Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы.




1. Жұмысшы күшінің жаппай ауысуы XX ғасырдың II жартысында дүниежүзілік қоғамдас болып отыр. Жұмысшы күшінің ауысуы дегеніміз-адамдардың тұрақты мекен жайының шекарасынан өтіп кетуі мен қайта оралу процесін көрсететін қозғалыс. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, туристік т.б нысандары бар. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы-ұлттық шекарадан өтіп кететін еңбек ресурсының қозғалысы. Халықаралық еңбек нарығын ұлттық және аймақтық жұмысшы күші нарықтары құрайды. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы басқа дүниежүзілік нарықтармен, мысалы: тауарлар, қызмет көрсету, капитал нарығымен қатар жүзеге асады. Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге ауысуында еңбекке қабілетті тауар ретінде ұсынады.

Жұмысшы күшінің миграциясына экономикалық және экономикалық емес факторлар әсер етеді. Экономикалық емес факторларға – саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, отбасылық т.б себептері жатады. Ал, экономикалық факторлар- әр түрлі елдің экономикалық даму дәрежесіне байланысты. Жұмысшы күші өмір сүру деңгейі төмен елдерден өмір сүру деңгейі жоғары елге ауысады. Халықаралық еңбек миграциясының факторларының бірі-капиталдың шетке шығарылуы және халықаралық корпорацияның қызмет етуі.

2. Жұмысшы күшін тартудың басты орталықтарына АҚШ-пен Батыс Еуропа елдері жатады. АҚШ-тың еңбек ресурстарын негізінен иммигранттар құрайды. Иммиграция-жұмысшы күшінің сырттан келуі. Төмен және орта дәрежелі жұмысшы күшінің көршілес Мексика елінен келуі өте көп. Ал, Еуропалық одақ елдерінде 13млн. мигранттар мен олардың отбасылары тұрады. 90 жылдың ортасында тек Сауд Аравиясындағы өндірістің түрлі сфераларында 4 млн.-ға жуық мигранттар жұиыс істейді. Бұл өте бай мұнай өндіруші елге дүниежүзінің көптеген елдерінен соның ішінде Египеттен және оңтүстік Шығыс Азия елінен жұмысшы күші көптен келеді. Жұмысшы күшін тартудың тағы бір орталығы-Австралия.Бұл елде 200 мыңға жуық шетелден қызметкерлер бар.Африкадағы жұмысшы күшін тартудың орталығы-оңтүстік Африка республикасы. Бұл елге көрші Африкалық елдерден арзан жұмысшы күші ағылып келіп жатады. 90 жылдың ортасында Тайвань еліне 100 мың жұмысшы және 20 мың инженер –техникалық қызметкерлер қажет болған. 1996 жыл Қазақстан мен оңтүстік Кореяға 500-ге жуық жұмысшылар аттанған. 60 жылдары жұмысшы күшін тартудың халықаралық орталығы –Латын Америкасы елдерінде қалыптасады. Бұл аймақтағы жұмышы күші қажет елдер Аргкентина мен Венесуэлла болды. Мұнда ауылшаруышылық маусымдық жұмыстарына тартылады.

3. Жұмысшы күші халықаралық миграцияның 5 бағыты бар:

1. Дамушы елден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысуы. Өнеркәсібі дамыған елдер үшін дамушы елдерден келетін жұмысшы күші бірқатар салаларда, инфрақұрылымдарда қызмет істейді.

2. Өнеркәсібі дамыған елдердің өз шеңберінде жұмысшы күшінің ауысуы. Бұл экономикалық себептерге байланысты. Мұнда Еуропадан АҚШ-қа «білімділердің кетуі» болып отыр.

3. Дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің ауысуы. Бұл ауысудың экономикалық себептеріне қабылдаушы елдердегі өмір сүру деңгейінің жоғарлылығы және сол елдің маманданбаған еңбекке қажеттілігі жатады.

4. Бұрынғы социалистік елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысады.

5. Кәсіби даярлығы жоғары мамандармен, ғылыми қызметкерлердің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысуы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных