ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз.Мемлекеттік тіл - ұлт негізі» тақырыбына эссе жазыңыз. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. азақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз. Тіл - халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. 3) «Мәртебелі мемлекеттік тіл» тақырыбына эссе жазыңыз. «Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ», - дейді Ш. Айтматов. «Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты»,- дейді Ғ. Мұстафин. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі қазақ тілі өзара туыстас ру-тайпа одақтарының бірігуі және соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуы нәтижесінде 15-17 ғасырда қалыптасқан. Қазіргі қазақ тілін ру-тайпалық тілдердің ұзақ тарихи даму барысында қалыптасып, тұтастыққа қолы жеткен бір бүтін тіл деп қабылдасақ, ол өзінің осы ұзақ тарихының көне, орта және қазіргі даму кезеңдерінде әр алуан жағдайларды басынан кешіргенін мойындағанымыз жөн. Қазақ тілімен байланыста болған тілдерді екі топқа бөлуге болады: туыстас, түркі тектес тілдер мен туыс емес (мыс: оған қытай, иран, араб, монғол, тұнғысманчжур, славян және т.б.) тілдерді жатқызуға болады. Осыған орай қазақ тілінің басқа тілдермен байланысуының сипаты және нәтижелері бірдей еместігін көрсеткен жөн. Қазіргі кезде дүние жүзінде 5651 тіл бар, оларда сөйлейтіндер саны миллиардтан асады. Сөйлеушісінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында қазір 70-ші орында. Ж. Аймауытов ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі екенін айтады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|