Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы




Мазмұны

  • 1 Өсімдіктер
  • 2 Топтары
  • 3 Өсімдіктер жамылғысы
  • 4 Қоршаған ортамен байланысы
  • 5 Қоршаған ортаға бейімделушілігі
  • 6 Таралу жолдары
  • 7 Маңызы
  • 8 Тағы қараңыз
  • 9 Суреттер
  • 10 Дереккөздер

Сімдіктер

Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен(фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке классқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.[3]

Топтары

20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:

  • қызыл балдырлар
  • нағыз балдырлар
  • ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.

 

 

Вирус [2] (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

 

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар).
B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар).
Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7) қабықшаның мембраналық ақуыздары.

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.

Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

 

Аюлар [1] (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

 

Ақ аю

Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, кокжөтелге, шиқан, сыздауық шыққанға, бала денесіне шыққан бөртпеге және сары ауруға қарсы ем ретінде саналады. Мәлімет берушілердің айтуына қарағанда, Аю етін асқазан қыжылдау, кекіру сияқты ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады. Оны кебірек жесе денені қыздырып, қан қысымын көтереді. Аюдың қыртыс майын боршалап, жел-қүздан болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан қиғаққа (теміреткі тәрізді) қыздырып тартады. Ұйқысы қашып жүрген адам иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аю терісінің үстіне бір ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды

Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б.з.б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.[1]

Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады.

 

Тыныс алу жүйесі [1] - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных