Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Халықаралық сауданың альтернативтік теориясы.




1.Ғылыми ізденістерді, техникалық құрал жабдықтарды қажет ететін саланың дамуы және олардың халықаралық айырбасының өсуі жаңа техникалық бағыттар теориясының қалыптасуына жол ашты. Мұнда американың зерттеушілер Робок және Симмондос мынадай пікір айтты – «Сауданың, дәстүрлі теорияның өндірісті жандандыру процесінің маңыздылығының артуын, түсіндіру жеткіліксіздігін, мәселенің дұрыс қойылмауынан деуге болады. Сауда теориясы ұлттар неліктен сауда жасайды деп сұрақ қояды. Бұған шешім қабылдайтын ұлт емес, коммерциялық кәсіпорындар жауап береді.»

Сыртқы операциясын жүргізуде айырбастаудың фирма ішіндегі үлес салмағы осындай тәсілдердің объективті негізі болып табылады. Мысалы: мәліметтер бойынша фирма ішілік байланыс үлесіне бүкіл әлемдік сауданың 70 %-ы сатылатын лицензиялары мен потенттің 80-90%, ал капитал экспортының 40 %-ға жуығы тиісілі болды, сонымен қатар зерттеулер мына сұраққа жауап беруге тырысты. Фирма қандай жағдайда сыртқы нарыққа шығып, оны жаулап ала алады? Бұл сұраққа бергеннің бірі американдық ғалым Стефан Линдер. 60 жылдың басында ол түрлі нарықтар сипаттамасын ескере отырып, Монтьевтің талдауын әрі қарай жалғастырды. 40-50 ж американдықтар еуропалық нарыққа алып шыққан тоңазытқыш, теледидар сияқты техникалық жаңа тауарлар өзіндік ерекшеліктерін қарастыра отырып Линдер тауарлар жасауға негіз болған басты жаңалықтарды Еуропалықтардың ашқанына назар аударды. Осы жаңалықтар іс-жүзінде Америкада жаңа тауарлар техникасы жүзінде жүзеге асырылып, кейін Еуропадағы сыртқы нарықты жаулап алды. Линдердің пікірінше, фирма техникалық жағынан күрделі бұйымдарды қолданардағы қажеттілікке қарай, яғни ішкі нарық қажеттілігіне жауап ретінде өндіре бастайды. Сондықтан фирма ең бірінші ұлттық өнімді нарыққа арнап шығарып, екінші ішкі нарықталғаннан кейін ғана өнімді шетелге сатумен айналысады. Бірақ Линдердің теориясы толық дәлелденбеді. Ол сыртқа нарыққа техникалық күрделі тауарды жеткізудің бір немесе шектеулі аспектісін ғана қамтиды.

2.Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:

1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.

2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3) Техникалық үзіліс теориясы.

4) Ұқсастықты қалау теориясы

5) Сала ішілік сауда теориясы.

1. Ауқым нәтижесі қызметімен байланысты теория өндіріс шығынының төмендеуіне және еңбек қабілетінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады, өндіріс төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген артықшылық пайда болады, яғни сыртқы нарыққа шығу қажеттілігі туады. Өндіріс көлемінің өсуі → тар ішкі нарық → артықшылық → сыртқы нарыққа шығу.

2. Альтернативтік теорияның негізгі танымал теориясы 1966 ж. американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Кин Дельберг, Уэльстер ойлап тапқан тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді өндіру оны нарыққа енгізу, кеңею, кемелдену және қартаю тәрізді кезеңді қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1. Тауардың пайда болуы. Тауар бірнеше елдің біреуінде ғана пайда болады. Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Оның бағасына ерекше мән бермейтін табысы жоғары адамдарға ұсынады.

2. Өнімнің кеңеюі кезеңінде (тауардың өсуі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Ел тауарды экспорттай бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие.

3. Кемелдену кезінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға өндіріс шығынының бағаны төмендетуге тауарлар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирманың тауарлар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Тауардың құлдырауы. Циклдің соңғы кезінде өнім қартаяды. Оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, кемелдену кезіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Көп жағдайларда бұл кезеңде тауардың орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.

3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде техникалық өзгерістер арқылы пайда болған делінеді. Егер елдер техникалық прогресте әр түрлі сатыда болса және бұл қатынастар тұрақты болса, онда бұл елдерде келесі сауда қатынастары орнайды: дамыған елден дамушы елге тауарлар ағымы жүреді. Заңдылығында ескі тауарлар экспорттарды, тауарлар жетекші елде айналасынан шығып қалған тауарлар түрлері.

4. Ұқсастықты қалау теориясы нақты елде өндірілетін тауарлар жинағы және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. Ел тек бірнеше тауарлар түрін өндіруге маманданады, қалғанын ол басқа елдерден импорттайды. Егер ел деңгейі бойынша төмен болса, онда оның экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.

5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных