Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бу Насыр Әл-Фараби туралы шағын мәлімет жазыңыз.




Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл, замандастары құрметтеп «екінші Аристотель» деп атаған. Әбу Насыр әл-Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінде орта ғасырда (870 ж.) дүниеге келген. Балалық шағы Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен.

Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы аса бай кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады. Барлық қолжазба қорын оқып бітіргеннен кейін сол кездегі аса ірі мәдениет ошағы Бағдат қаласына барады. Онда Аристотель, Евклид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Әл-Фараби математиканың, сәулет өнерінің және музыканың негізін қалаушы деп саналады. Әбу Насыр – ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғұлама ұзақ уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс жеті тіл білген деп айтады.

Әл-Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын жасаған. Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер атты жұлдыздар тобын «түн сағаты» ретінде пайдаланса, күндізгі уақытты «күн сағаты» арқылы айыратын болған.

Әл-Фарабидің «Күн сағатында» күн сәулесін сызық, ал жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп шығарған.

Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымы тарихынан берік орын алады. Фарабидің Каир, Бейрут, Хайдарабад, Анкара, Берлин, Лондон қалаларында араб тілінде басылып шыққан қолжазба еңбектері Братислав мұражайында сақтаулы. Фарабидің еңбектерінің 7 томы қазақшаға аударылып басылып шықты.

Ғұлама ғалым еңбектерінде адамдардың бақытқа, молшылыққа жету үшін бір-біріне әділетті дос болуын насихаттап жазды.

Фарабидің «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады», - деген сөзі бүгінгі өмірге бағыштап айтқан сияқты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных