Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу.




1. Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып, тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына енгізу.

Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елде шұғылданды. Олар өз капиталын дүниежүзілік шаруашылықтан шет жатқан мемлекеттерге шығарды. Капиталдың шетке шығарылуы елдер арасындағы оның белсенді миграциясы – қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық эканомикалық қатынастың өте маңызды белгілерінің бірі. Ол тауардың шетке шығарылуы монополиясын ығыстырады. Негізінен тауарлардың шетке шығарылуын толықтырды және сыртқы нарықта жеңіп алу құралы ретінде қолданылады. ХХ ғасырдың II жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсіп келеді. Қазіргі кезде өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдің ішкі жиынтық өнімі өсуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару процесінің жедел өсуі оның халықаралық миграциясын күшейтті.

Капиталдың халықаралық миграциясы (ауысуы) дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама-қарсы қозғалысы . Мұның өзі бір мезгілде әр бір ел капиталды экспорттаушы да, импоттаушыда болатын жағдай,яғни,қарама-қарсы инвестициялар.

2. Капиталды шетке шығару себептері мыналар:

1. Шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қоры.

2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы.

3. Жергілікті нарықты морополизациялау мүмкіндігі.

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінінің болуы.

5. Саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық жағдай.

Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және оны ынталандыратын факторларға мыналар жатады:

1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық эканомиканың өзара байланысы мен өзара үилесуі.

2. Халықаралық өнеркәсіп коперациясы. Бұл трансұлттық корпорацияның еншілес компанияларды қаржыландыруы.

3. Өнеркәсібі дамығанелдің елдің эканомикалық саясаты. Бұл саясат эканомикалық өсу қарқынын төмендетпей, алдынғы қатарлы өнеркәсіп саласын қолдауға жұмыспен қамтуға бағытталған.

4. Дамушы елдің шетелдік капиталдың қатысуымен өзінің эканомикалық дамуын жеделдетіп «кедейшілік шеңберінен» шығаруды көрсететін бағыт.

5. Экалогиялық факторлар.

6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы ұйымының ролі.

3.Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе қарыз беру арқылы жүзеге асырылады. Несие берудегі мақсат- жоғары қарыз %-н алу. Қарыз капиталының шетке шығарылуы халықаралық несиенің негізі болып табылады. Ол қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуына көмектеседі.

Халықаралық несие-бұл қайтарымдылық , жеделдік және % төлеу шарты бойынша валюталық және тауарлар ресурсының берілуі. Несие берушілер мен оны алушыларға банкте, компаниялар, жекелеген кәсіпорындар, мемлекеттік ұйымдар,

халықаралық , аймақтық ұйымдар жатады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады. Мақсатты пайдаланылуына байланысты 2 түрге бөлінеді:

1. Байланысқан несие. Ол екіге бөлінеді:

Комерциялық несие. Тауарды сатып алу немесе қызметкерлерге ақы төлеу кезінде беріледі.

Инвестициялық несие. Нақты бір объектіні сату кезінде беріледі.

2. Қаржылық несие. Тауарларды сатып алу, инвестициялар, қаржылық операцияларды жүргізу, сыртқы қарыздарды жою, т.б.

Несие берушінің кім екеніне байланысты 3-ке бөлінеді:

1. Жекеше несие (банктер , фирмалар).

2. Үкіметтік.

3. Халықаралық ұйым несиесі. Ұсынылу формасы бойынша 2-ге бөлінеді:

1. Тауарлы несие;

2. Валюталық несие.

Берілу мерзімі бойынша 3-ке бөлінеді:

1. Қысқа мерзімді (1 жыл)

2. Орта мерзімді (1-5 жыл)

3. Ұзақ мерзімді (5 жыл және жоғары).

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары мен динамикасы.

2. Кәсіптік және қарыз капиталдары.

3. Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын және оның формалары.

4. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных