Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСтарЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР




 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130200 – «Стоматология»  
Кафедра - химия  
     
Құрастырғандар:  
1 кредит (бейорганикалық химия) доцент, х.ғ.к. Карлова Э.К.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) Кағазбекова Г.А.
   
   
   
   
   
   

 

 

Алматы, 2015 ж


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама № 1, «_____» _ 2015 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

 

 

 

СӨЖ, №1

Тақырыбы: Химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі

МАқсаттары:

· комплексті қосылыстардың құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру;

· Вернертеориясы негізінде комплексті қосылыстың құрылысын сипаттай білуді үйрену;

· комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуының негізін қалау;

· студенттерде адам ағзасындағы темірдің, кобальттың және т.б. комплексті қосылыстардың құрылысын қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

оқыту міндеттері:

· Вернердің координациялық теориясын қолдана отырып, комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттай білу;

· ИЮПАК халықаралық номенклатура ережелері бойынша комплексті қосылыстардың атауын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

· комплексті бөлшектердің біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру принциптеріне үйрету;

· тұрақсыздық константасының шамасын пайдалана отырып, комплексті бөлшектің тұрақтылығын сандық жағынан сипаттаудың әдістерімен таныстыру;

· медициналық практикада қолданылатын комплексті қосылыстармен (хелатотерапия) таныстыру және ауыр металдар иондарымен уланғанда комплекс түзілу реакцияларын пайдалану механизмін түсіндіру;

· санитарлық-гигиеналық практикада комплексонометриялық титрлеуді пайдалануға болатын мүмкіндігін көрсету (судың кермектілігін анықтау және басқалар);

· СӨЖ орындалу нәтижелерін қорғауын ұйымдастыру.

ОРЫНДАЛУ ФОРМАСЫ:

· оқу материалын өздігінен зерттеу;

· оқытушының нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық байланыс типтері және оларды валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан сипаттау. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты.

2. Химиялық байланыс құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.

3. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы.

4. Полидентантты лигандалар. Полидентантты лигандалары бар комплексті қосылыстардың түзілуі. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия. Заттар молекулаларының құрылысы мен олардың физиологиялық әсері арасындағы байланыс.

5. Комплексонометрия. Олардың санитарлық-клиникалық анализде қолданылуы.

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА:

1. Ақпараттың түрлі көздерін пайдалана отырып, қарастырылатын тақырыптың материалын жоғарыда тізіп көрсетілген сұрақтар бойынша оқып-зерттеу (төменде көрсетілген әдебиетті пайдалануға болады).

2. Есептер мен тапсырмалар жиынтығынан оқытушының нұсқауы бойынша әр түрлі типті 5-10 есепті шығару [5] (6 тақырып).

ОрЫндалу КритериЙлері:

Есептерді шығаруға қойылатын талаптар:

· әрбір студент үшін шығару үшін есептердің санын оқытушы жеке түрде анықтайды;

· есептер СӨЖ-на арналған дәптерге өрнектеліп жазылады;

· шешуі бар есеп толығынан мәліметтердің берілгені, түсіндірулері мен жауабы көрсетілген, есептің сатылай шығарылу жолы болуы тиіс.

 

БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

· СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

· мәтінді құрастыру;

· есептерді шығару – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, комплексті қосылыстың құрылысын түсіндіре білу және оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас есептерді шығара білу қабілеті;

· тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырып бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.

Есептерді шығаруда максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;
  • жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;
  • студент әрбір сатыны, біріншілік және екіншілік диссоциациялану процестерінің мәнін, комплексті ионның тұрақсыздық константасының физикалық мәнін түсіндіре алады;
  • студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, ағзадағы комплексті қосылыстардың биологиялық ролін және олардың медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;
  • студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;
  • студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.

ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Үшінші сабақ

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.95-102.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 649-686.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 86-102.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

БАҚЫЛАУ

Бағаланатын компетенция:

1) Өзін-өзі дамыту.

Бақылау әдістері:

1) Тапсырмалардың орындалуын тексеру;

2) Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К.Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 95-114 б.)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных