Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Факультет тарихы туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.




География факультеті 1948 жылы ашылды. 60- жылдың ішінде 5000-нан астам мамандар дайындалды. География факультеті күндізгі және сырттан оқыту түрлері бойынша мамандар даярлайды. Факультет ашылғалы үш мыңнан астам мамандығы жоғары инженер-геолог, метеоролог, гидролог, геоморфолог мамандарын, физикалық және экономикалық география мамандарын даярлап шығарды. Олар Қазақстан Республикасының ұлттық Ғылым академиясының әртүрлі ғылыми мекемелерінде, педагогтік, іздестіру, жобалау институттарында, орта мектептерде, экология жөне айнала ортаны бақылау қызметтерінде, метеорология станцияларында, әуежайларда жұмыс істейді.Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде: Орта Азия республикаларында, Ресейде, Украинада істейтін инженер-гидрологтар мен метеорологгар да аз емес.

Қазіргі кезде география факультетінде бес кафедра бар: физикалық география, экономикалық және әлеуметгік география, геоморфология, құрлық метеорологиясы мен гидрологиясы; айнала ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану кафедрасын ашу көзделуде. Факультет 1992 жылдан бастап географ мамандар даярлаудың екі сатылы оқыту жүйесіне көшті.

Бірінші сатысы — география бакалаврын даярлау (4 жыл), оларға география бакалавры, зерттеуші; география бакалавры, эколог; география бакалавры, оқытушы; география бакалавры, гидролог; география бакалавры, метеоролог мамандықтары берілетін болады. Екінші сатысы - жогары ок,у орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері үшін география магистрын даярлау, оқу мерзімі (2 жыл)

Факультеттің ТМД елдерінің көптеген университеттерімен тығыз оқу-әдістемелік және ғылыми байланыстары бар. Факультеттің жетекші оқытушылары ТМД елдері университеттері Ассоциясының география және гидрометеорология мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік Бірлестік Президиумы мен секцияларының, мәжілістері өткізіледі.

1989 жылдан бастап Қазакстан Республикасы Ғылым академиясының география институтында факультет филиалы, Казгидромет жанында - құрлық метеорологиясы мен гидрологиясы кафедрасының филиалы жұмыс істейді. Бұл ірі мамандарды дәріс беруге және студенттердің дипломдық жұмысына басшылық етуге тартуға, институт базасын оқу және өндірістік тәжірибе үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Геология негіздерін оқып-зерттеудің сапасын көтеруде Республика Ғылым академиясының геология институтының мұражайы үлкен көмек көрсетеді. Онда студенттер минералдар коллекциясын көріп және мұражайдың осы заманғы лабораториялық жабдықтарын пайдаланады.

География факультеті республика оқытушылары үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных