Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Каспийдің экологиялық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.




Каспий теңізінің жағалауы мен табанынан мұнай өндірудің жыл сайын үдей түсуі мемлекетаралық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісіне түсуіне әкеп соғуда.қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануы, ауа, су ресурстарының сапасының нашарлауы, фауна мен флораның зардап шегуі мен адам денсаулығының нашарлауы тұрғындардыалаңдатып отыр. Тұтастай алғанда Каспий теңізінде өсімдіктердің – 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Жағалауға таяу аудандарда көміртегі шикізатын барлау және зерттеудің одан сайын кең қанат жаюы, өзен, өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі, теңіз апаттарының болуы салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің теңіз бетіне тарауы, т.с.с. зиянды антропогендік процестерді күшейте түсті.Каспий теңізі солтүстік бөлігі дүние жүзінде сирек кездесетін – бекіре, итбалықтар, шоқыр, қара уылдырық беретін балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи қорық деп жарияланған. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірбиелері бар екендігі ұсынған.

Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған.Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылу құбылысы енді қызыл балықтарға қауіпін төндіруде.

Сонымен бірге теңіздің кіші інжу-маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, северюга, тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін мнемиопопсис деп аталатын мөлдір денесі іркілдеген теңіз жәндігі – медузаның көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар. Медуза – мөлдір түсті, денесі іркілдек теңіз жәндігі.

Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр Әлдебір құдірет Каспийге енді сол тауықметті тартқызбақ.

Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінен ауыр металдар – қорғасын, сынап пен калий бар екендігін анықтаған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек қазіргі кездегі Каспий теңізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан теңіз.

Балық бағалы байлық. Тек Каспий байлығымен қазіргі күні 5 мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, осыншама халық қалай күн көрмек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных