ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
KPMG – Қазақстандағы ірі аудиторлық-консалтингтік фирма«Қазақстан Сарапшы РА» агенттігінің рейтингіне сәйкес, 2011 жылғы қорытынды бойынша KPMG Қазақстандағы ірі аудиторлық-консалтингтік фирмаларының көшбасшысы. «Қазақстан Сарапшы РА» рейтинг агенттігі жүргізген «Қазақстандық аудит» жыл сайынғы талдау жобасы аудиторлық қызмет түрлерін көрсететін компаниялар жөніндегі орынды мәліметтерді, сондай-ақ, Қазақстандағы аудит нарығының ахуалы туралы мағлұматтарды ашуға көзделген. Рейтинг аудиторлық және консультациялық қызметтердің жиынтықты табысы, қызметкерлердің саны,2011 жылы аттестациядан өткен аудиторлардың саны жайлы расталған мәліметтерді талдау негізінде құрылады. «Қазақстан Сарапшы РА» агенттігінің рейтингіне сәйкес, KPMG екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ірі аудиторлық-консалтингтік фирмаларының көшбасшысы болып отыр және бүгінгі күні жобаға қатысқан, қаржылық ақпараттарын ашық рейтингте жариялаған «Үлкен төрттіктің» жалғыз компаниясы болы табылады.
Қазақстанда KPMG өз жұмысын 1996 жылы бастады. Қазақстанда KPMG қаржылық есеп беру аудитін жүргізеді, кеңес беру қызметтерінің көптеген түрлерін көрсетеді, соның ішінде салықтық және заңгерлік сұрақтарды шешу, жұмыстың тиімділігі мен тәуекелдерді басқару көрсеткіштерін жақсарту қызметтері, сонымен қатар мәмілелерді сүйемелдеу, елдің көптеген банктеріне, қаржылық ұйымдарына, өндіруші өнеркәсіп, мұнайгаз өнеркәсібі, телекоммуникациялар мен тамақ өнеркәсібі секілді экономиканың жетекші салаларының кәсіпорындарына қаржыландыруды тарту және қайта құрылымдау сұрақтары бойынша кеңес береді.
Қазақстандағы KPMG Алматыда, Астанада және Атырауда офистері бар, қызметкерлердің жалпы саны 450 астам адам.
ТМД-да KPMG-дың Арменияда, Азербайжанда, Грузияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде және Украинада бөлімшелері бар. Осы бөлімшелердегі қызметкерлердің жалпы саны 3 800 жуық адам.
Одан басқа Тәжікстан мен Түркменстандағы жобалық офистерге шетелдік бөлімшелерінің мамандары жұмысқа тартылады.
ТМД-дағы KPMG қызметінің негізін ішінде шетелдік және жергілікті мамандардың тәжірибесі үйлесетін мықты жергілікті тәжірибелер құрайды. Қажет болған жағдайда кез-келген бөлім, орталық, жобаға жауапты өз ресурстарын басқа елдердегі компания бөлімдерімен қолдана алады. KPMG-дың перспективалық стратегиясы шетелдік қызметкерлердің басқа елдерде жинақтаған тәжірибелерімен жергілікті мамандармен бөлісу болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|