Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Талқылауға арналған сұрақтар




1. Сұраныс деген не? Сұраныстың функциясы? Сұраныс заңының және сұраныс заңдар парадоксының (оғаш пікірінің) мәнін ашып көрсетіңіз.

2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз. Ұсыныс қисық сызығы және оның пішіні.

3. Нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). Вальрас бойынша және Маршалл бойынша теп-теңдік.

4. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мәнін ашып көрсетіңіз.

5. Тұтынушы мен өндірушінің артығы дегеніміз не? Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу шаралары оларға қалай әсер етеді?

3- Тақырып: «ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ»

Дәріс сұрақтары:

1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)

2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары

3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі

4. Тұтынушының тепе-теңдігі

Дәрістің мазмұны:

1. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)

Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік теориясы экономикалық үрдістердің, жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті (жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде игіліктердің пайдалылығын табудағы қағидаларға негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализм және ординализм. Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын келтірген.

Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»

Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр – игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: – нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар, әр қайсысының бағасы бар.

Тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.

Тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады – басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.

 

TU

 

Q

MU

 

 

Q

25 сурет. Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері

 

X,Y,Z игіліктердің әрқайсысынан 10 бірлігін тұтынушы сатып алады дейік. Осы игіліктердің пайдалылығы және бағалары жөніндегі мәліметтер келесі кестеде келтірілген:

Игіліктер Игілік- тер саны Шекті пайдалылық (MU) Бірліктің бағасы (Р) Шығындар бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P)
X        
Y        
Z        

 

Тұтынушының пайдалылықты жоғарылату ұмтылысында Х және Z тауарларға ақша шығару оңтайлы емес, ұтымсыз екендігіне, Y тауарының ең жоғары пайдалылығына көзі жетіп, (20-10 мен 15 қарсы), Х игілігінің соңғы бірлігінің орнына Y игілігінің тағы да 5 бірлігін сатып алады. (Х игілігінің бағасы 100 тең). Бюджеттің бұндай қайта бөлінуі (үлестіруі) тұтынушыға пайдасы көп нәтиже береді (5∙400 = 2000, бұл алғашқы үлестіруден 1000 ютильге көп). Сонымен, тұтынушы Х тауардың 9 бірлігін, Y тауардың 15 бірлігін, Z тауардың 10 бірлігін сатып алады. өз бюджетін оңтайландыру, ұтымды қылу мақсатымен сатып алушы әрі де қайта бөліп, үлестіруін әрі қарай жалғастыруына болады. Бірақ, Y тауардың неғұрлым көп санын (бірлігін) сатып алса, оның келесі бірліктерінің шекті пайдалылығы соғұрлым түседі. Сонымен бірге, Х игілігінің бірқатар бірліктерінен бас тартқан сайын, қалған бірліктердің шекті пайдалылығы өседі. Бір игілікті екіншісімен ауыстыру жолымен одан арғы бөлуге (үлестіруге) ынта азая береді.

Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде келтірілген:

Игіліктер Игіліктер саны Шекті пайдалылық (MU) Бір бірліктің бағасы (Р) Шығынның бір бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P)
X        
Y        
Z        

 

Бір игіліктің шығын бірлігіне келетін шекті пайдалылығы басқалардан көбірек болса, шығындарды соның пайдасына қайта үлестіру (бөлу) мақсатқа лайықты (сәйкес) болып келеді. Жаңағы мысал (кесте оны айқын көрсетеді). Барлық сатып алатын игіліктердің шығындар бірлігіне келетін шекті пайдалылығы тең болғанда (теңескенде), тұтынушының тепе-теңдігі орын алады. Тұтынушы тепе-теңдік жағдайда, егер: MU/PX = MUY /PY = MUZ /PZ = … = MUn /Pn = λ, мұнда λ – ақшаның шекті пайдалылығы.

Бұл ереже Госсеннің екінші заңында тұжырымдалған: игіліктер жиынтығын тұтынудан пайдалылықтың ең көбін (жоғары деңгейін) тұтынушы шығындар бірліктеріне келетін тұтынған игіліктердің шекті пайдалылықтарының теңдігінде алады. Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа кез келген тұтынушының өз ұнатымдары болады. Осыған сәйкес функционалды және функционалды емес сұранысты айырады. Оларды ең алғашқы болып американдық экономист Х.Лейбенстайн талдаған.

Функционалды сұраныс – тауардың тұтыну қасиеттерімен, оның пайдалылығымен себептелген сұраныс.

Функционалды емес сұраныс – басқа факторлармен, ең алдымен пайдалылыққа сыртқы ықпалдармен себептелген сұраныс. Бұл сұраныс 3 құрауышқа бөлінеді:

1. Көпке қосылу әсері, көппен болу себебінен туған сұраныс, бұл тауарды басқалар сатып алса, мен де олардан калмаймын деген тілек.

2. Сноб әсері, яғни «топтан ерекшелену» тілекпен себептелген сұраныс. Ол «көпке қосылу әсеріне» қарсы бағытта әрекет жасайды.

3. Веблен әсерімен себептелген сұраныс, яғни жұртқа көрсету, мақтану үшін туындайтын сұраныс.

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы (Дж.Хикс, В.Парето, Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:

1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы), осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы мүмкін.

2. «Транзитивтік» аксиомасы – егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.

3. «Қанықпау» аксиомасы – игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін) салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып (бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1 тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он ұнатымдылау болып келеді.

4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.

Тұтынушы ең пайдалыны барлық нұсқалардан ұнатымдысын таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы реттік ұнатымдық түсінігіне тең.

2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары

Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.

Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. 26 суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.

Y

A

 

2 субституция аймағы

 

1 B

U

 

1 2 3 X

26 сурет. Талғаусыздықтың қисық сызығы

Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі)

U2

Y U1

 

U

 

 

 

 

 

X

27 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы

Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).

Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.

MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.

Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.

Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:

1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);

2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);

3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталар­дың басында ойыс, батыңқы.

YYY

 

UUU

 

а) X б) X в) X

28 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері

3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі

Талғаусыздық қисық сызықтарының талдауы осы тұтынушыға ұнатымды игіліктер жиынтығын, осы игіліктердің өзара ауысу мүмкіндігін табуға жол береді (ашады), бірақ олар жиынтықтың қайсысы ең тиімді, оңтайлы екендігін көрсетпейді. Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады (29 сурет).

Y

I/PY

 

I/PX X

29 сурет. Бюджеттік сызық

Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін

I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы

PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.

Бюджеттік шектеудің түрі:

I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.

Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):

Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);

X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y

Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PYтауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.

Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:

1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;

2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;

3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.

Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (30 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ Y тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады: РХ Y = MRSXY

 

 


Y U1 U2 U3

•A •B

 

Е

 

YE XE X

30 сурет. Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)

4-Тақырып: «ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ. Өндірістік функция»

Дәріс сұрақтары:

1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция

2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы

3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсер

Дәріс мазмұны:

1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция

Алдыңғы тақырыптарда біз тұтынушы мінез-құлқын нарықтық қатынастар субъектісі ретінде талдадық. Енді олардың басқа қатысушысы – өндірушінің мінез-құлқын талдауына кірісейік. Осыған арналған микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген атау алды (фирма теориясы). Өндіріс теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы – зерттелетін категориялардың табиғаты субъективтік – психологиялық емес, объективтік.

Сонымен, өндіріс теориясында қызметі зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.

Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма – жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі – өндіріс үдерісі. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:

Жер – табиғи ресурстары

Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі

Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары

Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет

Өндірістің әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен –факторлардың белгіленген тұрақты қисынымен сипатталады. Ескеретін жәйт: кейде өндірістің 1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен іске асырылады. Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін негізгі факторы болып табылады. «Нәтижелілік» категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады. Экономикалық нәтижелілік – кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі: Q = f(Х1, Х2, Х3,…Хn)

Онда Q – шығару көлемі

Х1, Х2, Х3,…Хn – өндіріс факторлары

Барлық өндірістік функциялар жалпы қасиеттерге ие:

1. Әр қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды, технологияның өзгеруі өндірістік функцияның түрін өзгертеді.

2. Функцияның ішіндегі өндіріс факторлары өзара ауыстыралады – бұл неоклассикалық экономика теориясының негізгі қағидаларының бірі.

3. Өндірістік функция факторлардың тек қана технологиялық нәтижелі қисындарын баяндайды.

4. Өндірістік функция шығарудың тек қана ең жоғары мүмкін болатын мағыналарын көрсетеді. Өндірістік теориясында әдетте 2 факторлы өндірістік функциясы (Кобба – Дуглас функциясы) пайдаланады, онда өндірістің 2 факторын – еңбек пен капиталды тарту есебінде шығару іске асырылады.

Q = f(L,K),мұнда

L – еңбек

К – капитал

2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы

Өндірістің кез келген технологиясы өнімнің тапсырылған көлемін өндіру үшін екі фактордың ең аз жиынын сипаттайтын нүкте түрінде графикте көрсетілуі мүмкін. Осы нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін қисық сызығын (изоквантаны) – isoguanta аламыз.

Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін беретін өндірістің екі факторының барлық мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.

 

K

 

 

 

 

 

 

L

 

1 2 3

46 сурет. Изокванта

 

Еңбек пен капитал санының әр түрлі амалдарында изоквантада орналасқан кез келген нүктеде өндірістің бір ғана көлемі жетіледі. Изоквантаны салу тұтыну теориясындағы парықсыздық қисық сызығын салумен методологиялық жағынан бірдей. Олар анықтама жағынан да жақын: парықсыздық қисық сызығы тұтынушының бірдей (ең жоғары) пайдалылық деңгейімен тауар таңдауының балама нұсқаларын көрсетеді, ал изокванта бірдей (ең жоғары) шығару көлеміне жетудің өндіріс факторлар шығындарының балама нұсқаларын. Факторлардың кез келген жинағында өнімнің ең жоғары шығаруын көрсететін изокванталар жиынтығы (47 сурет)

 

 


K

 

 

Q3

 

Q2

Q1

 

 

L

47 сурет. Изокванталар картасы

Изокванта картасының мәні парықсыздық сызығының мәніне сәйкес. Координата басынан изокванта неғұрлым алшақтау, шығарудың соғұрлым көп көлемін көрсетеді. Изокванталардың еңкіштігі теріс, түрі ойыс және де олар қиылыспайды.

Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):

MRTSLK = ­­– ΔК/ ΔL Q = const шартында.

Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен тікелей байланысты – норма олардың кері өзара қатынасына тең.

MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK), мұнда

МРL – еңбектің шекті өнімі (marginal product), еңбекті пайдаланудың бірлікке өзгеруінің нәтижесінде жиынтық өнімнің өзгеруі:

МРK капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру нәтижесінде фирма жиынтық өнімінің өзгеруі. Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің өсіп, ал еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп, еңбек бірлігінің қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTSLK шамасы төмендейді де, изокванта түзеледі. Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық мысалдың көмегімен көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны қолданады. Капиталды еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп, жұмыскерлер санын қысқартқанда), капитал бірліктерінің өнімділігі (қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің) өнімділігі өседі және керісінше. MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK) теңдігінен шығатын екінші маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың екіншісімен ауысуының шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың еңкіштігіне тең. MRTSLK маңызына байланысты өндірістік функциялардың әр түрлерін айырады:

1. Егер өндіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылатын, яғни бірі екіншісін толық ауыстырса (мысалы, балмұздақты сатушы немесе автомат арқылы сату), MRTSLK маңызы = 1 және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты түрде изокванта тура сызық түрде болады (48-а суреті).

2. Егер өнідіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылмайтын болса, MRTSLK маңызы = 0, изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.

KK

 

а) L б) L

48 сурет – Изокванталар типтері

3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері.

Пайдаланатын факторлар санының өзгеруі талданатын үдерістерге (процестерге) қандай ықпал жасайтынын көрейік. Мұнда (әдетте факторлар санының өзгеруі жөнінде айтылғанда), уақыттық кезеңдердің шектеуі қажет. Қысқа мерзімді кезеңде бір фактор тұрақты болып қалады. Ұзақ мерзімді кезеңде 2 фактор да ауыспалы.

Қысқа мерзімді кезеңдегі өндірістік функцияның түрі:

Q = f (NL,K), егер еңбек ауыспалы фактор болып тұрса, (оның қолдануы көбееді/азаяды), ал капитал тұрақты болып қалады.

Немесе Q = f (L, NK), егер ауыспалы фактор – капитал, ал тұрақты – еңбек болған жағдайда.

Ауыспалы фактордың өсу сызығы оның өсіне жараспалы параллельді сәуле тәрізді көрсетіледі.

 

 


K

 

K*

K*

 

 

L 2L L

49 сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторлары

Сәулені бойлай оңға қарай қозғалыста K/L ара қатысы азаяды, солға қарай – көбееді, өйткені капитал бірлігінің белгіленген саны еңбектің көптеу не аздау санына келеді. Демек, қысқа мерзімді кезеңде факторлардың шамасы шығару өзгерістердің ықпалымен өзгереді. Осы ықпалдың дәрежесін анықтау үшін бір қатар категориялар пайдаланады:

1.Жиынтық (жалпы) өнім ТР (total product) – шығарудың жалпы көлемі;

2.Орташа өнім АР (average product) – жиынтық өнімнің ауыспалы фактор санына қатынасы. АРL = TP/L; APK = TP/K (АРL уақыт бірлігінде өнім шығаруды сипаттап, еңбек өнімділігі деп аталады; APK – капиталдың (негізгі қордың) пайдалану нәтижелілігін сипаттайды да, қор қайтарымы деп аталады.

3. Шекті өнім МР (marginal product) – ауыспалы фактор бірліктерінің қолдануын көбейтуден алынған жиынтық өнімнің өсімі. MPL =ΔTP/ΔL; MPK = ΔTP/ΔK

1. Жиынтық, орташа және шекті өнімдердің графиктері 50 суретте көрсетілген.

 


TP TPmax

 

AP, MP

 

AP

 

MP

50 сурет. Жиынтық, орташа және шекті өнімдер

Графикте жиынтық, орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері арасында өзара қатынас бар екендігі көрінеді.

2. шекті өнім орташа өнімнен асқан жағдайда, орташа өнім көбееді (МР>АР);

3. орташа өнім шекті өнімнен асқанда, орташа өнім азаяды (МР<АР);

4. орташа өнім шекті өнімнің қисық сызығының қиылысу нүктесінде өзінің ең жоғары маңызына жетеді (МР = АР).

Егер шекті өнім нольге тең болса, жиынтық өнім өзінің ең жоғары маңызына жетеді. Жоғарыда қаралған факторлардың ауысу мысалын бір фактор ауыспалы, ал екінші тұрақты болатын ахуалға көшіруге болады: ауыспалы фактордың қайтарымы түседі, яғни ауыспалы фактордың шекті өнімі де қысқарады (оны жұмыскерлер мен станоктар мысалында көрсетуге болады). Ауыспалы фактор шекті өнімінің қысқаруы өнімділік кемушілігінің заңы (қайтарым кемушілігі), ол жалпы сипатты болып, шекті пайдалылық кемушілігі заңымен бірге микроэкономика теориясының негізі болатын заңдарының бірі. Сонымен, қысқа мерзімді кезеңде өндірістің кеңеюі шекті өнімділіктің кемушілік заңына тәуелді.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндірістік функцияның түрі:

Q = f (NL, NK).

Екі фактор ауыспалы болып, олардың ара қатысы көбею жағдайында да өзгермейді. Сондықтан, шекті өнімділік кемушілік заңының ұзақ мерзімді кезеңіндегі өндірістің кеңею жағдайында әрекеті жоқ. Мұнда ауқымға байланысты экономия қағидасы жүреді (әрекетте).

Ауқым әсері – өндіріс факторлар шығын шамасының салыстырмалы өзгеруі мен шығару көлемінің салыстырмалы өзгеруінің ара қатысы.

Өндіріс факторларының N есе өзгеруі шығаруды да N есе өзгертеді, ол ауқымның тұрақты қайтарымын немесе ауқымның тұрақты әсерін білдіреді. Өндіріс факторларының N есе (өсуі) шығарудың N есе аздау өсуі ауқымның қайтарым кемушілігі немесе ауқымның теріс әсері болады. Егер өндіріс факторларының N есе өсуі шығарудың N еседен көп өсуіне әсер етсе, оны ауқымның өсу қайтарымы немесе ауқымның оң әсері деп айтады.

Изокванта картасын талдай келе, ұзақ мерзімді кезеңде ауқым әсерінің білінуін көруге болады. Егер шығару көлемі тең шамада өскенде изокванталар тақалса (51-а), ол ауқымның оң әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі факторлардың аз шығындарын талап етеді. Ал изокванталардың алшақтауы (51-в) ауқымның теріс әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі көптеген шығындарды талап етеді. Оған сәйкес, егер изокванталар сол калпында қалса (51-б), ауқым әсері тұрақты болады.

 

KKK

 

 

а) L б) L в) L

51 сурет. Изокванта картасындағы ауқым әсері

Шығару көлемінің өсуінде (ол фирманың өсуіне тең) ең алдымен ауқымның оң әсері орын алады, сонан соң ол ауқымның тұрақты әсерімен, соңында ауқымның теріс әсерімен ауысады. Тәжірибеде ұйымдастыру факторы ауқым әсерінің себебі болып келеді. Өсу қайтарымы барысында пайда болған шығындарды үнемдеу мүмкіндіктері мамандандыруды тереңдету, жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында ұйымдастыру факторы өзін өнімділіктің өсуінде көрсетеді. Кемушілік қайтарымның барысында ол басқару мен үлестіруде, әкімшілік шығындарда көрінуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде фирманың оң сәттері көп, бірақ бір шекке жеткенде өсіп кеткен фирманы басқару қиындай түседі де, қайтарым теріс болады. Жоғарыда қаралған жиынтық, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері факторлар санының өзгерістерін өлшеу мен талдау үшін керек. Олардың көмегімен шекті өнімділігінің кемушілік заңы әрекетін бағалауға болады. Бірақ олар абсолюттік көрсеткіштер болып келеді, сондықтан олардың қолдануы толық талдауға жеткіліксіз. Сол себептен салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланады, көбінесе, өндіріс факторларының икемділігі. Өндіріс факторлары икемділігінің коэффициенті талданатын фактордың бір пайыздық өзгеруіне көлем әсерінің шамасын көрсетеді. Ол талданатын фактор шекті өнімнің орташа өніміне деген қатысына тең:

ЕL = MPL/AP

EK = MPK/AP

 

5 - Тақырып: «ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА»

 

Дәріс сұрақтары:

1. Шығындар. Шығындарды жіктеу

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста

Дәрістің мазмұны:

1. Шығындар. Шығындарды жіктеу

Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

3. Сыртқы және ішкі шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.

Тұрақты шығындар – өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

Бухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық

Тұрақты + ауыспалы = жалпы

Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.

Орташа шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:

ATC (AC) = TC/Q;

AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;

ATC = AFC + AVC.

Шекті шығындар – бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):

MC = Δ ТC/ΔQ

Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар инсти­туционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элемент­терін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.

Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы

C TC

 

FC VC

 

FC

 

 

Q

52 сурет. Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар

Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC<VC болса, AFC төмендеуі AVC өсуімен білінбейді де, АТС қисық сызығының түрі – ұлғаймалы болады. Өндіріс кемушілік шекті өнімділік заңына бағынатын қысқа мерзімді кезеңде бір жақтан орташа және екінші жақтан, шекті өнім мен орташа және шекті шығындар араларында кері тәуелділік бар. МС және AVC шығындардың қисық сызықтары ауыспалы факторлардың АР және МР қисық сызықтарының айнадай бейнелеуі болып табылады (54 сурет).

C ATC

 

AVC

 

AFC

53 сурет. Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар

MP, AP MPmax

APmax

 

 

MPL

APL

L

AVC, MC

AVC

MC

AVCmin

 

 

Q

54 сурет. Орташа және шекті өнімнің қисық сызықтары мен орташа және шекті шығындардың қисық сызықтары

Алдында, ауыспалы фактордың қайтарымы өскенде, шекті шығындар азаяды, демек, орташа ауыспалы шығындар азаяды. Сонан соң, жоғары шегіне жеткенде, ауыспалы фактордың қайтарымы, кемушілік қайтарым заңына сәйкес, түседі, демек, шекті шығындар өсе бастайды, ол, кейінірек, орташа ауыспалы шығындардың өсуіне әкеледі.

Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (55 сурет).

1. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар төмендейді, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан аз болса (МР<АVC);

2. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар өседі, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);

3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.

4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).

 

 

C

MC ATC

AVC

 

 

AFC

 

Q

55 сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.

 

C AC5

AC1 LRAC

AC4

AC2 AC3

 

Q1 Q2 Q3 Q4 Q5

56 сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы

Графикте көрсетілгендей, ұзақ мерзімді кезеңде орташа шығындардың шамасы Q3 өндіріс көлеміне дейін түсіп, сонан соң өседі. Бұл ауқым әсерінің әрекетімен түсіндіріледі: алдында өндірістің кеңеюі дайын өнімдердің көбею қарқынына шығындардың өсу қарқынынан асып түсуіне жағдай жасайды (оңды ауқым әсері), сонан соң – керісінше (кері ауқым әсері). АС төмендеген өндіріс көлемі тиімді екені, АС өскенде – тиімсіз екені және АС азайғанда (Q3) – ең тиімді (нәтижелі) екені сөзсіз. Орташа шығындардың ең аз (шамалы) мағынасына сәйкес нүкте олардың шекті шығындар қисық сызықтарымен қиылысу нүктесі болып табылады (яғни LRAC = LRMC болған нүктесі 57 сурет).

 


C LRMC LRAC

 

 

Q

57 сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы және ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтары

Сонымен бірге өндірістің тиімді көлемін іздеу мәселесі ауқым әсері мәселесімен ғана шектелмейді. Ауқым әсерімен қатар фирма өніміне деген сұраныс екінші маңызды фактор ретінде болып келеді. Q1 тең сұраныс тек қана шағын фирманың АС1 тең шығындарын жабады; ірі фирмалардың АС2,, АС3 тең шығындары Q1 сұранысы үшін өте көп (үлкен). АС2 тең шығындарының мөлшері бар орташа кәсіпорын үшін Q2 тең сұраныс ең оңтайлысы. Q3 сұранысы үшін ірі фирма қажет, себебі тек қана сол шығару көлемінің тиісті сұранысы үшін АС3 ең аз шығынын қамтамасыз етеді.

 

AC2 AC3

C AC1

 

 

Q1 Q2 Q3 Q

58 сурет. Фирманың оңтайлы көлеміне сұраныстың әсері (ықпалы)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных