ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лттық мейрамдар» тақырыбына эссе жазыңыз.Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз — парсы сөзі, қазақшасы “Жаңа жыл”, “күн” деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз — бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл — күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы — “Ұлыстың ұлы күні” деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз — табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні: “бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық”, — дейді. Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия өкілдері: “Бұл күні Самарханның көк тасы да жібиді”, — деп, зынданда жатқан тұтқындардың қол аяғын босатып кешірім берген.Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: “Ұлыс құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!”, “Төрт түлік ақты болсын!”, “Ұлыс береке берсін”, “Бәле жала жерге енсін!” Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән күйге жалғасады. Халқымызда бұл күнге арналған “Наурыз тойы”, “Наурыз жыры”, “Наурыз көже”, “Наурыз батасы” сияқты салт дәстүрлер бар. Наурыз көже — азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақ тіліндегі “Жеті” сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүт, ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. Осыдан кейін әр отбасы ағайын, туған-туыстарына, көршілеріне де татырады. Наурыз мерекесін Кеңес өкіметі діни салт деп қарап, 70 жыл бойы тойлатпай келді. Еліміз егемендік алғаннан бері “Наурыз” күні қайта тойлана бастады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|