Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лемге әйгілі Астана» тақырыбына эссе жазыңыз.




Сарыарқа төсінде, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Астана. Жалпы, Астана күні 1998 жылдан бері тойланып келеді. 1994 жылы шілденің 6 – сы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы қаулысы қабылданды. Бұдан кейін, 1997 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі шықты. Қаланың қазіргі атауы қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Қазақша елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

Қазір Астанада алыс-жақын шетелдерден келген туристерді жалықтырмайтындай әсем де, айшықты орындар қала көркін сәндендіре түседі. Оларға – «Астана Бәйтерек», «Атамекен», «Қазақстан картасы этномемориалдық кешені», «Думан» ойын сауық орталығы, «Астаналық цирк», «Нұр-Астана» мешіті және т.б. орталықтар жатады. «Астана-Бәйтеректің» биіктігі 97 метр, аумағы 22 метр. Темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Ол жерге қадалған 500 қадаға орнатылған. Салмағы 300 тонналық «хамелеон» әйнегінен жасалған шар Астананың көркін келтіріп тұрған ең әдемі кешен. Мұнда талай жас ақ некесін қиып, жұбайлық өмірге жолдама алды. Қаншама адамдар асқақ армандарын осы алып бәйтерекпен ұштастырды.

Қаланың рухани байлығын, өнерге деген талғам биігін көрсететін бұдан басқа, Қазақстан Президенті Мәдени орталығы, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ сазды-драммалық театры, Конгреес-холл, «Жастар» сарайы, ҚР бірінші Президентінің мұражайы, «Самұрық» және «Арсенал» кинотеатры, С.Сейфуллин мұражайы, Қ.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, М.Горький атындағы орыс драма театры бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных