ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Пәннің оқу бағдарламасы(syllabus)
Модуль пәнінің атауы «Қазақ тілі»
Барлығы__6___ кредит
Курс ___1, 2___ Семестр _1, 2, 3__
Практикалық сабақтар __ 90 _ сағат
СОӨЖ ___ 45 ___ сағат
СӨЖ __ 135 ___ сағат
Емтихан __1, 2, 3__ семестр
Барлығы ____ 270 ___ сағат
Аралық бақылау ______ 6 _____
Қорытынды бақылау түрі __ емтихан ___
А С Т А Н А – 2012ж.
«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория Оқытушы туралы мәлімет: С.М.Сапина - ф.ғ.к., А.Қ.Утанова - ф.ғ.к., доцент, К.К.Қанафиева– п.ғ.к., доцент, Ж.Т.Нурканова – аға оқытушы, Г.Ж.Мауленова – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі. Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы) Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі. Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі. Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет. Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Пәннің сипаттамасы: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент В1 деңгейі бойынша: - бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы; - өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы; - қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы; - ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы; - түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы; - мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс. В2 деңгейі бойынша: - қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі; - өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы; - берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы; - қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы; - кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі; - электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс. С1 деңгейі бойынша: - жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы; - қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы; - қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы; - жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы; - білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі; - маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы; - алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|