Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ажайып таулы өлкелер» тақырыбына эссе жазыңыз.




Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады. Сарыарқа тауы солтүстүгінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Торғай үстіртінен шығысында Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 250-400 метр. Сарыарқаның жер бедері алуан түрлі. Мұнда тек тегіс жерлер ұсақ шоқыларға алмасып отырады. Сондықтан да «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп аталған. Сарыарқаның шоқыларының биіктігі де әр түрлі. Сарыарқаға Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау таулары жатады.

Палеозой эрасында қазіргі Сарыарқа жерінде жанартаулар атқылап, тау түзілу процесі жүрген. Содан бері миллиондаған жылдар өтті. Таулар біртіндеп мүжіліп, ұсақ-ұсақ шоқыларға айналған. Сарыарқа өнірінің табиғаты өте әсем, көрікті. Сарыарқа жерінен жел, жаңбыр мен қар, күн сәулесі, ауа райы т.б. әсерінен мүжілген әр түрлі пішінді тауларды, үлкенді-кішілі үңгірлерді кездестіре аласыз.

Мұғалжар тауы – Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай екі жүз шақырым жерге созылады. Оның теңіз деңгейінен биіктігі орташа есеппен 450 метр. Ең биік шоқысы – Үлкен Боқтыбай (657 метр). Мұғалжар тауы шөгінді және магмалық жыныстардан құралған ежелгі тауларға жатады.

Маңғыстау таулары Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр. Маңғыстау таулары құрылысы, жер бедерінің жалпы ерекшеліктері жағынан Сарыарқа тауларына ұқсас. Маңғыстау тауының Қаратау жотасының биіктігі – 556 метр. Таулар құмтас, кристалды сланец, қара әктас (Қаратау), ақ әктастардан (Ақтау) құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Қарақия қазан шұңқыры бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных