Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туған жердің табиғатын аялайық» тақырыбына эссе жазыңыз.




Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармаумыз керек. Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзілуіне мыңдаған жылдар кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда. Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом стансалары, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері, қолдан жасалған заттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсуімен қатар қауіп-қатер туғызуда.
Бір ғана мысал: бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған озон қабаты тесілуінің өзі-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулыға зауал болмақ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных