Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақ елінің тарихы орындары туралы шағын мәлімет жазыңыз.




Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб-Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырдағы араб географы Якут Тарбанд Тұрар, Тұрарбанд, Отырар – бір қала деп жазады. Х ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады.

Түркістан, Иасы-Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных