ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Су – біздің байлығымыз» тақырыбына эссе жазыңыз.Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Миллиардтай адам жуынатын, шаруашылыққа және ішер судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, іш сүзегі және жұқпалы гепатит, толяремея, бруцелез, вирустық аурулардың барлығын, атап айтқанда 80% ауруды дәрігерлер адамның ішуге пайдаланылатын суымен байланыстырады. Соңғы кезде республикамыздың әр аймақтарында ғасырлар бойы кездеспей кеткен жұқпалы аурулардың өршіп, қайталануы да осы су мәселесімен тығыз байланысты. Олай болса, Отанымыздың экологиялық тазалығын сақтау еліміздің, халқымыздың денсаулығын сақтау екендігін ұмытпауымыз керек. Қысқасы, қазақ даласының табиғатын аялау, күту өзіміз үшін керек.Ол байлық көзі, ұлттық ұғым түсінігіміздің, менталитетіміздің негізі. Ендеше табиғатты сақтау, мәпелеу – біздің ұлттық міндетіміз. Ел тағдыры – экологияға да келіп тірелген тұсқа келдік. Бірлесіп күш салайық. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|