ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Халықтық болжам алдамайды дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жазыңыз.Ауа райы туралы қазақ халқының болжамдары біздің дәуірімізге дейін жеткен. Солардың бірі ауа райын болжау тәсілдері, ғылыми тілмен айтқанда, фенологиялық бақылау тәжірибесі атадан балаға жалғасып, табиғат сырын ашуға септігін тигізген. Қазақ халқы табиғат мезгілдерін ерте заманнан түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп қолдана білген. Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен бабаларымыз өздері туған жердің табиғи ерекшелігі мен табиғат құпиясын терең білгендігі сондай, көз ашырмас боранда, жердің шөбінің дәміне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, жыл мезгілін ерте болжап, өзінше қам-қарекет жасаған. Көктем мезгілі. Ақтұмсық қара қарғаны - көктемнің хабаршысы деп атайды, олар оңтүстіктен ұшып келген күннен бастап 20-25 күн өткесін жердің қары еріп, өзеннің мұзы кетіп, су таси бастайды. Егер көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін болып, егін бітік шығады. Егер жаңа ай шалқасынан туса, ауа райы малға қолайсыз болады. Ал жаңа ай тік туса, ауа райының малға жайлы болғаны деп білеміз. Тоғанда өсетін ақ ләйлек жайыла гүлдесе, көктемгі үсік болмайды деп болжайды. Осыған қарап жер жырту, дәнді дақылдарды себу мезгілдерін де болжауға болады. Жауқазын шықса, жер жыртатын кез келді дей беріңіз. Жазғы мезгіл. Жаздың алғашқы тұманы - саңырауқұлақтың мол болатынының белгісі. Кептер аударылып, аунап ұшса, күн ашық болады. Мысық тұмсығын ашып ұйықтаса, күн ашық болады, тұмсығын тығып ұйықтаса, күн жауынды болады. Инеліктер бұтадан асып қалықтап ұшса, ауа райы жақсы болады, егер топтасып ерсілі-қарсылы ұшса күн бұзылады. Өзен-көлде балықтар көп шорши бастаса, жаңбыр жауады. Күн батарда қызыл шапаққа бөленіп көкжиектен таса болса, ертеңіне шыжыған ыстық болады дей беріңіз. Күз мезгілі. Далада жусан басына ілініп мизам жіпше шұбатылса, күз ашық, жылы болады. Тышқан інінің топырағын алысқа тастаса, қыс жайлы болады. Керісінше топырағын інінің аузына тастаса, қыс қатты болады. Күзде тышқан биікке шығып шиқылдаса, ұзамай қар жауады. Торғайлар, шымшықтар бүрісіп домаланып отырса, көп кешікпей күн суытады. Қараша қаздар оңтүстікке ұшып кеткесін, бір жұмадан кейін күн суытып, қара суық болады, қар жауады. Күзде 9 рет тұман болғаннан кейін алғашқы су қатып, қар түседі. Қыс мезгілі. Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады. Әтеш бір аяқпен тұрса, аяз болады. Суаттан су ішіп болған сиырлар артқы аяғын сілкілесе, күн аязды болады. Шілдер қардың астына тығылса, ұзамай боран болады. Егер сиыр аяғымен үстіне қар шашса, көп кешікпей күн жылынып, қар ериді Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, боран болады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Ит қарға қайта-қайта аунаса, боран болады. Кемел ойдың иесі - кемеңгер халық ертеде жаз бен күз күндерін қыспен байланыстыра отырып, сан түрлі ауа райына болжам жасаған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|