Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: «Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиядық билік». 2 страница




Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.

Таза монополия - сұраныс пен ұсыныстың ықпалдасуы арқылы тауар бағасы қалыптасатын және сатушылар мен сатып алушылар жалғастырылатын айырбас аясы, яғни өндіріс құрал-жабдығы немесе тұтыну тауарлары ұсынылатын нарық. Тауар нарығы бәсеке нысанымен (монополиялану дәрежесімен), мемлекеттік реттеу дәрежесімен, аймақтылықпен, жариялылықпен, сатылатын тауардың түрімен және номенклатурасымен, сату көлемімен (нарықтың сыйымдылығы), сауда тәсілімен және баға деңгейімен сипатталады. Монополияланбаған тауар нарығы — жетілдірілген бәсеке нарығы; ішінара немесе толық монополияланған тауар нарығы — жетілдірілмеген бәсеке (нақты) нарығы: тауар сараланған монополистік бәсеке; олигополиялық, дуаполиялық және монополияланған (таза монополия) тауар нарығы болып бөлінеді. Монополияланған нарықта жалғыз сатушы тек қана өзінің, бірегей тауарын сатады. Әлемдік тауар нарығы деп аталатын тауар нарығында мынадай белгілер болады: көптеген елдердің қатысуы, сауда мәмілесінің ауқымдылығы, тауар айырбасының тұрақтылығы, тауар операциялары бойынша еркін айырбасталатын валютамен есептесу. Ел ішінде әрекет ететін тауар нарығының жиынтығын ұлттық нарық деп атайды. Ішкі және әлемдік тауар нарығының арасында аймақтық нарық бөлінеді, мұнда аймақтық белгілері айқындалған аумақтық нарықтық құрылымдар әрекет етеді. Тауарлардың түріне қарай: тұтыну заттары мен қызмет көрсету нарығы, тұрғын үй, үймерет, жылжымайтын мүлік нaрығы, өндіріс құрал-жабдығы (жерді қоса) нарығы, инвестициялар нарығы, ақша бағалы қағаз нарығы, жұмыс күшінің (еңбек, жұмыс орындарының) нарығы, инновациялар нарығы, рухани, зияткерлік қызметінің нaрығы болып бөлінеді. Стандарттар мен үлгілер бойынша өткізілетін тауарларды ірі ауқымда сату және сатып алу жөніндегі мәмілелер жасасылатын сауда операцияларын жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін ұйымдар - белгілі бір ереже бойынша және белгілі бір орында істейтін тауар биржалары құрылады. Тауар нарығында споттық мәмілелер де, мерзімдік мәмілелер де жасалады.

 

8-Тақырып: «Монополистік бәсеке нарығы»

Дәріс сұрақтары:

1. Монополияға тән сипаттар

2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік

3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі

4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері

5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі

Дәріс мазмұны:

1. Монополияға тән сипаттар

Монополия – нарық үлгісі, оның негізгі сипаттамалары: бір сатушының қолында нарық ұсынысының шоғырлануы, субтитут – тауарлардың, салаға кіру үшін кедергілердің жоғы. Дүниежүзінің дамыған елдерінде ХІХ ғасырдың аяғында монополиялар (трестер) пайда бола бастады, әсіресе көлік пен коммуникациялар, ауыр өнеркәсібі, кең өнеркәсібі салаларында. Олар қазіргі заманда да пайда болады, негізінде компаниялардың қосылу, яғни бірігу жолымен. Бірігу, қосылу себебі: нарық үлесі айтарлықтай үлкееді де ауқым әсері қосылады (ауқым әсері монополияның өмір сүру себебі ретінде кейінірек қаралады). Бірігудің (қосылудың) бірнеше түрлерін айырады. Көлденең бірігу – бір салада, бір нарықта қызмет жасайтын, яғни бәсекелес компаниялардың қосылуы. Тік бірігу – бір салада, бірақ әр түрлі өндіріс сатыларында қызмет жасайтын компаниялардың қосылуы. Конгломераттық бірігу – технологиялық бір-бірімен байланысы жоқ, әр салада қызмет жасайтын компаниялардың бірігуі.

Монополиялық биліктің негізгі көздері ретінде әдетте айырады:

Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық.Біріншіден, олар мемлекеттік және жергілікті органдарымен коммуналдық (шаруашылық аясындағы қызмет) немесе коммерциялық ұйымдармен беріледі (франшиза – бір фирманың екінші фирмаға белгіленген қызмет жасауға берілетін монополиялық құқық), екіншіден, авторлық құқық аясында заңнамамен қамтамасыз етіледі (патенттер, лицензиялар). АҚШ заңнамасы бойынша өнертапқыш өзіне берілген заң жүзінде бекітілген айрықша құқығын 17 жыл бойы сақтайды. Дәл осы жағдай «Ксерокс», «Ай-би-эм», «Майкрософт» сияқты алыптардың өсіп, орнығып, дамуында басты рөл атқарады.

Экономикалық – олар бөлінеді:

а) ауқым әсеріне – қызметтің кейбір аяларында тұрақты жағымды әсері байқалады; бұл жағдайда баға бәсекесі мынаған әкеледі: салада ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етуге қабілетті бір ғана фирма қалады. Мысал ретінде ауыр машина жасау, өнеркәсіптің алюминий, болат балқыту салалары, оларды барлық елдерге бір компания – өндіруші жібереді.

б) ресурстарды (қорларды) бақылау – бір ресурстың (қордың) өндірісіне монополиялық құқығы бар фирма автоматты түрде басқа фирмалардың өндірісін жаба алады (оларға осы ресурс қажет болса да). Осылай, кейбір трансұлттық корпорациялар өз монополиялық орнын ұстап тұр, шикізаттың негізгі көздерін бақылаудың арқасында, мысалы, «Де Бирс» компаниясы дүниежүзілік алмаз рудниктерінің көбіне ие болушы.

в) тұтынушылардың ұнатымдары – кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының өнімдерін тұрақты түрде ұнатады. Монополия, сонымен бірге, нарықтағы адал емес (арам) бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Монополиялық биліктің көздеріне байланысты монополияның әр түрлерін айырады:

1 жабық монополия – оның пайда болу себебі: егер монополиялық жағдай заңнамамен қорғалса

2 ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының нәтижесінде).

3. Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).

4. Сатып алушы монополиясы – монопсония – мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист – арзандау сатып алуға. Бұл монополияның монопсониядан жалғыз айырмашылығы. Монопсония мысалы – жергілікті еңбек нарығы, онда еңбекті сатып алатын жалғыз жұмыс беруші – фирма қызмет жасайды.

5. Екі жақты монополия – нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.

2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік

Нағыз бәсекелес фирма мен монополист – фирма араларындағы шешуші айырмашылық – нарықтық сұраныста. Монополия жағдайларында бір фирма барлық саланы көрсетіп тұрғанда оның өніміне деген қисық сызығы нағыз бәсекелестік жағдайлардағы нарықтық сұраныстың қисық сызығына тең, яғни төмен түсетін еңкіштігі бар. Бұнын түсінігі: монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызықтарының айырмашылығымен таза бәсекелестік жағдайларындағы және таза монополия жағдайларындағы өндіріс арасындағы айырмашылық себептелген. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 71 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.

Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.

P D

 

 

4 B

2 A

 

1 2 3 4 5 Q

71 сурет. Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы

Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:

1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)

2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:

Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).

Монополист өндіріс шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді. Солай, біз монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдік үлгісін алдық (72 сурет): М1 – тепе-теңдік нүктесі, ол QМ өндірістің тепе-теңдік көлеміне, мұнда (MR = MC) және РМ тепе-теңдік бағасына сәйкес. Бұл жағдайда РМ>MR = MC

Монополиялық нарық билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер бар:

Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.

Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.

Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.

Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі

Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.

Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-данQ-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin.

P LRMC

LRAC

PQ

P2q

AC2

D

LRAC2 AC1

 

LRACmin

MR

 

 

q Q 2q

73 сурет. Ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін оңтайландыру

Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.

Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері

Монополияның қоғамдық шығындары – қоғамның пікірі бойынша монополияның өмір сүруінің (болуының) жағымсыз салдары немесе нарықтың монополиялық құрылымы нәтижесіндегі қоғамдық әл-ауқаттың төмендеуі. Оларға жатады: «өлі салмақ» шығындары, Харбергер үшбұрыштары мен х – нәтижесіздігі. Монополия жағдайында нағыз бәсекелестікпен салыстырғанда, тұтынушылар жоғарылау баға бойынша өнімнің аз көлемін алады. Өндірістің аз көлемі дегеніміз оған қатысатын өндіріс факторларының аз саны. Ресурстарды жартылай пайдалану салдарынан қоғам көтерген шығындар «өлі салмақ» шығындары деп аталады. Олар ММ1 Е көлеміне сәйкес (72 сурет). Жоғарылау бағаның екінші салдары – тұтынушы артығының қысқаруы (азаюы), ол РмАМ1 үшбұрышпен көрсетілген. Алайда, өндіруші артығы, керісінше, өседі – ол РмМ1, ММ1, МС қисық сызығы мен координат өсі араларындағы фигураға сәйкес. Бұл көлемдер Харбергер үшбұрыштары деп аталады. Американдық экономист А. Харбергер олардың көмегімен монополияның қоғамдық шығындарын бағалауға тырысты. Тұтастай алғанда, Харбергер үшбұрыштардың өмір сүру (бар болу) идеясынан, «өлі салмақ» шығындарынан сияқты келесі түйін шығаруға болады: бағаның монополиялық белгілеу механизмі, Парето бойынша, тепе-теңдікті бұзып, қоғамдық әл-ауқатты төмендетеді. Монополия жағдайларында нәтижеліліктің төмендеуі мына себептерден болады: бәсекелес күштердің қысымы (әсері) жоқтығынан монополистің технологияны жетілдіруге, өнімнің сапасын көтеруге ынтасы төмендейді. Х. Лейбенстайн жасаған бұл болжау Х – нәтижесіздік деп аталады. Оны Й. Шумпетер жартылай жақтады. Шумпетердің дәлелі бойынша, монополия жағдайларында өндірісті жетілдіру және өнімді жақсарту үдерістері жалғаса береді, егер бәсекелес заңы әрекетте болса, монополистің жоғары пайдасы көптеген қаражатты дамуға жіберуіне мүмкіндік береді, бірақ Х – нәтижесіздік монополияның көптеген жағдайларында өзін көрсетеді. Барлық жоғарыда айтылғандар нарықтық (монополиялық) биліктің салдары болып табылатыны мәлім, яғни сатушының (немесе сатып алушының, егер монопсония жөнінде айтылса) нарық бағасына ықпал жасау, әсер ету қабілеттілігі. Оны өлшеу үшін келесі көрсеткіштер қолданады:

1. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,

мұнда IL – Лернер индексі

РМ – монополиялық баға

МС – шекті шығындар

ED – сұраныстың бағалық икемділігі

Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:

IL = (PM – АC)/PM

Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.

2. Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:

IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.

3. Джини коэффициенті – фирмалардың пайыздық санына келетін нарықтың пайыздық үлесін көрсетеді де мына формула бойынша анықталады:

G = D/N, мұнда D – нарық көлемінің кумулятивті пайызы

N – нарықтағы фирмалар санының кумулятивті пайызы.

Егер Джини коэффициенті 0 тең болса, нарықтағы барлық фирмалардың үлестері бірдей, Джини коэффициенті 1 тең болса, нарықта 1 фирма ғана бар. Коэффициент 1-ге неғұрлым жақын, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары.

Монополиялардың мемлекеттік реттеуі.

Монополиялардың мемлекеттік реттеуінің мақсаты: монополияның жағымсыз жақтарын шектеу, атап айтқанда – көтеріңкі бағалар мен өндірістің төмен көлемін. Ол заң және экономикалық шаралар арқылы іске асырылады.

Заң шараларына жатады: бағалар мен нарықты бөлу туралы заңнамалық тиым салу, бірігу (қосуларды бақылау, тұтыну қызмет көрсетулер жиынтығын реттеу).

Экономикалық шаралар – бағалар мен пайдалардың реттеуі: тура (бағаның жоғары және төмен шегін және пайданың шекті деңгейін реттеу) және жанама (салық салу). Енді бағаның жоғарғы шегін белгілеу ахуалын қарайық. Оның мақсаты: төменірек баға бойынша өндіріс көлемінің өсуі. Әдетте бұл шара табиғи монополия қызметтеріне қатысты. Мемлекет белгілеген баға, бір жағынан, фирмаға шығындарының жабуын қамтамасыз етіп, екіншіден, монополиялық пайдаға қол жеткізбеуін қадағалау. Монополистің ең алғашқы тепе-теңдігі РМ баға мен QМ санға сәйкес келеді (74 сурет).

 

 


P

MC

PM MR

P1

D

PK

 

 

QM Q1 QKQ

74 сурет. «Бағаның жоғарғы шегін» белгілеу

«Бағаның жоғарғы шегін» Р1 деңгейінде белгілеген соң, фирма – монополист монополиялық баға бойынша сату мүмкіндігі болмай, өзі нағыз бәсекелес сияқты өндіріс көлемін Q1 дейін өсіреді. Сонымен мемлекеттік реттеу мақсаттары жетілген болып саналады. Мұндай шараның пайдалану шегі бар: «бағаның жоғарғы шегі» бәсекелес нарықтың бағасынан төмен түспеуге тиісті (онда, өндірістің өсуі емес, керісінше – төмендеуі басталады) және де монополиялық нарық бағасынан аспау керек. Енді жанама реттеу шарасын қарайық – тауар бірлігіне салық енгізу немесе пайдаға салынатын салық. Тауар салығын енгізгенде сұраныс икемділігінің дәрежесін есептеу қажет, өйткені оның жағымсыз салдары – өндіріс шығындарының өсуі, нәтижесінде монополист бағаны жоғарылатып, өндірісті азайтады. Егер сұраныс икемді болса, бағаның өсуі салық шамасынан аздау болып, монополиялық пайда тұтынушылар пайдасына қайта үлестіріледі (осы монополистің өнімін сатып алатын тұтынушылардың). Егер сұраныс икемсіз болса, монополияны мемлекеттік реттеу шарасы ретінде тауар салығын енгізуге болмайды, себебі бұл қоғамдық әл-ауқаттың одан сайын төмендеуіне әкеледі. Пайдаға салық енгізудің мақсаты: монополистің пайдасын кәдімгі (нормалы) деңгейге түсіру (пайдасының жартысын алу нәтижесінде). Бұл салық бағалар мен өндіріс көлеміне әсер етпейді, оны толық өндіруші көтереді. Нәтижесінде алынған салық түсімдеріне барлық тұтынушылар ие болады. Алайда, мұнда шектен шығуға болмайды, себебі салық салудың нәтижелілігі түсіп, өте жоғары салықтар, бағаның өте төмен шегі сияқты, жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных