Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Валюталық бағам және оны реттеу




1. Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Валюта бағамы деп-әртүрлі мемлекеттің ақша өлшемдерінің арақатынасын, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасын айтамыз. Сонымен қатар валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие –қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Валюта бағамының қалыптасуы көп факторлы процесс. Валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:

- инфляция қарқыны;

- пайыз мөлшерінің деңгейі;

- бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;

- төлем баланысының жағдайы;

Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етеді. Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістердің әр түрін қолданады. Ол әдістер мыналар:

-валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып- сатуы)

-орталық банктің ашық нарықтағы операциялары

-орталық банктің пайыздық мөлшер деңгейін немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі

2. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығынды валюта бағасын белгілеудің 2 әдісі бар: тікелей және жанама. Тікелей котировка

деп – шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Жанама котировка деп – ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуін айтамыз. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 ж. бастап АҚШ қолдануда. Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау көп кездеседі, себебі, доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролі. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде кросс-курсті негізге алады. Кросс-курс дегеніміз – ол екі валюта бағамының үшінші валютаға қатысты арақатынасы. Банктер сатушы және сатып алушы бағамын белгілейді. Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы. Сатып алушы бағамы дегеніміз – банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша стаып алушы бағамынан стаушы бағамы жэоғары болады. Олардың арасындағы айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық влюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарығы қолданылатын негізгі бағамы – банк аралық баға. Банк аралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді. Биржалық котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды салыстыру негізінде құрастырылды.

4. Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі экспортшыға тиімді, себебі, ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Яғни, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы көбейтуге ұмтылады. Мұнда импортшылар ұтылады, себебі, валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді. Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта – экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылығындағы орнына байланысты болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных