Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Судың да сұрауы бар» тақырыбына эссе жазыңыз.




Соңғы 10 жыл ішінде теңіздер мен мұхиттардың мұнай мен мұнай өнімдерімен ластануы күшейіп, теңіздегі биологиялық үдерістердің жүруі бұзылған. Оның ластануы 60-98% құрайды, ал қайраңдық кен орындарының теңіз түбіндегі сұйық көмірсутектің табиғи мөлшері 2-10%. Қазіргі кезде мұнайлы ластаушылардың 66% теңізге өзен сулары арқылы араласатын болса, 24% қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Жерасты суларының ластануы өзен мен теңіз суларының ластануымен қатар жүреді. Нәтижесінде берілген ауданның антропогендік әсерлерге ұшырамаған жерасты суларымен салыстырғанда, олардың құрамы мен физикалық қасиеттері нашарлайды. Жерасты суларын ластаушы көздер ластандырғыштың түрі мен пайда болуына, олардың су қабаттарына түсу жағдайларына байланысты бөлінеді. Ластанған суда көмірсутектер, мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металдар т.б. кездеседі. Мұның бәрі судағы өсімдіктер мен балық шаруашылығына үлкен зиян келтіретіні сөзсіз. Ғаламшарымыздың 70% су алып жатыр, ал күніне 25000 адам жер бетінде тұщы судың жетіспеуінен көз жұмады екен. Миллиардтай адам жуынатын, шаруашылыққа және ішер судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, іш сүзегі және жұқпалы гепатит, толяремея, бруцелез, вирустық аурулардың барлығын, атап айтқанда 80% ауруды дәрігерлер адамның ішуге пайдаланылатын суымен байланыстырады. Соңғы кезде республикамыздың әр аймақтарында ғасырлар бойы кездеспей кеткен жұқпалы аурулардың өршіп, қайталануы да осы су мәселесімен тығыз байланысты. Олай болса, Отанымыздың экологиялық тазалығын сақтау еліміздің, халқымыздың денсаулығын сақтау екендігін ұмытпауымыз керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных