




Қазақ халқы да – думаншыл,сауықшыл ел.Ұлттық дәстүрдің бірі той болып табылады.Той-ізгіліктер мен жақсылықтарды,озық дәстүрлерді жаңғырып отыратын тәлімі мол мереке.Мерекенің екі түрі бар:бірі-үкіметіміздің ресми түрде бекіткен тойлар,екіншісі-ресми емес,ұлттық мерейтойлар. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма екісінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде тойланатын Халықаралық Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар. Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланғанжылы; 1998 жыл – мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар. Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл – елімізідің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных