Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Халықаралық сауданың классикалық теориялары.




1. Елдер мен халықтар арасында сауданың пайда болуы мен дамуы оның ролінің артуының себептерінің теориялық жағынан түсіндіру және оның дәлелденуі халықаралық сауданың пайда болуынан кейін қалыптаса бастады. Бұған ішкі феодалдық қатынастың мысалы, Еуропа елдер арасындағы сауда қатынасының тұрақтануы әсер етті.

Әуел бастан халықаралық саудағы деген 2 көзқарас қалыптасты.

1. Сауданың еркін дамуы. Оған деген шектеудің болмауы фритредерство деп аталады.

2. Процекционизм деп аталатын ұлттық щаруашылықтың мүддесін қорғайтын халық арқылы тауар айналысының артуына мемлекеттің араласуы.

XV-XVII ғасырларда феодализмнің күйреуінен капиталистік өндіріс қатынастарының пайда болуы кезінде Меркантелистіктің экономикалық ілімі сыртқы сауданың мәні мен мақсатын анықтауға тырысты. Олардың пікірінше, экономикада ацналыс сферасы басты роль атқарады. Осы көзқарасқа байланысты қай ел болмасын оның байлығы құнды, бағалы заттарымен ең алдымен алтынмен бағалы металдарды иемденушімен анықталады. Сондықтан меркантелизм өкілдері (Т. Мэн мен А. Монкретьян) елдің алтын қорын көбейту ең басты мақсат. Яғни, сыртқы сауданы ең алдымен алтынмен қамтамасыз ету қажет деп саналады.

Мұндай тауарларды экспортқа шығару көлемі импорттан артық болуы немесе активті сауда байланысымен жүзеге асырғанға тең болады. Осылайша мемлекет тарапынан сыртқы сауда иесіне әртүрлі жолдармен белсене араласып отырып, осы сфераға қатаң бақылау жасау керек. Сауда саясаты сыртқа тауар шығаруды көтермелеп, ал, сырттан тауар әкелуді шектеуді сырттан әкелінетін тауарларға баж салығын қоюды бағыттаған.

Протекционизмнің мұндай түрі сыртқы сауданы қиындатты. Кейбір елдерге, әсіресе отарлау елдеріне шектеу жасалып, метрополияға артықшылықтар туғызды.

2.1. Давид Рекардоның салыстырмалы артықшылық теориясы альтернативті баға түсінігін басқа тауарлар бірлігін өндіруге қажет жұмыс уақытымен көрсетілген, бір тауар бірлігіне қажетті жұмыс уақыты қолданылып салыстырмалы артықшылық теориясы, егер елдер басқа елдермен салыстырмалы аз шығынмен өндіре алатын тауар түрлерін өндіруге маманданса, онда сауда бұл тауарларды өндіруге елдің абсалютты артықшылығы бар немесе жоқтылығына қарамастан екі жаққа да пайда болды. Сыртқы сауда жағдайы нақты елдің экспорттық бағасының импорттық бағаларына қатысты:

1. Нақты елдерлің экспорттық бағаның қозғалысын көрсететін индекс –

Рх =∑ хі Рі

Мұндағы: хі - белгілі і тауардың бағалық жылдағы соммалық экспорттың үлесі.

Рі – нақты тауардың ағымдағы бағаның белгілі і тауардың бағалық жылға бағасына қатысады.

2. Нақты елдің импорттық бағалық қозғалысын көрсететін индекс.

Рm =∑ mі Рі

Мұндағы: mі – белгілі тауардың бағалық жылдағы соммасының импорттық үлесі.

Рі – нақты тауардың ағымдағы бағаның белгілі і тауардың бағалық жылға бағасына қатысады.

3. Сыртқы сауда жағдайы.

Т= Рх / Рm

Бұл көрсеткіштер нақты елдің сауда жағдайдың жақсаруын немесе нашарлауын көрсетеді.

2.2. Бәсекелестік артықшылық теориясының пайда болуына себепші болған фактор:

1) Әлемдік экономикада және халықаралық бәсекеде нақты өзгерістер болады. Бұрынғы классикалық теория бәсекелестік артықшылықты сипаттаудағы қабілеті болмады.

2) Техникада өзгерістер болады.

3) Жаңа индустриялды елдер пайда болады.

4) Өндірістің интернационализациялауы жүрді. (Фирмалар тек орналасқан елдер артықшылығын ғана емес олардың қаржылары салынған елдің артықшылығында пайдалана бастады.)

Бәсекелестік артықшылықтың негізгі детерминанттары:

1. Факторлы шарттар елдің келесі өндіріс факторларын иемденсе;

а) Адам ресурстары: жұмысшы күшінің саны, квалификациясы және құны, жұмыс мақсаты, еңбек этикасы.

б) физикалық ресурстар: пайдалы қазбалар, судың, жер учаскілердің, орман ресурстардың, гидроэнергетика ресурстарының және т.б. саны мен сапасы елдің географиялық орнымен климаттық жағдайы.

2. Сұраным шарттары келесідей 3 түрде құрылады.

а) Ішкі сұраным құрылымы.

б) Ішкі сұранымның өсуінің сипаты мен көлемі

в) Сұранымды қалыптастыру (интернационализациялау)

Ішкі нарық құрлымына өз кезегінде келесі факторлар әсер етеді:

- Нарықтың сигменттік құрлымы: тұрғынның жасының, жынысының белгілері бойынша орналасқан орны т.б.

- Тұтынушының талап етушілігі және талқылау мүмкіндігі, тұтынушы неғұрлым талапты болған сайын тауар құрлымы соғұрлым дамыған.

- Тұтынушының болжамды қажеттілігін, егер елде бір тауарға деген қажеттілік осы тауарға деген басқа елдердегі қажеттіліктің алдында болса, онда бұл елдердің бәсекелестік артықшылығы болады.

Ішкі сұранымның өзінің сипаты мен көлемі әсері келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:

1. Сыйымды нарық, масштаб тиімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Нарықтық кеңеюі, бұл технологиялық дамуына мүмкіндік береді.

3. Нарықтың толығуы фирмаларды экспортқа қозғайды, тауарды жаңартуға ынталандырады. Сұранымды интернационализациялау бәсекелестік артықшылыққа жетуге маңызды факторлар болып табылады. Себебі, мобильді тұтынушылар яғни, көптеген елдерді аралайтын нақты елдер азаматтары өз мемлекеттің ішкі нарығына тән стандарттап, қызметтер және тауарларды талап етеді.

3. Детерминант. Сабақтас және қолданушы салалары; шектес салалар жоғары дамуы, осы саланың дамуы талпындырады және оның негізгі базасы болып табылады.

Қолданушы салалар бұл жабдықтаушы салалар, яғни жинақтаушы өнімдерді жартылай дайын өнімді және т.б. жеткізудегі өндірушімен байланысы бар. Ал сабақтас салалар, бұл фирмалар құндылыр тізбегінің құрылу процесі негізінде өзара іскерлікті жүзеге асыратын өзара толықтырушы материалдар қызмет ететін салалар.

4. Фирма стратегиясы оның құрлымын немесе бәсекелестері мотивацияның және тиімді құрлымының болуы бәсекелестік артықшылықты құруға және сақтауға мүмкіндік береді.

2.3. АҚШ-тың саяси экономикалық классигі А. Смит («Табиғатты зерттеу және халықтың баб себептері») деген еңбегінде сауда теориялық негізін қалады. «Егер кез келген басқа бір ел бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз етсе, онда біз үшін өз өнеркәсіптік еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған тиімді болар еді»- деп атап көрсетті. Смиттің бұл көзқарасы абсолюттік артықшылықтар теориясы деп аталады. Бұл теориядағы негізгі идея еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі яғни, мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс. Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады деген. Маманданудың көптеген вариант ішінен қайсысын алу тиімді. Осы кезде экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек деген сұрақ туындайды. Бұл теорияны талдауда келесідей артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.

Артықшылықтары:

1. Өндірудің мүмкіншіліктері сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады.

2. Егер табиғи артықшылықтарға жаңа техниканың жетіспеушілігін қоссақ, онда теориялық маңызы артта түседі.

Кемшіліктері:

1. Әдістемелік жолдың шартты түрде болуы. Мысалы: Смит екі елді ғана салыстырады. Бірақ, бұл мүмкін емес.

2. Мұнда ақша айырбасының моделі емес, тауарлар айырбасының моделін қарастырады.

3. Абсолюттік артықшылық халықаралық саудадағы маңызды түрде әсер ете алмайды. Себебі, тауар өндірудің альтернативтік құны халықаралық сауда құрамына әсер етеді.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных