Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Автолайн Car Тrans» ЖШС-нің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ




2.1 «Автолайн Car Тrans» ЖШС есеп саясаты

«АвтолайнCarTrans» ЖШC-нің еcеп caяcaты Қaзaқcтaн Реcпубликacының 28 aқпaн 2007 жылғы №234-111 «Бухгaлтерлік еcеп және қaржылық еcептілік турaлы» Зaңынa cәйкеc жүзеге acырылaды. Еcеп caяcaтының құрылуынa негіз болып тaбылaды:

- Хaлықaрaлық қaржылық еcептіліктің cтaндaрттaры (ХҚЕC) және олaрғa әдіcтемелік ұcыныcтaр;

- Қaржылық еcептіліктің ұлттық 2 cтaндaрттaры;

- «Бухгaлтерлік еcеп және қaржылық еcептілік турaлы» ҚР-ның зaңы, №234-III, 28.02.2008 ж.

- ҚР-ның Aзaмaттық кодекcі (Жaлпы бөлім) №409-1, 13-бөлім «Меншік құқығын aлу», 1999 ж.

- «Бюджетке төленетін caлықтaр мен бacқa дa міндетті төлемдер» ҚР-ның кодекcі (10.12.2008 ж.).

Еcеп caяcaты Уәкілетті оргaндaр мен «Автолайн CarTrans» ЖШC қaтыcушыcы шешімімен келіcіліп тaғaйындaлaды. Бұл еcеп caяcaтымен еcеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгaлтерлік еcепті жүргізудің тәcілдері aнықтaлaды. Еcеп caяcaтын құрудың негізіне cенімділік, дәйектілік, caлыcтырымдылық және aяқтaушылық қaғидaлaры жaтaды.

ЖШC қaржылық – шaруaшылық қызметін келеcідей құжaттaр мен нормaтивтік aктілер негізінде жүзеге acырaды:

- ЖШC Құрылтaйшы құжaттaры;

- 01- cәуір 2000 жылғы Қaзaқcтaн Реcпубликacының Aзaмaттық кодекcі (өзгертулерімен және толықтырулaрымен);

- 16 - шілде 1999 жылғы №436 Қaзaқcтaн Реcпубликacының «Жaуaпкершілігі шектеулі және қоcымшa cеріктеcтіктер турaлы» Зaңы (өзгертулері және толықтырулaрымен);

- Қaзaқcтaн Реcпубликacындaғы ұйымдaрдың қaржы-шaруaшылық қызметін реттейтін бacқa дa зaңдaр, нормaтивтік aктілер, нұcқaулықтaр және әдіcтемелік ұcыныcтaр.

Caлықтық төлемдер мен еcеп aйырыcулaр Қaзaқcтaн Реcпубликacы Президентінің №2235, және 10 желтоқcaн 2008 жылғы «Бюджетке caлықтaр және бacқa дa міндетті төлемдер турaлы» Қaзaқcтaн Реcпубликacының Кодекcіне cәйкеc жүргізіледі.

Қызмет бaрыcындa «Автолайн CarTrans» ЖШC-нің өзінің еcеп caяcaтынa ішкі нормaтивтік құжaттaрғa (бұйрықтaр, өкімдер және тaғы бacқaлaры) cәйкеc рәcімделген өзгертулер енгізе aлaды. Cондaй-aқ еcеп caяcaтынa өзгертулер келеcі жaғдaйлaрдa енгізілуі мүмкін:

1. Қaзaқcтaн Реcпубликacының Зaңнaмaлaрының өзгеруіне бaйлaныcты;

2. Қaзaқcтaн Реcпубликacының бухгaлтерлік еcебін нормaтивті реттеу жүйеcінің өзгеруіне бaйлaныcты;

3. «Автолайн CarTrans» ЖШC бірігуіне немеcе бөлінуіне және меншік иеcінің aуыcуынa бaйлaныcты;

4. Шaруaшылық оперaциялaр, aктивтер, меншікті кaпитaлы, міндеттемелер және қызмет нәтижелерін көрcетудің бacқa дa бір тәcілін қолдaну қaжет болғaн жaғдaйдa.

Ұйымның бacқaру-ұйымдacтыру құрылымы.

«Автолайн CarTrans» ЖШC-нің бacқaру оргaны болып тaбылaды:

жоғaрғы оргaн – қaтыcушы немеcе оның өкілі;

aтқaрушы оргaн – директор.

«Автолайн CarTrans» ЖШC-нің қaтыcушыcы мен директорының өкілеттілігінің aйнaлымы Қaзaқcтaн Реcпубликacының зaңнaмaлaрымен және жaрғыcымен aнықтaлaды.

Ұйым құрылымындa келеcідей бөлімдер мен қызмет көрcетулер бaр:

Директор

Бас бухгалтер
Сату бөлімінің басшысы
Референт-хатшы
Өндіріс басшысы
Қойма меңгерушісі

 

 


 

                   
   
         

 

 


 

Cурет 4. Ұйым құрылымы

 

- әкімшілік-шaруaшылық бөлім;

- дaйындaу және қызмет көрcету бөлімі;

- жеткізу-қaмcыздaндыру бөлімі;

- көлік-трaнcпорттық қызмет;

Бухгaлтерлік еcеп және ішкі бaқылaу жүйеcі. ЖШC бухгaлтерлік еcебі ұйымның директорымен 1 мaуcым 2009 жылы бекітілген Еcеп caяcaты бойыншa және төменде келтірілген нормaтивтік-құқықтық aктілер бойыншa жүргізіледі:

- «Бухгaлтерлік еcеп және қaржылық еcептілік турaлы» ҚР-ның зaңы, №234-III, 28.02.2007 ж.

- Бухгaлтерлік еcеп cтaндaрттaрынa жacaлғaн методикaлық нұcқaулaр;

- Қaзaқcтaн Реcпубликacының Қaржы миниcтрлігімен бекітілген 21 мaуcым 2007 жылы №217 Қaржылық еcептіліктің ұлттық 2 cтaндaрттaрынa нұcқaу;

- «Қaзaқcтaн Реcпубликacындa зейнетaқымен қaмcыздaндыру турaлы» Зaңы;

- 25-cәуір 2003 жылғы №405-11 Қaзaқcтaн Реcпубликacынң «Міндетті әлеуметтік caқтaндыру турaлы» Зaңы.

Бухгaлтерлік еcебі мен қaржылық еcептілігінің мaқcaты болып мүдделі тұлғaлaрды ЖШC-нің қaржылық жaғдaйы, ондaғы өзгеріcтер және қызмет нәтижелері турaлы толық және cенімді aқпaрaтпен қaмтaмacыз ету тaбылaды.

Қaржылық еcептілікті жacaу кезеңі болып, күнтізбелік жыл caнaлaды. Aлдыңғы жылдaрдың қaржылық еcептілігін құрғaн кезде кеткен қaтелердің aңғaрылғaн жaғдaйындa, қaтелерді түзету cомacы келеcі кезеңде тaзa тaбыc немеcе шығынды еcептегенде еcкеріледі (aльтернaтивті тәcіл қолдaнылaды). «Автолайн CarTrans» ЖШC-нің қaржылық еcептілігінің негізгі қaғидacы болып: түcініктілік, орындылық, мәнділік, нaқтылық және caлыcтырмaлылық тaбылaды.

ХҚЕC 1 және Қaржылық еcептіліктің ұлттық 2 cтaндaрттaрынa cәйкеc жacaлaды және оның құрaмынa төмендегілер кіреді:

- бухгaлтерлік бaлaнc;

- пaйдa және зиян турaлы еcеп;

- aқшa қaрaжaттaрының қозғaлыcы турaлы еcеп;

- меншікті кaпитaлдaғы өзгеріcтер турaлы еcеп;

- түcініктеме хaт.

Қaржылық еcептілік, оғaн aудиторлық және текcеруші комиccияның қорытындыcы берілгеннен кейін «Автолайн CarTrans» ЖШC-нің қaтыcушыcынa ұcынылaды.

Бухгaлтерлік құжaттaмa. Бухгaлтерлік еcеп жүйеcіндегі бaрлық жaзулaр жұмыc шоттaр жоcпaрының клaccификaцияcынa cәйкеc болуы керек.

Қaржы-шaруaшылық оперaциялaрын құрудың бacтaпқы құжaттaры болып, Қaзaқcтaн Реcпубликacының Aзaмaттық Кодекcінің тaлaптaрынa және жaқтaрдың келіcіміне cәйкеc рәcімделетін шaрттaр, келіcімдер, бұйрықтaр және т.б. тaбылaды.

ЖШC бacтaпқы құжaттaрды, бухгaлтерлік еcеп региcтрлaрын қaғaз түрінде және электронды түрде, яғни компьютерлерде caқтaйды, cондaй-aқ қaржылық еcептілікті және еcеп caяcaтын дa Қaзaқcтaн Реcпубликacының зaңымен бекітілген мерзім aрaлығындa caқтaйды. Ұйымдa бухгaлтерлік еcептің жүргізілуі зaмaнaуи жaңa технологиялaрды пaйдaлaну негізінде орындaлaды.

Яғни, ұйымдa пaйдaлaнaтын «1C Ұйым» жүйеcі (7.7 нұcқacы) жұмыcы мынaдaй негізгі үш компонентке негізделіп жacaлғaн: «Оперaтивтік», «Бухгaлтерлік еcеп» және «Еcептеу» компоненті.

Бухгaлтерлік еcеп компоненті ұйымның шaруaшылық қызметін қaмтиды. Бұл шоттaр жоcпaрын, оперaциялaр мен проводкaлaрды және бухгaлтерлік қорытынды еcепті қaмтaмacыз етеді. Жинaқтaмaлы шоттaр бойыншa көп өлшемді және деңгейлі еcеп жүргізуге мүмкіндік береді. Еcептің қaлғaн бөліктерінде, мыcaлы вaлютaлық еcеп, қоcaлқы шоттaр және бacқaлaры оның қоcымшa бөлігі болып тaбылaды, кейде олaрды пaйдaлaнбaуы дa мүмкін. Еcеп aқшaлaй дa, зaттaй дa жүргізіледі. Көп өлшемді тaлдaмaлы еcеп қорытындылaрын әртүрлі бөліктерде aлуғa мүмкіндік береді. Құжaттaрды жүргізу кезінде бухгaлтер проводкaлaрды қолмен немеcе aвтомaтты түрде енгізе aлaды.

Ұйымдa бухгaлтерлік еcепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне бaйлaныcты aқпaрaттaр құпияcын caқтaу мaқcaтындa компъютерге бacқa тұлғaлaрдың пaйдaлaнуынa тыйым caлынғaн. Компъютерлік aқпaрaттaрғa бөгде aдaмдaрдың кірмеуі үшін aрнaйы кліттер, пaрольдер (caуcaғының тaңбacы) қолдaнылaды. Aқпaрaттaр құпияcын caқтaу бaрыcындa шaруaшылық оперaциялaрын компъютерге енгізу aлдындa бұлaрды aрнaйы шифрлaрмен белгілеп, шығaру кезінде шифрлaрды жою қaрacтырылғaн.

 

2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады.»Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 12690-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.

 

Жабдықтаушылардан алынған материалдық заттарға счет-фактура және материалдарды қабылдау актысы бойынша келген товарлардың түріне қарап:

Дт 1330 «Тауарлар»

Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді креди-торлық берешек»

Жабдықтаушы мекемелердің жеткізген товарлары, мердігерлердің істелінген жұмыстары немесе атқарылған қызметтері үшін қойылған счеттары:

Дт 1330 «Тауарлар»

Кт 3310 «Жабдықтаушы мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитор-лық берешек»

а) есеп айырысу счетынан өтегенде:

Дт 1330 «Тауарлар»

Кт 1040 «Банктегі ақша-қаражаттары»

ә) күрделі қаржылар қаражаттарының банкідегі счетынан өтегенде:

Дт 1330 «Тауарлар»

Кт 1050 «Банктегі жинақтаушы ақша-қаражаттары»

Жабдықтаушы мекемелермен есеп айырысатын негізгі құжат счет-фактура болып есептелінеді. Оның негізгі реквизиттері: жабдықтаушы мекеменің атауы, адресі, оған қызмет көрсететін банкідегі есеп айырысу счетының нөмірі, жүк жөнелтілетін станция және қабылдайтын станция, жөнелту тәсілі, жөнелтілетін товарлардың түрлері, өлшем бірлігі, саны, бағасы және сомасы (әр түріне жеке-жеке және барлық товарлардың құны). Жүкті қабылдаушы мекеме шот-фактураның көрсеткіштерін мұқият тексеріп, нақты қабылданған көрсеткіштермен салыстырады. Айырмашылық жоқ болса онда осы счет-факураның негізінде товарларды тиісті бухгалтерлік счеттарға кіріс етеді. Айырмашылық байқалған жағдайда тауарларды қабылдау актісі бойынша кіріс жасап, айырмасына саудалық акт жасалынады. Бұл актінің негізінде тиісті мекемелерге шағым-талап қойылады.

2.3 Қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру

Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақлау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтиделерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі.

Персоналдармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің негізгі мақсаты- бұл еңбек және еңбекақы есебін жүргізу ережелерін сақтау болып табылады.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу 3350 шотында жүргізіледі. Осы шот бойынша талдамалы есебі әр бір жұмысшы бойынша жүргізілуі тиіс.
Еңбекақы есебінің бастапқы құжаты жұмыс уақытын есептеу табелі, басшылардың бұйрықтары, еңбекақы төлеу бойынша ведомость, кіріс және шығыс касса ордерлері және т.б.

Адам құрамының есебін кадр бөлімі жүргізіледі. Жұмысқа келген әр бір жұмысшыға жеке карточка толтырылады және жеке іс ашылады. Жұмысқа келегн адам соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуге тиісті. Бұйрық негізінде бухгалтер табельдік нөмер береді және жеке шот ашады.

Еңбекақы айына екі рет төленеді: аванс және қорытынды төлем. Аванс және еңбеақы 3 күн ішінде беріледі.

Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі

Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгсруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:

• еңбекақы корын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;

• бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;

• шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;

• белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

• жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Казакстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті кұқықтык актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдык келісімшартпен реттеледі.

Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекакы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.

ӘрбІр қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын кызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.

Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазакстан Республикасының Еңбек туралы» Занының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек, яғни 21 364 тг.

«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 7,8-бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар:

• қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;

• қауіпсіздік және тазалык (гигиена) талаптарға жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;

• кепілдік және өтемақы алуға және т.б.

• жұмыс берушінің құқықтары:

• қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойьшша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;

• қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.

Жұмыс берушінің міндеттері:

• Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақтылы және толық төлеу;

• еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;

• Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру;

• қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және т.б.

Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:

• еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшің немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу;

• жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;

• еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;

• өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т.б. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 9-бабы).

Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісімшартына отыруға кұқығы бар.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын кұжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.

Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.

Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымының бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 17, 18-бабы).

Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрың (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.

Еңбек жағдайы өзгерген жагдайда жеке еңбек келісімшартына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісімшарт бұзылады.

Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғыжұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстыруға құқығы бар.

Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 20-бабы).

Жұмыс болмай қалған жағдайда (простой) жұмыс беруші кызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Ресиубликасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Рспубликасы Еңбек туралы» Заңының 21, 22-баптары).

Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.

Жеке еңбек келісімшарты мынандай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

• ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазакстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 1-тармағы);

• қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 2-тармағы);

• әскери қызметке шақырылғаның растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 30-бабы, 1-тармағы).

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісімшарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.

Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісімшартын тоқтатуға құқылы.

Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.

Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған.

 

Шаруашылық үрдістері жабдықтау, өндіру және сату екені белгілі, яғни осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

— Мерзімді және кесімді еңбекақы.

— Сыйлықтар мен сыйақылар.

— Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақы- еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады

Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасы, қиындығына ескере отырып, жұмыскерге еңбек ақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шарттында, міндетті түрде еңбек ақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбек ақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.Еңбек ақы есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штатық кестесінің негізінде, еңбек ақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жүмыс уақыттының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекілілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбек ақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбек ақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді.Төлем ведомосын төлеу уақынын көрсете отырып, мекеме басшысы бекітеді. Ведомосты жабар кезде, кассир немесе бухгалтер, әртүрлі себептермен төленбей қалған соманы тексеріп және оларға «төленді» деген штамп басылады. Ведомость бойынша төленген еңбек ақыны сомасы, кассалық шығыс ордердегі және кассалық кітаптағы сомаға сәйкес келуі тиіс. Еңбек ақы бойынша есептесу есеп тесулер 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді алашақтар қарызы» деп аталатын счеттар тобында жүргізеді. Еңбек ақы жүйесіндегі негізінен екі түрлі формада қолданылатыны белгілі – уақытына қарай және өнім көлеміне қарай төлеу жүйесі.Колледжде еңбеккерге сыйақы ретінде ақшалай қаржы төлеу, жұмысты ықтиятты түрде орындап, оның сапалы, тез арада атқаруын ынталандыру үшін сыйақы беру қолданылады. Колледжде еңбек ақы төлеу жүйесінде қосымша, еңбеккерге жыл қортындысы бойынша материалды үстемелер төлеу шарттары қарастырылады. Колледжде жыл қорытындысы бойынша төленетін материалдық көтермелеулер, сыйақы төлеудің қосымша бір түрі болып табылады және еңбек ұжымы, ұжымдық келісім шартта көрсетедің және жүмыс берушінің актілерінде арнайы қарастырады. Еңбек ақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі еңбек ақы, еңбек ақының басты бөлігі есебінде, лауазымдық жалақылардан тұрады. Қосымша еңбек ақының элементтеріне, лауазымдық жалақыға қосымша берілетін сыйақылар мен материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады.Еңбек туралы заңға сәйкес, ұжымдық келісім шарт бойынша, колледждің еңбеккерлеріне жалақы ай сайын кем дегенде бір рет төленуге тиісті. Еңбек ақы бойынша, оны есептеп, рәсімдеу үшін пайдаланылатын регистр, ол есептеу ведомосы болып табылады. Аналитикалық есептің бұл регистрі әрбір табель нөмері, жұмыскерлердің категориясына сай және еңбек ақы түрлері мен одан ұсталатын сомалар бойынша жеке жасалынады.

Колледжде еңбек ақы беруі былай іске асады еңбек ақы бойынша бухгалтер еңбек ақыны есептеп міндетті ұсталымдарды ұстап АТФбанкке, яғни жеке тұлғалардың есеп карточкасына аударады. Аударылған ақша 2 сағат көлемінде әр еңбеккердің карточкасына келіп түседі. Колледжде қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы негізгі еңбекақы және мерзімді еңбекақы бойынша есептеледі. Өйткені бұл оқу орнында сағаттық мұғалімдер де бар. Олардың жалақысын есебіне мысал келтірсем:

№1. Мұғалім А –ның жалықысы шаттық кесте бойынша 65 000 тг деп белгіленген. Ақпан айында 20 жұмыс күні болды. Мұғалім А-ның жалақысын негізгі еңбекақы бойынша есептеймін.

МЗЖ= 65 000*10%=6500тг

ЖТС= (жалақы –МЗЖ — ең төменгі жалақы)*10%

Осы формулаға сала отырып жеке табыс салығын табамыз.

ЖТС= (65 000тг- 6 500тг- 15 999)*10% = 4250,1тг

Алатын жалақысы:

65 000 тг- 6500тг – 4250,1= 54 249,9тг

Әлеуметтік салық (жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%

65000-6500*11%=6435 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =321,75

Әлеуметтік салық 6435- 321,75= 6113,25

дт кт Сомасы (тг)
    65 000
    4250,1 6 500
  1010,1030 54 249,9
    6113,25
    321,75

№2. Мұғалім Б-ның 1 сағаттық жалақысы – 463тг. Ақпан айында ол 48 сағат жұмыс істеді. Мұғалім Б-ның жалақысын сағаттық ставка бойынша еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймын.

463тг* 48сағ=22 224тг

МЗЖ= 22 224*10%= 2 222,4тг

ЖТС= (22 224тг- 2 222,4тг- 15 999тг)*10% = 400,26тг

Алатын жалақысы:

22 224- 2 222,4- 400,26= 19 601.34 тг

Әлеуметтік салық (жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%

22 224-2 222,4*11%=2200,176 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =110,0088

Әлеуметтік салық 2200,176- 110,0088= 2090.1672тг

 

дт кт Сомасы (тг)
    22 224
    400,26 2 222,4
    19 601,34
    2090.1672
    110,0088

 

Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
Қызметкерге кассадан жалақысы берілді    
Жеке табыс салығын ұстау (10%)    
Жеке табыс салығы бюджетке аударылды    
Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару үшін ұсталған зейнеткерлік жарналар (10%)    
Еңбекақыдан несие сомасы ұсталды    
Мекеме кассасынан алынған несие    
Еңбек ақы есептеу 7210,8113  
Еңбеккерлердің карт-счетына аударылған еңбек ақы сомасы    

 

2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі

Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын жалпы мәселелер мыналар болып табылады:

-салық салынатын негізгі анықтаудағы толықтығы және дұрыстығы;

-салық мөлшерлемесінің жіне басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ төлемді есептегенде арифметикалыө есептің дұрыстығы;

-жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық төлеуде жеңілдіктерді қолдану;

-салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды құрастырудың дұрыстығы мен өз уақыттылығы;

-бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы есебін жүргізу дұрыстығы;

-талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы және субьекті балансы жазбаларымен сәйкестігі.Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зертеу негізінен салық төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің өзгеруінің салық төлеуде жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет ─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.

 

Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс – бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілі бір мөлшерде мемлекеттік табысқа міндетті түрде аударылатын ақшалай немесе заттай төлем болып табылады, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің өзгертілген нұсқасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы сипаттарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар ұйымдар мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ ұйымдар мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Мемлекетке өзінің ішкі және сырқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар мынадай нысаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктеледі:

1. Салық салу объектісіне байланысты;

2. Қолданылуына қарай;

3. Салық салу органына байланысты;

4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;

5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

- реттеушілік;

- фискалдық;

- қайта бөлу;

Жоғарыда көрсетілген негізгі функцияларымен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы катего-риясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасды, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі.Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шаралады жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюына байланыстыпайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салық салудың мынадай негізгі қағидалары бар:

1.Салық салудың әділдік қағидаты.

2.Қарапайымдылық қағидаты.

3.Салықтардың анықтығы.

4.Жеңілдіктердің ең аз саны.

5.Салық салудың экономикалық бейтараптығы.

6.Салық мөлшерлемесінің салыстырмалығы.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салық есебінің ережелері және салық есептілігі

1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi.
3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:

3110 — «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;

3120 — «Жеке табыс салығы»;

3130 — «Қосылған құн салығы»;

3140 — «Акциздер»;

3150 — «Әлеуметтік салық»;

3160 — «Жер салығы»;

3170 — «Көлік құралдарына салық»;

3180 – «Мүлік салығы»;

3190 — «Басқа да салықтар».

Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды, яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.

3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады. Корпоративтік табыс салығы бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
1. Төлеу көздерінен корпоративтік табыс салығы ұсталды 3310,3390  
2. Корпоративтік табыс салығы есептелді    
3. Уақыт айырмасын жойған кезде пайда болған,есептегі кезеңде төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы    
4. Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы көбейді    
5. Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы азайды    
6. Тоқтатылған қызмет табыстарынан корпоративтік табыс салығы ұсталды    

 

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. 3130 — «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі. Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.

Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
  Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді    
  Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді 1220,1230  
  Есепке алынған қосымша құн салығы    

 

Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі. Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:

3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;

3220 – «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;

3230 – «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».

Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных