ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лы ғалым өмірі -ұрпаққа өнеге» тақырыбына эссе жазыңыз.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) қазақтан шыққан географ, Қазақстанды, Шығыс Түркістанды, Орталық Азияны зерттеген саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этногроф. Шоқан қазіргі Көкшетау облысындағы Обаған көлі жағасында Құсмұрын деген жерде 1835 жылы дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс әйгілі Абылай ханның немересі. Жасынан медреседе сауатын ашқан Шоқанды әкесі 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға береді. Зерек Шоқан орыс тілі мен әдет ғұрпын аз уақытта-ақ үйреніп қала өміріне тез бейімделеді. Білімқұмар жас бұрыннан оқып жүрген орыс балаларын қуып жетіп, оқытушылардың көзіне түседі. Мұнда өзімен қатар оқып жүрген, қазақ жерінде туып өскен Г.Н.Потанинмен танысып, екеуі дос болады, бірге Орта Азияға саяхатқа шығуды армандайды.Шоқан кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітіріп шығып, Батыс Сібір генерал губернаторлығында қызмет етеді.1856 жылы Орта Азияны зерттеуге құрылған әскери экспедиция құрамына алынып, қазақ жерін, Ыстық көл маңын, Орта Азияны зерттеуге қатысады. 1856 жылы Шоқанның патшалық Ресейдің географиялық қоғамын басқаратын П.П. Семенов Тянь-Шанскиймен кездесуі кейінгі өміріне көп өзгерістер жасайды. П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 22 жастағы Шоқанды орыс география қоғамына толық мүше етіп қабылдайды. Сол кездегі көптеген ғылыми экспедициялар П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің тікелей қолдауымен жасақталды. Шоқанның Қашқария сапары П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің басшылығымен ұйымдастырылды. Қашқария бұған дейін Еуропа елдерінің бірде бір саяхатшысы өте табысты болып, ол көптеген ғылыми мәліметтер жинап қайтады.Шоқан «Жоңғария очерктерін», «1858 – 1859 жылдардағы Алты шаһар немесе Қытай провинциясын Шығысындағы алты қала жағдайы», «Тау қырғыздары туралы», «Шаман діні», «Күнделік дәптерлер» атты еңбектерін жазады. Осы жазған еңбектері дүние жүзінің көптеген тіліне аударылды. Қырғыздың атақты «Манас» жырын алғаш жазып алғанда Шоқан еді. Бірақ ғалымның өмірі қысқа болды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|