Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Етістіктің рай категориясы

В казахском языке существует 4 вида рай категория

Рай Суффиксы
Ашық рай ----------
Бұйрық рай (повелит-ое наклонение) -айын, -ейін, -айық, -ейік
Қалау рай (желат-ое накл.) -ғы, -гі, -қы, -кі + кел
Шартты рай (условное наклонение) -са, -се

 

9, Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады. [1]

Түрлері (Типы) Мысалдар (Примеры)
І. Тұлғасына қарай (По способу образования) Негізгі (Непроизводные) бір, екі, үш, төрт, бес, отыз, елу, жүз, мың, т.б.
2. Туынды (Производные) бірінші, екінші, біреу, ондай, мыңдаған, т.б.
ІІ. Құрамына қарай (По составу) 1. Дара (Простые) бір, екі, үш, он, отыз, алпыс, жүз, мың, т.б.
2. Күрделі (Сложные) он төрт, жиырма бес, жүз он жеті, екі-екіден, оннан екі, екі мың отыз, қырық бестей, тоғызға жуық, т.б.
ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)
1. Есептік (Количественные) бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.
2. Реттік (Порядковые) бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.
3. Жинақтық (Собирательные) біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
4. Топтау (Группирующие) бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.
5. Болжалдық (Приблизительные) бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.
6. Бөлшектік (Дробные) екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.

 

10, Сын есім
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер бар. Ол сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлінетіні белгілі. Соның бір тобы — зат есім деп аталса, келесі бір тобы — сын есім деп аталады. Сын есім заттың құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есімнің мынадай манызды белгілері болады.

1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек) т. б.
2. Заттын көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білділеді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк) т. б.
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (адам), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі) т. б.
4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек) т. б.
5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс) т. б.
6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп… (Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері тун және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн?— желсіз түн; қандай ай?— жарық ай.
Сөйтіп, заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

 

11, Сын есімнің шырайлары - Степени сравнения прилагательных.

Жай шырай совпадает по форме основной сын есім и называет качество предмета. Например: ақ қар /белый снег/, ұзын көше /длинная улица/.

Салыстырмалы шырай образуется от положительной степени с помощью суффиксов:

а) -рақ, -рек /если корень оканчивается на гласный/

-ырақ, -ірек /если корень оканчивается на согласный/

Мысалы: аласа+рақ - ниже, үлкен+ірек -больше.

б) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу - в соответствии с законами сингармонизма и прогрессивной ассимиляции согласных.

3. Күшейтпелі шырай образуется при помощи сочетания основной формы прилагательного (жай шырай) с усилительными словами ең - самый, өте - очень, тым - весьма, которые обозначают высшую степень качества признака. Например: ең тәуір адам - самый хороший человек. Первому слогу прибавляется суффикс –п. Например: жап-жасыл, қап-қара, исклучение аппақ, көкпеңбек.

12,

 

Септеуліктер Послелоги Примеры
Дейін (шейін) бойынша до в течение (вдоль, по) после Университетке дейін - до университета жыл бойына - в течение года, айтуы бойынша - по его рассказам сабақтан соң - после урока түстен кейін - после обеда
Арқылы Туралы үшін бәрі басқа бұрын әрі через о, об для, ради, чтобы с кроме раньше дальше сен арқылы - через тебя шаруашылық туралы - о хозяйстве сен үшін - ради тебя оқу үшін - для учебы былтырдан бері - с прошлого года менен бұрын - раньше меня әрі отыр - сядь подальше

 

 

14 Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. [1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.[2]

 

Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.[3]

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау мен сен ол
Ілік менің сенің оның
Барыс маған саған оған
Табыс мені сені оны
Жатыс менде сенде онда
Шығыс менен сенен онан (одан)
Көмектес менімен сенімен онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

[өңдеу] Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

[өңдеу] Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

[өңдеу] Өздік есімдік

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

[өңдеу] Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).

2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

3. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

[өңдеу] Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

[өңдеу] Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[4]

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кольори безпеки та знаки безпеки праці. Види знаків безпеки. | ТРАКТОРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных