Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Билет. Наурыз мерекесі.




Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз – күн мен түннің теңелген күні. Наурыз – жыл басы. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқырады. Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады. Ыдыстардың барлығы айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтын белгісі. Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып амадасса, әйелдер құшақтасып амандасады. Наурыз күні қыздар жігіттерге «Ұйқы ашар» тағамын пісіреді. Ал жігіттер қыздарға сыйлау үшін айна, тарақ, иіс су дайындайды. Түсте бүкіл халық жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді. Олар:ет, сүт, қамыр, айран, құрт, тары, бидай. Наурыз көжені су мен тұздан басқа дастарқанға дәстүрлері ет тағамдары қойылады.

 

12 билет. Қазақстан валютасы. (Ұлттық валютасы.)

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-ұлттық ақша. Мысалы: Қырғызстандікі - сом, Ресей Федерациясынікі — рубль, Үндістандікі - үнді рупиясы. Қазақстан да тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды қолға алды. Сөйтіп, 1993 жылдың қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға енгізілді. "Теңге" сөзі орысша "деньги" сөзіне ұқсайды. "Деньги" деген сөз түркі сөзі "теңгеден" шыкқан. Ерте заманда түркілерде көлемі үлкен күмістен жасалған ақша болған. Оны "теңге" деп атаған. Оның бағасы 100 тиін терісіне сай келген. "Теңге" осынша үлкен болғандықтан оны бірнеше бөлікке шапқан. Осыдан "шабу" сөзін "рубить" деп аударған. «Рубить» сөзінен «рубль» пайда болған. Ал біздің ұлттық теңгеміз -«деньги» болып кетті. «Тиін» сөзі «тиын» болды. Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі — мықты, тез тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шет елде дайындалды және жалған ақшаға қарсы оннан аса қорғаныс белгісі көрсетілген. Теңгенің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен нақышталған, халқымыздың салт-дәстүрін бейнелейтін суреттер көрсетілген. Бірінші бетіне қазақ халқының кейбір ұлы тұлғаларының бейнелері басылған. Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен безендірілген. Ұлттық ақша — ел тағдыры, ел байлығы.

Билет. Астана.

Астаны тарихи қала. Оның негізі 1830-ыншы жылы қаланған. Ол кең байтақ Отанымыздың жүрегіндегі қасиетті Сарыарқада, Есіл өзенінің оң жағалуында орналасқан. Жер көлемі 96,8 шаршы шақырым. Халқының саны 1 миллионнан астам. Астана Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. 1862 жылы қала мәртебесін алды. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Астаның бас жоспары негізін жасалған белгілі жапондық сәулетші Кисе Кураково. Қалада машина жасау, металл өндеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда салаларды дамыған. 1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. 1994 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. Астананы Ақмолаға көшірудің бірнеше себебі болды. Біріншіден, ол географиялық орны бойынша Қазақстанның ортасында, екіншеден, Ақмола тоғыз жолдың торабында, үшіншіден, қалада құрылыс жүргізу перспективасы жақсы. 1997 жылы Ақмоланың аты жаңаша Астана деп аталды. Астана – ірі мәдени және білім орталығы. Қазіргі уақытта мұнда Қ. Қуанышбаев атындағы мызука драма театры, Горький атындағы драма театры, Қ. Байсеітова атындағы опера және балет театры, көптеген кітапханалар, мұражайлар, Жастар сарайы, Президент мәдениет орталығы және тағы басқа мәдени орталықтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні Астанада жалпы білім беретін 60 және орта білім беретін 15 жеке меншік оқу орындары бар. Ең ірі жоғары оқу орындары Гумилев атындағы Еуразия ұллтық университеті, Сейфулин атындағы аграрлық университет, Медицина академиясы, Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы және т.б. Астанамыздың ең көрікті жерлері: егеменді еліміздің тәуелсіздік символына айналған Бәйтерек монументі, Атамекен –Қазақстан картасы, этномемориалды саябақ, Думан ойын сауық орталығы, Президент резиденциясы, Миллениум галереясы және т.б. Астана – 21 ғасырдың әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналарының бірі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных