Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары.




1. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз- мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынасына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияның, қаржылық сауда және бақа топтардың қажеттілігінің көрінісі. Әр түрлі елдің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде келесілер анықталады. Яғни, дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстың күрделі әлеміне – ұлттық эканомиканың тиімді түрде қосылуы сияқты пайдалы жолымен жүруі тиіс.

Елдің экспорттық саясатында қабылданған шаралар келесі түрден тұрады:

1. Экспорттық саланың дамуы үшін жағдай жасау немесе экспорттық өндіріс саласын бағалау.

2. Кейбір саланың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау.

3. Егер белгілі бір саланың болашақта әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақта осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайлары болмағанда;

а) кедендік қорғау; б) қаржылық ынталандыру; в) қолайлы жағдайлармен жеңілдіктер жасау қажет.

Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төменгі әдістер қолданылады:

1. Тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау.

2. Оның ұлттық эканомика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау.

3. Әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

Экспорттық импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде әдістемелік жолдар төмендегілерге байланысты нақты таңдалуы тиіс: нақты тауарларға, оны өндірудегі қалыптасатын жағдайларға, ішкі ұлттық нарыққа, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы орнына, халықаралық еңбек бөлінісінің болашағына т.б.

Еркін сауда – эканомикалық қатынастар елдер арасындағы тауар қозғалысы жолынан кедендік және басқа кедергілерді алып тастау талабынан туындаған. Сыртқа сауда – эканомикалық қатнастарды реттейтін құралдар әр түрлі нысанда болады. Оларға тауар бағасына тікелей әсер ететін (тарифтер, салықтар, акциздер, т. б.) және импорттайтын тауардың көлемін және бағасын шеттейтін әдіс – амалдар (сандық шектеулер, лицензиялар, квоталар) жатады.

2. Кеден тарифтері дамушы елдер үшін қосымша қаражаттар табу, ал дамыған елдер үшін сыртқы сауданы реттеу немесе ұлттық өндірушілерді қорғау құралы болып отыр. Мемлекеттің импорттық экспорттық операцияларын реттейтін тиімді құралы баж алымы, мемлекеттік баждың көп түрлілігі, оны сыртқы сауданы реттейтін икемді құралға айналдырып отыр. Кедендік баж импорттық, экспорттық, транзиттік болып 3- ке бөлінеді.

Ең жиі қолданылатын салықтың түрі- импорттық тауардан алынатын кеден бажы. Дамушы елдерде импортқа салықтар қаражат табу көзі болып саналады. Экспорттқа салықтар сирек қолданылады. Олардың мақсаты – мемлекеттік қазынаны толтыру үшін қосымша валюталық түсімдер келтіру. Экспортқа салықтар дүниежүзілік нарықта тауардың құнын өсіріп, бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді. Транзитті кеден бажы ұлттық територияны кесіп өтетін тауарлардан алынады. Бұл салықтар қазіргі кезде көп қолданылмайды. Олар тек халықаралық жол қатынасының жұмысына зиян келтіретін тауарларға ғана салынады. Кеден баждың деңгейін анықтау үшін негізінен 2 әдіс қолданылады:

1) Кеден бажы тұрақты түрде тауардың бір өлшемінен алынады. Мысалы: 1 ц астыққа 1 доллар кеден бажы. Мұндай салық арнайы салық деп аталады.

2) Кеден бажы сатушының декларацияда көрсеткен тауарлар құнынан % түрінде алынады.

Кеден БАЖ-ң жинақталған тізімін кеден тарифі деп атаймыз. Дүниежүзілік сауда қарама – қатынастары дамыған сайын кеден тарифінің құрылым да күрделене түседі.

1. Макродеңгейде сандық шектеулер импорттың көлемін қатаң қадағалап, валюта шығынының мөлшерін болжауға мүмкіндік береді. Импорттың көлемін сандық шектеуді квота (үлес) деп атайды. Импортық квоталар тұтыну деңгейін төмендетіп, тауар бағасының жоғарылауына әсер етеді. Жекелеген тауардың импортына қатысты сандық шектеулер жалпы квоталар деп аталады. Олар бір жылдың ішінде импортталатын тауардың нақты мөлшерін белгілейді. Импорттық квотаның мақсаты- сыртқы бәсеке қаупін жою. Экспорттық квотаның мақсаты: шикізат жергілікті жер өңдеуді ынталандыруүшін оны шетке шығаруды қысқарту, дүниежүзілік нарықтағы сұраныс деңгейінің төмендеуіне сәйкес экспортты азайту, ішкі нарықта нақты тауар бағасының өсуіне экспорттың әсерін қадағалау, әскери – саяси мақсаттарды қамтамасыз ету т.с.с.

Экспортты квоталау Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Экспортына квота белгіленетін тауардың жалпы көлемі 90 ж. республикада бірнеше өсті. Шикізат тауарын квоталаудың мақсаты, олардың ішкі нарықта қолданудың деңгейін төмендетпеу, арзан шикізатты пайдаланатын өнеркәсіб салаларына көмектесу.

2. Квота беруде анықтау қиын болатын ретсіздіктердің алдын – алу мақсатында мемлекет импортқа лицензиялар береді.

Лицензия деп – шетелден тауар және қызмет көрсетулер түрлерін әкелуге немесе шетелге шығаруға мемлекет орындары беретін рұқсатты айтамыз. Реттеудің бұл формасы квотаға қарағанда көп байқалмайды, бірақ тиімділігі жоғары болуы мүмкін. Лицензиялар жалпы, жеке және автоматты болып 3 – ке бөлінеді.

Жалпы лицензия қандай тұлғаға болса да, тауарларды ешбір шектеусіз әкелуге немесе көрсетілген елден ұзақ уақыт бойы жеткізуге берілетін рұқсат. Жеке лицензия, нақты фирмаға әкелуге рұқсат етілген тауардың көлемі, жеткізілетін уақытты және атауы көрсетіліп беріледі. Автоматты лицензия берілген фирманың қандай және қанша тауар жеткізетіндігін, оның көлемін, сапасын мемлекет тұрақты түрде белгілеп, бақылап отырады. Лицензияның тиімділігін анықтайтын әдістерге ашық конкурс, басым артықшылық беру және шығынды әдістер жатады. Бұл әдістің ішіндегі ең тиімдісі лицензияларды ашық конкурс арқылы бөлу әдісі. Қазіргі кезде кең тараған әдіс – басым артықшылық беру әдісі. Бұл жағдайда лицензиялар мемлекет тарапынан ерекше жеңілдіктер алған фирмаға беріледі.

Шығынды әдіске сәйкес лицензиялар өндірістік қуаттары мол, жұмысшы күші жеткілікті фирмаға беріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных