Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дүниеде қазақ деген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай береді!!!




Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар!

Баршаңыз білесіздер, Қазақстан халқын біріктіретін қуатты құрал – біздің мемлекеттік тіліміз. Жойылудың алдында тұрған қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, Тәуелсіздікпен бірге қайта түледі. Біз тәуелсіздік жылдарында қазақ тілінде білім беретін мыңнан аса мектеп тұрғыздық. 1991 жылы қазақ тілінде білім алған шәкірттер саны 32 пайыз болса, ол көрсеткіш бүгінде 85 пайыздан асты. Енді 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген отандастардың үлесін 95 пайызға жеткіземіз. Бұл межеге біз кезең-кезеңмен жетуді көздеп отырмыз. Қазір елдегі өзге этнос өкілдерінің 30 мыңнан астам балалары қазақ тілінде білім алуда.

Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы – ұлыстың ұйытқысына, қазақ тілі – тұтас ұлыстың ортақ тіліне айналды. Әрине, тіл мәселесі – уақыттың ен­шісінде. Санның артуы сананың орнығуымен барлығы өз орнына келеді.Бұл орайда, біздің басты байлығымыз – ел бірлігі екенін еш уақытта ұмытпауымыз керек! Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да сон­шалық шуақты болмақ. Дүниеде қазақ деген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай береді!!!

Тәуелсіздік арқылы мәдениетіміз құлашын кеңге жайып, қарқынды дамуға зор мүмкіндік алды. Шетелдерден қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты бес мыңнан аса қолжазбалар мен көшірмелер әкелінді. Соның бәрі ел игілігі мен мемлекет мүддесі үшін, ең бастысы, қазақ халқы үшін атқарылуда. Осы жылдарда көптеген тарихи жәдігерлер табылып, 700-ден астам тарихи ескерткіш қалпына келтірілді. Қазақтың мың әні, қазақтың мың күйі жарыққа шықты. Қазақтан шыққан кемеңгерлердің кітаптарын аудартып, қайта шығардық. Бұл біздің қазақты дүниежүзіне паш ету үшін, еліміздің дана тұлғаларының бар екендігін білдіру үшін жасалған болатын.

Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.

Елді бірлікке бастаған абыздар мен жыраулардың қазіргі жалғасы – зиялы қауым өкілдері болып саналады. Бүгінгі қоғамда тәуелсіздік санасын орнықтыру – осы зиялы қауымның қастерлі борышы. Арқалы ақындар азаттықты жырлап, жазушылар егемендікті арқау етуі қажет. Бабаларымыздың «Егемен болмай, ел болмас» деп жырлағанындай, біз үшін Тәуелсіздіктен асқан тақырып болмауы керек.

4 Қажеттілік модальдігі арқылы «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты мәтін құраңыз.

5 Іс‑әрекеттің басталуы мен аяқталуына қатысты құрылымдар арқылы «Қазақстанның тарихи орындары» тақырыбына сөйлеңіз.

Түркістан, Иасы – Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы.Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қала бастаған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеуде. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ес-керткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы болған. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол ас-тында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. ХV-ХVІІ ғасырларда зираттың төңірегінде ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға сұлтан Бегім (ХV ғ.), Есім хан (ХVІІ ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кез-ден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. ХVІІІ ға-сырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-1864 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қа-рады. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайда Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Түркістан-да орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи атын-дағы халықаралық қазақ-түрік университеті негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды..

6 Ұлттық танымды білдіретін сөздерді қатыстыра отырып «Отбасы және ұлттық құндылықтар» тақырыбына мәтін құраңыз.

.Қазақтар амандасқанда, «мал-жаның, отбасың аман ба?», - деп жатады. Неге солай? Ол – өз отбасың, мал-жаның үшін сен жауап бересің деген сөз. Қазіргі кезде біз оны жай әдет шығар деп ойлаймыз. Ілкіде олай болмаған. Ол – басқалардың алдында сенің өз отбасыңды қалай басқарып отырғаның туралы есеп беруің болып есептелген.Отбасы дегеніміз – тұрмыс құрған екі адамнан өрбіген ұрпақ. Отбасын бұзбау керек. Мал да, жан да сол ұяда қалса абзал. Бүкіл дүние жүзінің түсінігі басқаша болса да, қазақтың өз ұясына түсінігі – ата-баба түсінігінде, солардың заңдары мен жарғыларына бағындырылуы шарт.Адамзат баласы үшін басын қатерге тігеді, қолын отқа салады. Егер біздің заңымыз бойынша отбасы бұзылған жағдайда «мал-жанын» ата шаңырақ меншігіне қалдырып жатса, «бауыр еті - баласын» тастап кетушілердің табыла қоюы да екіталай болар еді. Соның арқасында кездейсоқ болып қалған сәл реніш үшін баласын қолтығына қыстырып алып, «төркіншілейтіндердің» де саны азаяр еді. Мұндай заң әйелдің тең құқықтығын әлсіретпейді, қайта бақытты болуына, бесіктен бастап, отбасының тұрақты болуына әсер ететін тәрбие алып шығуына, өзіне өмірлік жар таңдауда ұшқалақтық жасамауына итермелейді.Біздердің бұрынғы аналарымыздың «ері өлгенде де елден кетпеуі» сол «бауыр етіне» деген сүйіспеншіліктен туындайтын инабаттылық болса керек

7 Тұрақты тіркестер мен мақал ­мәтелдерді пайдалана отырып «Сәлемдесу – сөз әдебі» атты тақырыптың мазмұнын ашыңыз.

8 Әңгімені бастау, қолдау және аяқтауға арналған тілдік құрылымдарды қатыстыра отырып «Жас отбасының баспана мәселесі» тақырыбына сөйлеңіз.

9 Шарт мәнді құрылымдар арқылы «Айтыс – өнер» атты тақырыпты мазмұндаңыз.62

10 Субъекті мен объектілік қарым‑қатынасты білдіретін құрылымдар арқылы «Күй – халық қазынасы» атты тақырыпты айтып шығыңыз.57

11 Синоним, омоним, антоним сөздерді пайдалана отырып, «Абай тағылымы» атты тақырыпты мазмұндаңыз.

Абай қазақ халқының маңдайына біткен кемеңгер, дана, ұлы ақын, ойшыл ғұламасы. Абайдың қай өлеңін, шығармасын алып қарасақта тұнған тағылымы мол нәрселер екенін аңғарамыз. Абайдың лирикасы да, қара сөздері де қарапайым халықты тағылым тәрбиеге шақырады.

Әсіресе Абайдың діни тағылымы қара сөздерінде шебер суреттелген. Ол сенім мен әдепке қатысты хадис, аяттарды қазақша түсіндіреді. 38.ші қара сөзінде намаздың, атадан қалған асыл дін исламның ішкі сырын шертеді.

Намаздың адамды жақсы жолға бағыттайтынын, адамның өміріндегі әр істің амал ниетке байланысты екеніне тоқталады. Жаратқан иенің еш уақытта өзгермей,ал адамзаттың ұдайы өзгеріске түсетінін айтады.

Мына өлеңінен

«Махаббатпен жарақан адамзатты,

Сенде сүй ол АЛЛАНЫ жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және Хақ жол осы деп әділетті.»

Абайдың хақ жолында бар өмірін сарп еткенін көруге болады. Абай қазақ үшін, халқы үшін шырылдап, әрдайым тәлім тәрбие мен тағылымға шақырды. Болыстардың қарапайым халықты әділетсіз қанайтынына қарап, әділеттілік үшін жанын салды. Абайдың тағылымға толы шығармалары мәңгі жасары сөзсіз, тек өскелең ұрпақтың оның тағылымын түсінсе игі.

12 Қоршаған орта мен адамның қалып-күйінің берілуін білдіретін құрылымдар арқылы «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» атты тақырыпқа сөйлеңіз.

13 Салыстыру құрылымдары арқылы «Қазақстан – көшбасшы мемлекет» тақырыбын айтып беріңіз.

14 Мақсат мәнді құрылымдар арқылы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тақырыпқа мәтін құраңыз.

Мен ҚазҰУ университетінің студентімін. Қазіргі таңда радиотехника,электроника және телекоммуникация мамандығында оқып. Бұл мамандық туралы айтар болсақ Қазақ ұлттық университетінде Ең алғаш студенттерді 2010 жылдан бастап маман ретінде даярлай бастады. Қазіргі 21 ғасыр-жаңа техналогиялар ғасырында біздің мамндық жиі сұранысқа ие,ең қажетті мамандық болып табылады. Біз осы мамандықты алып шыққан кейін, байланыс орнату орындарында жұмыс атқарамыз,яғни ғаламтор, ұялы байланыстар және тағы басқа байланыс жүйелерін қадағалап отырамыз.Осы мамандықты таңдаған себебіміз неде? Ең алдымен жаңадан пайда болған, заманталабына сай, жие қолданысқа ие және де қызығарлық мамндықтардың бірі болғандықтан. Содан соң әрине адам баласы өзінің жақсы көретін мамандығы ретінде, осы осы мамандыққа қызығушылықпен қарап, түсуге бел будық!

15 Модальдік құрылымдар арқылы «Қазақтың әндері» атты тақырыпты баяндаңыз.

16 Ойшылдардың тіл туралы айтқан 3 қанатты сөзін айтыңыз.

Тіл өнері-дертпен тең (Абай)

Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды. (Абай)

Ұлт үшін,тілден қымбат еш нәрсе жоқ. (С.Аманжолов)

1.Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғабит Мүсірепов

 

2.Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ғабиден Мұстафин

 

3.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ғабит Мүсірепов

 

4.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.

Қадыр Мырза Әлі

 

5. “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”

Мұхтар Әуезов

************

6.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

17 Ғылым-білім туралы 5 мақал-мәтел айтыңыз.

Білім ауысады,

Ырыс жұғысады.

***

Ақыл - тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

***

Білген кісі тауып айтады,

Білмеген кісі қауып айтады.

***

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

***

Ақыл –дария,

Ой – теңіз.

*** Қарғыстың ең жаманы -

Өзің білме,

Білгеннің тілін алма.

***

Түстік өмірің болса,

Кештік білім жи.

***

Білмесең үндеме,

Білгенді күндеме.

 

18 Тіл туралы 5 мақал-мәтел айтыңыз.

19 Отан туралы 5 мақал-мәтел айтыңыз.

Отан оттан да ыстык.

 

Туган елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

 

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

 

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

 

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі

20 Тұрақты тіркесті қатыстырып 5 сөйлем айтыңыз.

21 Cұраққа жауап беріңіз: Сәлемдесу әдетпе, әдеппе?

22 Cұраққа жауап беріңіз: «Отбасын жоспарлау» саясаты Қазақстан үшін қажет пе?

23 Қазақстандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасқа, өзге ұлттарға жасалып жатқан қамқорлыққа қандай баға берген болар едіңіз?

24 Табиғат туралы 5 мақал-мәтел айтыңыз.

25 Абайдың «Қалың елім, қазағым...» өлеңін жатқа айтыңыз.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

 

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

 

Жақсы менен жаманды айырмадың,

 

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

 

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

 

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

 

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

 

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

 

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

 

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

 

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,

 

Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың.

 

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

 

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

 

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

 

Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.

 

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

 

Оның да алған жоқ па құдай құлқын?

 

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

 

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

 

Баста ми, қолда малға талас қылған,

 

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың.

 

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

 

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың.

 

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

 

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

 

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

 

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың,

 

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

 

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

26 Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.

Отан!!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға - сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз -

Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан - мекенің!

27 Шәкәрімнің бір өлеңін жатқа айтыңыз.

28 Абайдың бір қара сөзін айтып беріңіз.

29 М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңін жатқа айтыңыз.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты -

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар-балапан,

Жайылып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер -

Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды Алаш елім дер,

Алтын арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Қажу барма тұлпарға,

Талу барма сұңқарға,

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті Құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

30 Отбасына қатысты 5 мақал-мәтел айтыңыз.

Қарға тамырды қазақпыз.

 

Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

 

 

Өз жұрттың - күншіл,

 

Нағашы жұрттың – сыншыл,

 

Қайың жұрттың міншіл келеді.

 

 

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 

 

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

 

 

Өз балаңды өскенше бағасың,

 

Немереңді өлгенше бағасың.

 

 

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

 

 

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,

 

Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

 

 

Ағасы бардың жағасы бар,

 

Інісі бардың тынысы бар.

 

 

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол

 

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

 

 

Ағаның үйі – ақ жайлау.

 

 

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

 

 

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,

 

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

 

 

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

 

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

 

 

31 Сізден шетелден келген азамат Қазақстандықтардың көпшілігінің қазақша сөйлемейтін себебін сұрады. Сіз қалай жауап бересіз?

Ең алдымен қащақ елі көп ұлтты мемлекет екендігін айтар едім. Әр ұлт өкілін құрметтеп,оның тіліне қарсылық етпейтінімізді айтра едім. Қазақстан тәуелсіздігін енді ғана алап тек 20 жыл толып жатқаның,бұрында ССР құрамында болып,қазақ тілі,қазақ тарихы жоғалғаның айтар едім.

Енді-енді тәуелсіз ел ретінде құралып,өз тіліміздің мәртебесін көтеріп,барлық құжаттарды қазақ тіліне аударып,тіл мәселесіне өте қатты көңіл бөліп жатқанымызды айтып түсіндірер едім. Алдағы уақытта қазақтардың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлеп,ал басқалары осыған тамсана қарайтынана толық сенемін.

32 Жағдаяттық тапсырма.

Бір топта оқитын досыңыз қазақ тілін білмейді, бірақ ағылшын тілін жақсы меңгерген. Сіз оған қазақ тілін меңгерудің қажеттілігін қалай түсіндіресіз?

33 Сіз Көкшетаудағы Бурабай көлінде демалып келдіңіз. Алған әсеріңізді әңгімелеңіз.

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Шучье ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км². Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

34 «Қазақ тіл білімінің атасы» А.Байтұрсынұлының мұражайына баруды жоспарладыңыз. Жазушы туралы не білгіңіз келеді? Соны айтып беріңіз.

35 Жағдаяттық тапсырма.

Сіз жас мамансыз. Сізден мекемеңізге келген адам құжаттарды тек орыс тілінде толтыратынын айтты. Сіздің әрекетіңіз...

36 Артур Шопенгауэрдің «Үлкен дәулет пен билік адамды бақытты ете алмайды. Ондай адамдардың әрқайсысында да өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр» деген сөзіне өз пікіріңізді білдіріңіз.

37 «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген нақыл сөздің авторын табыңыз. Мағынасын ашыңыз.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.

Біздің еліміз, яғни тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік –экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет.

«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!

Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық

38 Төмендегі тірек сөздерді пайдалана отырып, «Қазақ ән әлемінің «Үшқоңыры»»атты тақырыптың мазмұнын ашыңыз.

Тірек сөздер:Қазақтың ән әлемі, «қазақ даласы ән салып тұрғандай», халқымыздың тамаша табиғаты, асқар таулары, биік шыңдары, пейіліне сай кең даласы, тамылжыған табиғаты, көңілге біртүрлі жақын әрі жылы сияқты.

Қазақтың ән әлемінде баршамызға белгілі,өз орының тапқан «Үш қоңыр» әні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүрегінен шыққан туындысы.

Себебі өзі осы Үшқоңыр өлкесінде дүниеге келген,балалық бал тамын осы жерде өткізген.Үшқоңырда тарихтың ұлы сыры жатыр. Үшқоңыр Алматы облысы,Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Бабаларымыздың бас қосып,атақты Жамбылдай ақындарымыз бас қосып,атақты Жамбылдай ақындарымыз ән айтқан киелі мекен екенін Н.Назарбаев өлеңде тамаша сүреттеген. Үшқоңырдағы Алатаудың шыңдарын дана Төле-бидің қалпағына теңеп,қарақан,бүлдерген әжесінің тәтті талқанына теңеген.

Соңғы шумағында Үшқоныр сияқты ұлдарын өсіргені туралы қарап,қазақтын атақты,батыр киелі мекеннің көгінде қалықтаған алып қырандарына қарап,қазақтың атақты,батыр ұлдарын өсіргені туралы айтылдады.Осы өлеңді естігенде «қазақ даласы ән салып тұрғандай». Халқымыздың тамаша табиғаты, асқар таулары, биік шыңдары, пейіліне сай кең даласы, тамылжыған табиғаты бейне бір көз алдымыздан жылжып отеді.Осы өлең көңілге біртүрлі жақын әрі жылы сияқты.

39 Тірек сөздер:Қазақтың ән әлемі, «Қазақ даласы ән салып тұрғандай», халқымыздың тамаша табиғаты, асқар таулары, биік шыңдары, пейіліне сай кең даласы, тамылжыған табиғаты, көңілге бір түрлі жақын әрі жылы сияқты.

40.Ойды жалғастырыңыз.

Сөз өнері болған соң айтыс та тәрбие құралы. Өзгеге тағылым болу үшін алды­мен өзің өнегелі, өнерлі болуың шарт. Аузыңда айтарың болмаса,.....

Сөз өнері болған соң айтыс та тәрбие құралы. Өзгеге тағылым болу үшін алдымен өзің өнегелі, өнерлі болуың шарт. Аузыңда айтарың болмаса, жұрт сүйсінетін өткір ой таба алмасаң, айтысқа шығып абырой таппайсың. Себебі, айтыс толғақты мәселелер қозғаудың, қомақты қоғамдық пікірлер жариялаудың, атасы үлкен ақи­қатты айтудың мінбері. Орамды ойларың мен қанатын кең жайған сөздерің аузыңнан шыға ауыл-ауылды аралап кетсе қане. Өкініші, ондайды көре алмай келеміз. Ақын айтар ойына жауапкершілікпен, сөзіне сақтықпен қарауы керек.

Айтыс ақыны да өз дәуірінің ақ берен рухты, ақ көйлек адал перзенті. Ол өзі өмір сүрген қоғамының көкейкесті мәселелерін көкірек көзімен таразылап, көрерменді толғандыра, ойландыра білуі керек. Қазір айтысқа түсіп жүрген көп ақындардың сөздерінде мән-мағына жоқ, ойларында түйін жоқ. Сөздің сөлін сығып, ойын түйіп айту, әрбір шумағын әдемі жонылған садақтың жебесіндей қылып айту, түйіндеп айту бүгінгі ақындардың қолынан келмей жүр. Сөз сайыстың бүгінгі сарапшылары­ның да талғамы тым төмендеп барады. Сонда біз енді айтыс өнерінің бағасын кімнің өресімен, кімнің көңіл қалауымен өлшеуіміз керек?Қасиетті өнердің де шын иесі – халық десек, арзан сөзбен, қылжақ күлкімен халықты қорлауға болмайды. Сондықтан қолына домбыра алып, сахнаға елдің алдына шыққан ақын сол халықтың өзімен санасуға тырысуы керек, тыңдаушының да талғамын тәрбиелеуі керек. Менің байқауымша, айтысты тамашалауға келген бүгінгі көрерменнің көбі жақсы жыр тыңдап, жан байлығын арттырайын деп емес, алаңсыз күліп, армансыз қызыққа батайын деп келетін секілді. Сөздің төркініне, байыбына бара бермей ме деп шошимын. Осындайда ақындарымыздың да жұрттың ығына жығыла бермей, айтыстың бағын ашып, абыройын асырғаны, сөйтіп көрермен көпшілікті көркемдікке баулуға тырысқаны жөн болар еді. Айтыс көңіл көтеру құралына айналды дегенше, ол шын мәнінде өнер болудан қалады. Себебі, көңіл көтеру адамның арзан тілегінен туады, арзан тілекті қанағаттандыру – азғындаудың басы. Сондықтан халық қазынасының саф алтындай таза болғаны жақсы. Ендеше, айтыс тазалығы мен оның тәрбиелік пәрменділігі үшін күресу ақындардың ғана емес, барша жұрттың міндеті. Айтыс алқалы топтың алдында өтетіндіктен, тіке айтқаның тұрпайы, ашық айтқаның анайы болып шықпауы үшін ойдың шын ақындықпен астарланып, тұспалданып айтылғаны, әрі құлаққа жағымды, әдемі мақаммен, әсем сазбен сүйемелденгені жөн. Сонда ғана айтыс өзінің табиғатын, моралдық-эстетикалық мәнін, күрескерлік рухын сақтап қалады. Әйтпесе, жадағай, жұтаң өлеңсымақ пен қара сөзді ұйқастырып айта беретін ақындар бел алып кетсе, айтыс шын мәнінде өнер болудан, қазақ халқының рухани қажеттілігін өтеуден қалады.

41. «Күй – сезім туындысы. Сезім «тілі» кім-кімге де, онда да қазаққа әбден түсінікті» деген пікірге қосар ойыңыз...

42.Көптеген дамыған елдер қазба байлығымен емес, онда тұратын «адами капиталымен» мақтана алады екен. Бұл мәселеге сіздің ойыңыз қандай?

43.Мына ойды ары қарай жалғастырыңыз.

Алла тағаланының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт...

Сол берген уақыты дұрыс пайдалана білген адамға ғана Алланың нұры жауады. Жүрегінде иманы зор,білімі мол ғана адам бұл сыйлықты құрметтей біледі. Одан әрі қарасак жаратушымыз жйырма төрт сағат бойына іс әрекет жасап демалмай уақытынды бос кетірме демеген, керісінше ол бізге күнмен түнді сыйлады. Байырғы заманда пайғамбарымыз Мухаммад (c.ғ.у.) кезіндегі ғалымдар жйырма төрт сағаттың төрт сағатын ғана демалуға бөлген. Қазіргі заманның үлкен жетістікке жеткен адамдардың биік шыңға аяқ басқан куннен бастап бүгінгі кунге дейін хиқаяларын тындасақ:

Мысалы Роберт Киосаки,ол жастайынан жумыс жасауға құштар болған. Ол шын мәнінде уақыты бағалай білген. Ол құрдастары ойнап, күліп журген кездерде жұмыс жасап, кітап оқып алға умтыла берген. Қазіргі танда Роберт Киосаки белгілі әлемдік миллионерлердің бірі болып саналады. Cондықтан жастайынан бастап уақытты бағалай біліп оны дұрыс падалана білу керек.

Уақыт – біздің өміріміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де кейде жұмысымыз жүрмей қалады. Сіздің өміріңіздегі уақыттың босқа кетуіне себеп болатын жайларды айтып шығыңыз.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап түрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің қүны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың қүнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» үрамыз. Демек, уақыт -адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт - дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқа-лар көз салмасын десең, дүрыстап сақта.

 

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар қүрта-ды. Мысалы, жаман әдетке қүмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Қүмар ойнағыш уақытын ойын-мен толтырады.

44 Мына ойды ары қарай жалғастырыңыз.

Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан баланың мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі алғашқыұстазы – ата-анасы....

Бала - жан ұяның айнасы:суда күн сәулесі қалай бейнеленсе,шеше мен Әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт алуан қырлы.Ол - адамның өз қабілетің ашып, қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауына, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып,балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде.Бала үйінде қандай тәрбие алса, өмір бойы сондай болады.Сол үшін балаға жақсы тәрбие беріп, оны махаббатқа бөлеп өсіру керек. Сон да ол нағыз адам болып шығады,ата-анасына ризалығымен рахметін айтады,оларға қамқор болады.

45 Жағдаяттық тапсырма.

Cізге көшеде кездескен адам Алматының экологиясының нашарлығын айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз...

46 Жағдаяттық тапсырма.

Курстасыңыз бен «Шәкәрімнің өлеңдерінің мәні» атты пікір сайысқа шықпақшысыз. Қандай мәселені айтар едіңіз? Неге?

47 Жағдаяттық тапсырма.

Сіз Құрманғазының «Сарыарқасын» тыңдадыңыз, алған әсеріңізді қалай жеткізесіз?

48 «Тегінде адам баласы адам баласына нақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деген Абайдың сөзіне өз пікіріңізді білдіріңіз.

Біздің болашағымыз - білімі мен білігі, қайратты, қайсар, жігерлі жастардың қолында. Абай сөзімен айтсақ: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер». Ел ертеңi - бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе.Олар білімді,еңбекқор, мәдениетті болса. Еліміз дамиды. Қазіргі кезде жастар үшін барлық жағдайлар жасалған. Олар ұнатқан сласында еркін жұмыс істей алады. Жастар еліміздің мәдениетін сақтай отырып, қазіргі заманға сай тұлға, тәжириебелі маман болуға тырысуы керек. Сонда ғана еліміз өркендейді, дамиды. Жас ұрпақты жан жақты қылып тәрбие беру, оларды терең ойлауға үйрету қажет және де әлемдік бәсекеге түсу үшін жаңа технологиялар еңгізіп, мамандардың тәжирибесін көтеру керек.

49Жағдаяттық тапсырма.

Сіздің досыңыз «Қазақстан жаһандану дәуірінде» деген тақырыпқа баяндама жасамақ. Баяндамасына қандай ой қосасыз?

Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Жаһандану жолындағы екінші қадам капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге тікелей шетелдік иневестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр.

Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет-таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.

Бұл үрдістер қандай екен?

Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген жаңа материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның баламалы көздерін жасау жатқызылады.

Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.

Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады. Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды. Уақыт өте келе Алматыда да жаңа унивесритет құру жоспары бар. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді.

Барлық жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық тұрғыда өзгерту керек. Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс. Әлемдік практика көрсеткеніндей, кадрлардың математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз етеді.

Білімді, салауатты адамдар бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгіқозғаушы күші. Реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс, нақ осы жастардың күш-жігерімен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысын көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналды.

50 А. Байтұрсынұлының: «Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», ‑деген ғибратты сөзін дәлелдеңіз.

51Атақты жазушының сөзін негізге ала отырып, өз пікіріңізді айтыңыз.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім»

М. Әуезов.

52 Жағдаяттық тапсырма.

Сізден шетелдік таныс студент Ясауи хикметтерінің философиялық мәні туралы сұрады. Сіз бұл сұраққа ойланған емессіз, не деп жауап бересіз? Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

53 Жағдаяттық тапсырма.

Досыңызға үнемі көмектесесіз. Бірақ қайтарымы жоқ. Сіздің іс‑әрекетіңіз.

54 Жағдаяттық тапсырма.

Сіздің көршіңіз қазақ тілін білмейді, үйренемін деп талпынбайды. Сіздің іс‑әрекетіңіз.

55 Келісіңіз не дауласыңыз: отбасында көп бала болуы керек. Нақты деректер арқылы өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

56 Өзіңіз оқып жатқан кредиттік оқыту жүйесінің кемшіліктері мен артықшылықтарын атап шығыңыз. Қай жағы басымдау?

Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізде-леді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1) бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

2) магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

3) докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс-тәжірибелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

Кредиттік оқу жүйесінің артықшылығы: Шетел университеттерімен қарым-қатынасы,үзіліссіз білім беру жүйесі сол арқылы нәтижелерді мқұлдау.

 

57 Студенттер арасында өз мамандығыңызды таныстырып, оның артықшылықтарын айтыңыз.

Мен ҚазҰУ университетінің студентімін. Қазіргі таңда радиотехника,электроника және телекоммуникация мамандығында оқып. Бұл мамандық туралы айтар болсақ Қазақ ұлттық университетінде Ең алғаш студенттерді 2010 жылдан бастап маман ретінде даярлай бастады. Қазіргі 21 ғасыр-жаңа техналогиялар ғасырында біздің мамндық жиі сұранысқа ие,ең қажетті мамандық болып табылады. Біз осы мамандықты алып шыққан кейін, байланыс орнату орындарында жұмыс атқарамыз,яғни ғаламтор, ұялы байланыстар және тағы басқа байланыс жүйелерін қадағалап отырамыз.Осы мамандықты таңдаған себебіміз неде? Ең алдымен жаңадан пайда болған, заманталабына сай, жие қолданысқа ие және де қызығарлық мамндықтардың бірі болғандықтан. Содан соң әрине адам баласы өзінің жақсы көретін мамандығы ретінде, осы осы мамандыққа қызығушылықпен қарап, түсуге бел будық!

58 «Абайдың қарасөздерінен мен қандай тағылым алдым?» деген сұраққа жауап беріңіз.

 

59 Жағдаяттық тапсырма.

Сізден тележурналист «ҚазҰУ – жетекші оқуорны» деген сұқбат алмақшы. Сіздің жауабыңыз...

Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. Университет 1934 жылы құрылды. ҚазҰУ 1991 жылдан бастап, Шығыстың ұлы ойшылы әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы Жарлығымен университетке өзін-өзі басқару мәртебесі берілді. Қазір университеттің 14 факультетінде 16 мыңнан аса студенттер оқиды. Студенттер үшін ірі ғылыми кітапхана, асханалар, спорт кешені, жұмыс істейді. Әлемдік интернет жүйесімен байланысуға, электронды почта, кітапхана каталогын пайдалануға болады. Бірнеше оқу ғимараттары бар. Негізгі оқу ғимараттары тұрған жерді «Университет қалашығы» деп атайды. Сондай-ақ, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы бар.ҚазҰУ – еліміздің ең ірі ғылыми орталығы. Бұл күндері оқу орнында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 23 академигі, 280 ғылым докторлары мен профессорлар, 680 ғылым кандидаттары мен доценттер еңбек етедІ.ҚазҰУ – халықаралық университеттер ассоциациясына мүше және Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың 175 университетімен байланыс жасайды. Жыл сайын 70-тен аса студент шет елдің жоғары оқу орындарында білім алады.Университетте оқу жүйесі екі сатылы – бакалавриат және магистратура түрінде жүргізіледі. Жақында Елбасының Жарлығымен университетке Сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын Сапа» белгісі берілді.

60 Жағдаяттық тапсырма.

Сіз шетелге тәжірибе алмасуға бардыңыз. Оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных