Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП: α-Амин қышқылдарының биологиялық маңызды касиеттері. Пептидтер.




МАҚСАТЫ:

α-Амин қышқылдарының құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттері туралы білімді пептидтердің түзілуінде қолдана білу

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Білім алушының мүмкіндігі бар:

1) α-Амин қышқылдарының құрылыстарына қарай реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыруға.

2) α-Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді пайдалана отырып белоктарға, пептидтерге, α -амин қышқылдарына сапалық реакциялар жасау нәтижесіне қарай тұжырым жасай білуге.

3) Оқытушы ұсынған α-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілу схемасын жаза білуге.

4) α-Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесін біле отырып ортаның рНна қарай белок молекуласының зарядын анықтай білуге.

 

ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ:

- Тақырыптың сұрақтарын оқу;

- Типтік тапсырмаларды орындау;

- Оқытушыдан кеңес алу;

- Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

1. Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.

2. Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.

БЕРІЛЕТІН материал:

Тапсырмалар:

1) Аланиннің а) СН3I, б) NaOH, в) HNO2, г) этанолмен реакцияларын жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар.

2) Изолейциннің, глутамин қышқылының дезаминдену реакцияларын жазыңдар.

3) Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңдар: 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар.

4) Трипептидтің, мысалы Гли-Вал-Фен (глицилвалилаланин) қышқылдық-негіздік гидролизін жазыңдар.

5) Трипептид глутатионның (¡-Глу-Цис-Гли) түзілуін жазыңдар. Биологиялық маңызы.

6) Бас миындағы нейропептидтің құрылысын- Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер.Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?

7) Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН~8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса?

ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных