ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақтың зергерлік қолөнері туралы шағын мәлімет жазыңызҚолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет — ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Зергерлік өнерінің ұлттық мәдениетімізде тарихи орны ерекше болумен қатар, бір жағынан халқымыздың материалдық мәдениетінің дәрежесін көрсетсе, екінші жағынан – рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын білдіреді. Үйсіндер – Орталық Азия аумағындағы ең ірі алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі (б.з. дейінгі II ғасыр). Мыс, темір, асыл метал өндіру, балқыту және өңдеу үйсіндердің шаруашылығында маңызды орында болып, алтын және қола кең көлемде қолданылды. Олардан білезіктер, сырғалар, сақиналар, киім әшекейлері жасалынды.Зергерлік бұйымдар арасында алтын, мыс, қола сымдарынан оратылып жасалынған сырғалар, тастан жасалынған салпыншақтар, бір жағы құстың мүсіндік бейнесімен әшекейленген қола түйреуіштер кездеседі. Алматыға жақын жердегі Қарғалы шатқалында табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін жарқын сипаттайды. Диадема ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінде өз орнын тапты. Диадемадағы суреттерде үйсіндердің діни – нанымдары және мифологиясы бейнеленген болуы керек. Үйсін қоғамындағы ру – шонжарларының атрибуттары да өте қызықты: тастан және алтыннан жасалған мөрлер. Әлемді елең еткізген өлмес мұраның бірі Есік Қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған, киім киісіне қарағанда оның патша сарайына қатысы бар, немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата – бабамыздың жоғарғы мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құралған қапсағай сауыт, қанатты тұлпар мен арқар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлер. Дулығаны көмкерген алтын бастырмалар өте бір нәзіктікпен бедерленіп сызылған. Бастырмалардың ішіндегі көңілді ерекше аударатыны «Тау басындағы барыс» бейнесі. Барыстың шиыршық атқан айбарлы кейпі, сан құбылған қимыл – қозғалысы, бедерлеме мәнерлі сызықтарының толқынды тарамдары — адамды арбап сүйсіндіреді. Екінші бір ерекшелігімен көзге түсетін зат белдеме – белдіктің айшықтары. Белдіктің қапсырмасындағы бұғының бейнесі бедерлеме өнер тарихындағы айшықтау тәсілінің озық үлгісі. 45. Өз туған өлкеңнің географиялық жағдайын сипаттап жазыңыз. Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында теңіз деңгейінен 700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі рекреациялық объектілерге шолу жасалады. Алматы – еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Табиғат жағдайлары, күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлығы, су, өсімдік, жер және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді. Қазақстанның табиғи ортасының табиғат жағдайлары мен экономиканы дамыту айырықша бай әрі алуан түрлі. Республикада бағалы кен байлықтарының көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің егін алқабы, ұлан-байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар. Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар. Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, әрі республиканың Қызыл кітабына енген. Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан. Алматы облысы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады. Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|