ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы.Пән туралы ақпарат
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативті – бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделуі қажет. Практикалық қазақ тілі курсы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық сипатын түсініп, ауызекі сөйлеу тіліне әдеби тілдік нормада сөйлеуді анықтауға негізделген. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс. Осы пәнді оқып үйретудің міндеті: Пәнді оқытудың міндеті – студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру. Күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру. 3. Пән пререквезиттері: Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы негізінде (Қазақ тілі. 4-11 сыныптар. Фонетика. Лексика. Морфология. Синтаксис. Қазақ әдебиеті. Ұлы адамдар өмірі. Тарих. Қазақ халқы. Өнері. Мәдениеті. Этнографиясы. Саяси бағыты. Географиясы. Қазақстанның жер көлемі. Табиғи ресурстары) алған білімдерін дамытады, жетілдіреді.
мыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру. 4. Пән постреквезиттері: ЖОО бағдарламасы бойынша Практикалық қазақ тілі курсында теориялық, практикалық білім-біліктіліктерін пәнаралық байланыс арқылы (қазақ тілі, шетел тілдері, әлеуметтану, мәдениеттану, қазақстан тарихы, педагогика, экономика) сабақтастыра отырып дамытады. Қазақ тілінің ерекшеліктері негізінде, тілдік нормада сөйлей білу және жаза білу қазақ тілі пәнін оқудың басты шарты болып табылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|