ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табиғат- таным бастауы» тақырыбына эссе жазыңыз.Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады. Республикамыздың солтүстігінді қыс қараша айынан бастап наурызға дейін созылады. Дала зонасының қысы боранды, өте суық әрі ұзаққа созылады. Қарашадан бастап қар түседі. Ал шөлейт аймақтың қысы боранды, әрі суық келеді. Қар негізінен қарашадан ақпан айына дейін жатады. Солтүстік және Орталық Қазақстанның қысқы ауа райына Азия (Сібір) антициклоны едәуір әсер етеді. Таулы аудандардың қысы биіктік белдеулікке байланысты қалыптасады. Қазақстанның оңтүстігінің қысы жұмсақ, желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Алайда артктикалық ауа массаларын оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын Орта Азия мен ирандық тропиктік ауа массаларын ауыстырып, күн қайтадан жылына бастайды. Суық ауа мен жылы ауаның алмасуынан жауын – шашын түседі. Ауа райының кенеттен өзгеруінен кейде жер көктайғақтанады. Көктем республика жеріне ерте келеді. Көктемнің ұзаққа созылуы сирек. Көктем алдымен Оңтүстік өңірінде шығады. 1,5-2 айдың шамасында көктем Солтүстік аймаққа да жетіп, жердің беті жылына бастайды. Республика жерінде қар оңтүстікке ақпан айында, Оталық Қазақстанда наурыз айында, Солтүстік Қазақстанда сәуір айында ери бастайды. Ал биік тау беткейлерінде көктем айында жауын – шашын молырақ жауады. Қазақстанның жазы ыстық әрі ұзақ, мамырдан қыркүйекке дейін 5 айға созылады. Солтүстік Қазақстанның жазы ылғалды. Солтүстік – батыстан соғатын циклондар жауын – шашын әкелетіндіктен, мұндай ауа райы жаздық егіске өте қолайлы келеді. Қазақстанның күз айы қысқа әрі құбылмалы келеді. Солтүстік аймақта күз тамыз айынан басталып қазан айына дейін созылады. Көбіне күн ашық, бұлтсыз болады. Қазан айының соңына таман ауа райы бұзылып, кей жерлерде қар түсе бастайды. Ал республиканың оңтүстігінде күз айының екінші жартысынан желтоқсан айына дейін созылады. Күзде жауын – шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады. Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық жел соға бастайды. Таулы аудандарда күз өте қысқа болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|