Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: «Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиядық билік». 4 страница




Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:

  Шындықты айту Үндемеу
Шындықты айту 3,3 0,15
Үндемеу 15,0 1,1

Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:

Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді («Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).

Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).

Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).

Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.

3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары

Бағалық кемсіту – сапасы бірдей өнімді әр түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату, яғни, бағаның әртараптануы. Бағалық кемсітудің көптеген мысалдарын келтіруге болады: дәрігерлердің гонорарлары аурулардың табыстар деңгейіне, телефон байланыс қызметінің тарифтері тұтынушылары заңды немесе жеке тұлға болуына байланысты және т.б. Алайда, бағалық бәсекелестік нарық билігін іске асыру нысаны ретінде өзін монополия және олигополия жағдайларында көрсетеді. Тұтынушылардың әр топтар сұраныс икемділігінің айырмашылықтарын пайдалана отырып, өндіруші тұтынушы артығын өз пайдасына қайта үлестіре алады. Бағалық кемсіту нәтижесінде өндіріс көлемі кеңееді де, пайда өседі, (себебі жоғарылау баға бойынша тауардың көбірек бірлігі сатылады). Бағалық кемсітудің 3 дәрежесін айырады: бірінші дәрежедегі бағалық кемсіту тұтынушы табысына байланысты бағаның әртараптануын және әр тұтынушы үшін жеке бағаны белгілеуін ұйғарады. Бұл жағдайда фирма тұтынушының барлық артығын тұтастай алады да оның пайдасы ең жоғары болып шығады. Екінші дәрежедегі бағалық кемсіту – тұтыну көлеміне байланысты сатып алушылардың әр топтарына бағаны әртараптандыру (сатып алушы тауардың неғұрлым көп бірліктерін сатып алса, баға да соғұрлым төмендейді). Тұтынушылар тобы артығының бір бөлігі (аздау санын сатып алатын) өндірушінің пайдасына қайта бөлінеді, ал екінші бөлігі – тұтынушылардың екінші тобының пайдасына үлестіріледі (көптеу санын сатып алатын)), мұндай кемсітуді мемлекет қолдайды. Үшінші дәрежедегі кемсіту – тауардың өзіне байланысты бағаның әртараптандыруын ұйғарады (тауардың әр топтарына әр түрлі бағаларды белгілеу). Ол нарықтың сегменттеуіне, бөлінуіне байланысты, яғни бір белгілер бойынша нарықтың сегменттерге (бөліктерге) бөлінуі, бұнда бағалық икемділігі нарықтың әр бөлігінде әр түрлі. Мысал ретінде авиабилеттердің сатуын қарауға болады. Сатып алушылар нарығы 3 сегментке (бөлікке) бөлінеді дейік: (іс сапарға бара жатқандар, олар бағасына қарамай билетті алады – икемсіз сұраныс), студенттер (олар билетті бағасы төмен болса ғана алады – икемді сұраныс) және басқалар. Сонан соң баға осы топтардың әрқайсысы үшін әртараптанады. Тұтастай алғанда, олигополия жағдайларындағы баға бәсекелестігі бәсекелестер үшін күрестің ауыр әдісі, сондықтан оны көбінесе қолдай қоймайды. Демек, олигополия жағдайларында маңызды рөл бағадан тыс бәсекелестікке беріледі. Мұндай бағадан тыс бәсекелестіктің ұтымдылығы көрініп тұр. Соның арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты артықшылықтарды алуға болады. Бағадан тыс бәсекелестіктің нысандары: тауардың әртараптануы, сатудың жеңілдіктерін беру (шегерім, несие және т.б.), сатудан кейінгі қызмет көрсету, нарықты сегменттеу (бөлу), жарнама және т.б. маркетинг тәсілдері.

 

10-Тақырып: «Өндіріс факторларының нарығы. Еңбек нарығы.»

 

Дәріс сұрақтары:

1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс

2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік

3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

Дәрістің мазмұны:

1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс

«Микроэкономика» курсының бірінші тақырыптары микроэкономика негізгі субъектілерінің бірі – тұтынушының (үй шаруашылығының) қызмет талдауына арналған. Тұтынушы қызметінің 2 жағын – дайын өнім тауарлар мен қызмет көрсету нарығында, сатып алушы ретінде және өндіріс факторларының нарығында сатушы ретінде зерделедік. Өндіріс факторларының нарығы: еңбек нарығы мен капитал нарығы. Ары қарай біз экономикалық қызметтің 2-ші субъектісі – өндірушінің талдауына көштік. Біз оның дайын өнім нарығындағы сатушы ретіндегі қызметін зерделегенбіз, енді өндіріс факторы нарығындағы сатып алушы ретіндегі оның қызметін қарайық. Сонымен, өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс фирмалардан шығады. Өндіріс факторларының нарықтарын құрылымы бойынша айырады. Оларға қатысты нарықтық құрылымдардың 3 түрі бар:

Өндіріс фактораларының нағыз бәсекелес нарығы

Факторларды сатып алушылар монопсоникалық билікке ие өндіріс факторларының нарығы

Факторлардың сатушылары монополиялық билікке ие болған өндіріс факторларының нарығы.

Дайын өнім нарығында сияқты, өндіріс факторларының баға белгілеуі нарық түріне байланысты ерекшеленеді. Алдында факторлардың нағыз бәсекелес нарығын қарайық. Бұл нарықта сатушылар мен сатып алушылар көп, бірақ олардың біреуінде де нарық билігі жоқ. Бәсекелес нарық сатушылар мен сатып алушылардың толық ақпаратталғандығымен сипатталады. Өндіріс факторы нарығының ерекшілігі: нарықтық және салалық сұраныс деген сөздер – синонимдер емес. Факторлар нарығында жеке сұранысты (өндіріс факторларына жеке фирманың сұранысы), салалық сұранысты (осы саладағы әр фирманың жеке сұраныстарын сомалау әдісімен алынады) және нарық сұранысты (факторлар нарығының біреуіндегі сұраныс – еңбек нарығында немесе капитал нарығында, оны салалық сұраныстарды қосу жолымен алады) айырады. Факторларға деген сұраныстың екінші ерекшілігі – ол туынды, яғни тұтынушы сұранысына байланысты. Фирма өндіретін тауарға сұраныс неғұрлым жоғары болса, факторларға деген сұраныс соғұрлым үлкен. Осыған байланысты нағыз бәсекелес өндіріс факторларының нарығы 2 түрге бөлінеді:

Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығынан туынды.

Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің монополиялық нарығының туындысы.

Факторлар нарығында тепе-теңдік үлгісін салу үшін фактордың шекті табыстылығы мен ресурстарға шекті шығындар сияқты категориялардың талдауы қажет. Өндіріс факторының шекті табыстылығы фактордың қосымша бірлігін (шекті өнімді) пайдаланудан алынған өнім өсімінің (шекті табысты) өткізуден алынған қосымша табысқа деген көбейтіндісі ретінде өлшенеді. Ол MRP (marginal revenue product).

MRP = MP·MR; MRPL = MPL·MR; MRPK = MPK·MR

Тиісті мағыналарды қойғаннан кейін, аламыз:

MRPL = MPL·MR = (ΔQ/ΔL)·(ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔL

MRPК = MPК·MR = (ΔQ/ΔK)·(ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔK

Ресурстарға сұранысты анықтайтын негізгі фактор – өндіріс факторлар шекті табыстылығының шамасы екендігі айқын көрініп тұр. Бұдан басқа, оған ықпал жасайтын ауыстырушы ресурстардың, комплементарий – ресурстардың бағалары және өндіріс технологиясының ерекшілігі. Дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығында фирма өз өнімін Р нарық бағасымен сатады дейік. Онда факторлардың шекті табыстылығы өнім бағасына көбейтілген фактордың шекті өнімі ретінде анықталады. Нағыз бәсекелестік жағдайларда MR = P болғандықтан:

MRP = MP·P; MRPL = MPL·P; MRPK = MPK·P

Өндіріс факторына деген сұранысты талдағанда, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыттың кезеңдерін айырады.Өндіріс факторына деген сұраныстың қысқа мерзімді қисық сызығын салу шарты болып тек бір ғана ауыспалы фактордың бары саналады. Осы фактор ретінде еңбекті алып, оған деген жеке сұраныстың қисық сызығын салайық. Ол үшін алдымен еңбек табыстылығының қисық сызығын сызайық. 82 суретте дайын өнімдер нарығындағы фирма үшін MRPL қисық сызығы көрсетілген (жоғары қисық сызығы). Жұмыс уақыты көбейген сайын кемушілік қайтарым заңының әрекеті салдарынан шекті өнімнің шамасы түседі. Сондықтан MRPL қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі бар, өнімге деген баға тұрақты болса да. 82 суреттегі төменгі қисық сызығы – MRPL қисық сызығы дайын өнімдер нарығындағы монополиялық билікке ие фирма үшін. Монополистің бағасы шекті табыстан асады (MR<P), ол өндіріс көлемі үлкейген сайын төмендейді. Шекті табыс қисық сызығымен шекті өнім қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі болғандықтан, шекті табыстылық қисық сызығында да жағымсыз еңкіштік бар. Монополист – фирманың MRPL қисық сызығы бәсекелес фирмаға қарағанда тіктеу және төмендеу жатыр. Монополиялық билігі бар фирма жұмыскерлерді аздау жалдайды.

 


Жалақы MRPL=P•MPL

 

 

MRPL=MR•MPL

 

Жұмыс уақыты

82 сурет. Дайын өнімнің бәсекелес және монополиялық нарықтары үшін еңбектің шекті табыстылығы.

Фактордың шекті табыстылығы фактордың көлемімен бірге оның бағасын да анықтайды. Қосымша алынатын түсім фактордың қосымша бірліктерін тартуы бойынша шығындарды жапқанша, фирма өндіріс факторларының қосымша бірліктерін пайдаланады. Жалақы немесе пайыз еңбектің немесе капиталдың шекті табыстылығына тең болған сәтте фирма өндіріс факторлар қосымша бірліктерін тартуын тоқтатады. Нағыз бәсекелес жағдайларда фирма өндіріс факторлардың шекті табыстылығы шекті шығындарға тең болуына ұмтылады:

MRPL = W; MRPK = I

 

83 сурет Еңбек нарығында жеке фирманың тепе-теңдігін көрсетеді

 

w

 

w' SL

 

MRPL=DL

 

 

L' L

83 сурет. Еңбек нарығындағы фирманың тепе-теңдігі

Еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы MRPL қисық сызығымен беттеседі, бірдей келеді, өйткені осы қисық сызықтың әр нүктесі жалақы ставкасының (қосымша ақшаның) мүмкін болуында жалдайтын қызметкерлер санын көрсетеді. Сонымен, дайын өнімге деген сұраныстың қисық сызығы сияқты өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығының еңкіштігі бар, бірақ оның себебі басқада. Еңбектің жеке ұсыныс қисық сызығының түрі – көлденен жалпақ тура сызық, яғни жалақының бұл ставкасы (мөлшері) (W1) бойынша фирма қанша қызметкерлер жалдағысы келсе, сонша жалдайды. Барлық қызметкерлер бірдей жалақы алып, бірдей шекті табыс әкеледі.

2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік

Екі факторлар ауыспалы болатын ұзақ мерзімді кезеңде оңтайландыру қиынға түседі. Оны мысалда көрейік. Еңбек те, капитал да ауыспалы факторлар болып табылса, фирманың еңбекке деген сұранысын анықтайық. 84 суреттегі А нүктесі жалақының ең алғашқы ставкасына (мөлшеріне) сәйкес. Жалақы мөлшерінің төмендеуінде де еңбекке деген сұраныс өседі (капиталдың шамасы сол күйінде қалса да, өйткені еңбектің шекті кірістілігі жалақы мөлшерінен жоғары болады). Еңбектің ары қарай арзандай беруінен өнім бірлігінің, өндірістің шекті шығындары да төмендейді, бұл өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. Осы ахуалда фирманың ең дұрыс шешімі – өндірістік қуаттарын кеңейту үшін капиталға инвестицияларды өсіру. Бұл MRPL қисық сызығын оңға қарай ауыстырады, сонымен бірге еңбекке деген сұраныс қисық сызықтары да ауысады, яғни сұраныс өседі. Сондықтан, еңбекке деген фирма сұранысы С нүктесіне түседі.

 


Жалақы MRPL2

 

 


А С

В DL

MRPL1

Жұмыс уақыты

 

84 сурет. Ұзақ мерзімді кезендегі еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы

Ұзақ мерзімді кезеңде, екі фактор ауыспалы болып тұрғанда, еңбекке деген DL сұранысының қисық сызығы MRPL1 және MRPL2 қисық сызықтарынан икемдірек, себебі фирма капиталды еңбекпен ауыстыра алады. Соңында өндіріс факторларына деген салалық сұраныстың қисық сызығын сызайық. Оны жеке фирмалар сұранысының қисық сызықтарын қосу жолымен алуға болады. Жалақы мөлшері төмендеді дейік. Саланың барлық фирмалары үшін оның төмендеуіне байланысты 2 нұсқа мүмкін:

Жалақы мөлшерінің төмендеуінде тауар бағасы да төмендейді, егер барлық салада жалақы мөлшері төмендесе, саланың барлық фирмалары өндіріс көлемін кеңейтеді – D1 сұраныс қисық сызығы 85 сурет;

Бір фирма шеңберіндегі жалақы мөлшерінің төмендеуінде салада өндірілетін тауар бағасы өзгермейді – D2 сұраныс қисық сызығы 85 сурет.

 


 

D1 D2

 

L0 L1L2

 

 

85 сурет. Еңбекке деген салалық сұраныстың қисық сызығы

15 долларға тең жалақы мөлшерінде, саладағы еңбекке деген сұраныс = L0. Жалақының 10 долларға дейін төмендеуі саладағы сұранысты L1 дейін өсіреді. Алайда, егер өнімге деген баға тұрақты болса, сұраныс одан сайын L2 дейін көбееді. Факторлар нарығында фирма пайдасын жоғарылататын ережені анықтау үшін, шығындарға теңей отырып, өндіріс факторларының бағасын пайдалану жеткіліксіз (қазірге дейін біз факторды сатып алуға кететін шығындар – ол фактордың бағасы, яғни жалақы немесе пайыз дедік). Енді орташа және шекті шығындарға сәйкес жаңа категорияларда қажеттілік туады (фирманың пайдасын жоғарылатуы кез келген нарықты МС пен АС шараларымен байланысты екені есімізде). Факторлардың бәсекелес нарығында тұрақты баға бойынша фирма факторлардың қанша санын сатып алам десе де алады, яғни ұсыныс қисық сызығы мүлде икемді (83 суреттегідей). Фирмада нарық билігі жоқ болғандықтан, ол бағаға ешқандай әсер ете алмайды. Фирма ұсынысының қисық сызығы факторлар санына қандай баға төлеуге тиісті екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл өндіріс факторларын сатып алуға фирманың орташа шығындар қисық сызығы екен, ол ARC (average resource costs) деп белгіленеді. Сонымен бірге өндіріс факторларын сатып алуға фирманың шекті шығындары (ресурстарға шекті шығындар) болады – сатып алатын фактордың әр қосымша бірлігіне фирма шығындары, олар MRC (marginal resource costs) деп белгіленеді. Өндіріс факторларына шекті шығындар қисық сызығы дайын өнім нарығында шекті шығындар қисық сызығымен беттеседі. Ресурстардың бәсекелес нарығында шекті және орташа шығындар қисық сызығы сәйкес келеді. Сондықтан, 83 суреттегі графикте ұсыныс қисық сызығын осылай белгілеуге болады:

SL = MRC = ARC

MRP қисық сызығы MRC = ARC қисық сызығынан жоғары жатқанша, фирма факторлардың көп санына ие болып, пайдасын жоғарылатады, себебі MRP>MRC (шекті кіріс шекті шығындардан асады). Оған сәйкес, MRP<MRC болғанда, факторларды пайдаланудан алынған пайда шығындардан төмен болады. Енді біз факторлар нарығында пайданы жоғарылату ережесін аламыз: MRC = MRP. Бәсекелес нарық үшін:

MRP = W.

Өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығын салуының (сызуының) барлық жақтарын қарастырып (еңбек мысалында), факторлар нарығындағы тепе-теңдік үлгісін салуға кірісеміз. Біз пайдаланған маржиналистік амал (тәсіл) өндіріс факторларына сұраныс талдауымен бірге факторлардың ұсынысын талдауында да қолданады. Осы фактор алатын сыйақы оның пайдалануының орнын толтырғанша, фактор ұсынысы бар болады. Осылай фактор ұсынысы мен сұранысы араларындағы тепе-теңдікке жетіп, олардың реттеуіші баға болып табылады. Ол факторлардың ең нәтижелі қолдануын қамтамасыз етіп, ең өндірісті салаларда пайдаланудың кепілі болып келеді. 86-а суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген (дайын өнімнің бәсекелес нарығында): тепе-теңдік жалақы WEқұрайды, ал еңбектің тепе-теңдік ұсынысы (жалдаған жұмысшылар саны) LE .

жалақы жалақы

SL

vM SL

wE

wM P•MPL

DL=MRPL DL=MRPL

LE. Жұмыскерлерсаны LM жұмыскерлер саны

а) өнімнің бәсекелес нарығы б) өнімнің монополялық нарығы

 

 

86 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

Бәсекелес нарығындағы өндіріс факторларына сұраныстың қисық сызығы фирма өндіріс процесінде (үдерісінде) пайданы қосымша пайдаланудан алынған пайданы көрсетеді. Сонымен, еңбек нарығында, нарық тепе-теңдік нүктесінде еңбектің шекті табыстылығы оның шекті шығындарына тең, яғни MRP1/W = MRPK/i. Капитал нарығында да осылай. Егер екі нарық (дайын өнім нарығы және факторлар нарығы) нағыз бәсекелес болса, өндіріс факторлары нәтижелі пайдаланады, себебі валдық табыс пен валдық (жалпы) шығындар араларындағы айырма көбееді (өседі). Егер дайын өнім нарығы монополиялық болып (86-б суреті), MRPL = MPL·P шарты сақталмаса, еңбектің шекті өніміне көбейтілген дайын өнімнің бағасын көрсететін қисық сызық сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасады. Тепе-теңдік бұл нарықта жалақы = WM нүктесінде орын алады. (MPL·P) – тұтынушылар қосымша еңбек шығындарынан алатын шама, ал VM нүктесі қоғам үшін шекті пайданы білдіреді. Бұл пайданың себебі: монополист – фирма өндіріс факторларын көбірек сатып алып, соның арқасында өнім шығаруын көбейтіп, таза пайдасын өсіреді.

3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

Егер дайын өнім нарығы монополия болса, одан туындаған факторлар нарығы монопсониялық билігі бар нарық болып табылады. Бұл бірегей факторларға, яғни тек қана осы өнімнің өндірісінде пайдаланатын факторларға таралады. Мысалы, IBM компаниясы монополист бола тұра, монопсониялық билікке ие. Монопсонист – фирма үшін факторларды алуға шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары сәйкес келмейді. Өндіріс факторының ұсыныс қисық сызығы сала ұсынысының қисық факторы болып табылады (себебі, салада ол жалғыз ғана сатып алушы). Бұл ұсыныс қисық сызығы монопсонист орташа шығындарының қисық сызығы, өйткені ол фактордың әр бірлігіне бірдей баға төлейді. Орташа шығындар қисық сызығының жағымды еңкіштігі бар. Пайдасын өсіретін фирма, өндіріс факторына өз сұранысының көлемін анықтай отыра, шекті шығындарға бағдарланады. Шекті шығындары фактордың шекті табыстылығымен теңелгенше дейін фирма сатып алатын фактордың санын көбейте береді. Бұл нүктеде (87 сурет) монопсонист еңбектің бірлігін жалдайды, олардың жалақы мөлшері = – ол еңбектің бірлігіне сәйкес орташа шығындар қисық сызығындағы нүктемен көрсетіледі. Мына жәйтке назар аудару қажет: монопсонист жалдайтын еңбек саны () факторлардың нағыз бәсекелес нарығында пайдаланатын еңбек санынан аздау, жалақы мөлшері () бәсекелестіден (We) төмен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных