Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ




3.1 Қысқа мерзімд міндеттемелер аудиті

Қысқа мерзімді несиелерді, займдарды (қарыздарды) алуға және оларды сөндіруге байланысты есеп айырысу- несиелеу операциялары, ұзақ мерзімді несиелерді (займдарды) алу және оларды сөндіру операциялары сияқты шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің типтік жоспарының 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімшесінің 3010 "Қысқа мерзімді банк несиелері", 3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" және 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" шоттарында тиісті аралық шоттар ашу арқылы жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым - қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым - қарызға алынған соманы көрсетеді.

Қысқа мерзімді несиелердің, займдардың аналитикалық есебі несиелердің, займдардың түрлері оларды берген банктер, мекемелер және басқа да несие берушілермен жүргізіледі.

Банктің сенімді клиенттерге олардың шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығынан жоғары сомаға қысқа мерзімді несие түрі - овердрафт және мерзімінде өтелмеген банк несиелері жеке көрсетеді.

3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" шотының аналитикалық есебі займ берушілер және займды сөндіру мерзімі бойынша жүргізіледі.

Қысқа мерзімді зайымдар көбінесе вексельдер түрінде коммерциялық несие және серіктестіктерге берешек қарыз міндеттеме сипатында болады.

Алынған қысқа мерзімді несиелердің, займдардың ұйымның есепті кезеңге жасаған балансында дұрыс көрсетілгендігіне аудит жүргізгенде, аудитор алдымен мынадай мәселелерді анықтап алуға тиісті:

- несие қандай мақсатқа жұмсалған және бұл мақсаттардың несие алу шартының талаптарына сәйкестігін;

- несиені қамтамасыз етуге немесе кепілдік құрамына енген ұйымның активтерін;

- несиенің толық және дер кезінде сөндірілгендігін (банк көшірмесі бойынша);

- жасалған шартқа сәйкес несиеге қойылған пайыздардың дұрыс төленгендігін;

- несие қойылған пайыздың өнімінің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дұрыс ендірілу ережелерінің сақталғандығын;

- басқа мекемелерден, ұйымдардан алынған займның заңдылығын және негізділігін, олардың уақытылы толық және дер кезінде сөндірілгендігін;

- 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" аралық шот бөлімшесінің шоттары бойынша журнал-ордер № 4 және бухгалтерлік баланстағы жазулармен синтетикалық және аналитикалық есептегі жазуларына сәйкес дұрыс жүргізілгендігін.

Бухгалтерлік баланстың 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімінде 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" бабы келтірілген. Осы бап бойынша тексеру жүргізген кезде аудитордан ұзақ мерзімді несиелердің аналитикалық есеп бойынша, займдардың сөндірілу мерзімін және негізділігін анықтауды талап етеді.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің алынуы мен қайтарлуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» шоттарында жүргізіледі. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады. Олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субъект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар: 1040, 1050, 1070, ал кредиттелетін шоттар: 3010 – 3020. Несиенің қайтарылуы жағдайнда аталған 3010 – 3020 шоттар дебеттеліп, 1040, 1050, 1070 шоттары кредиттелінеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебі міндеттемелерді берген банктердің түрлері бойынша және кредиторлар бойынша жүргізіледі. Аудиторға мыналарды тексеру керек:

- Міндеттеме үшін төленген пайыздардың дұрстығын және олардың кезеңдік шығндарға дұрыс апарылғандығын;

- 3010-3020 шоттар бойынша №4 журнал ордер, баланстағы синтетикалық және аналитикалық шоттардың дұрыстығын,

- 3020 шотының аналитикалық есебінің мәліметтерін тексеру;

- Шығарылған облигацияларды қайтару және үйлестіріп тарату, вексельдердің төленуі және берілуі, қызметкерлер үшін алынған міндеттемелерді және т.б.байланысты операцияялар 3050 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» шотымен тексеріледі.

Жүргізілген тексеруддің нәтижесі кәсіпорында қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебінің жүргізілмейтінін немесе нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға банкілік немесе банк мекемелерінен тыс міндеттемелер бойынша пайыздарының есептелуінің дұрыстығын дер кезінде әрқашан да тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып, содан кейін банк банк міндеттемелері бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығын және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек.

Кредиторлық берешектер аудиті

Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігіне қүрайтын кредиторлық қарызды тексеруге үлкен көңіл бөлу керек. Аудитор ағымдағы қаржылық міндеттеменің негізін құрайтын, әрі жиі кездесетін кредиторлық борыштар операцияларын мұқият тексеруге тиісті. Кредиторлық берешек - ұйымның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Кредиторлық борыштар бұл ұйымның заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға, азаматтарға төлеуге тиісті міндеттеме (қарыз) сомасы.

Кредиторлық борыш пайда болу сипаты бойынша дұрыс және аяқталмаған болып бөлінеді.

Дұрыс кредиторлық борыштар деп шаруашылықтың бизнес жоспарының орындалу барысымен, сондай-ақ қолданыстағы есеп айырысудың нысандарымен белгіленген бөлігін айтамыз. Оған жататындар, мәселен төлеу мерзімі жетпеген жабдықтаушылармен акцептелген есеп айырысу құжаттары бойынша мерзімі өтпеген борыштар.

Аяқталмаған кредиторлық борыштар деп қаржы органдарымен мерзімі өтіп кеткен борыш, бюджетпен есеп айырысу бойынша шаруашылықтың жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу бойынша жабдықтаушыларға мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары т.б. бойынша борыштар аталады.

Кредиторлық борыштардың нақтылығын анықтау үшін дебиторлық борыштардың аудитінің әдістемесін қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.

Кредиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізгенде аудитордың басты міндеттері:

1. төлем тәртібін сақтау ережелерін, есеп айырысу кезінде қолданылған бағаның (тарифтың) негізділігін, есеп айырысу қаржыларының сақталуын тексеру;

2. шаруашылықтың балансында көрсетілген несиелік борыш сомасының нақтылығын, заңдылығын және негізділігін тексеру;

3. есеп айырысуларды ретке келтіру, несиелік борышты төмендету бойынша ұсыныстар жасау.

Кредиторлық берешектерді тексерудің басты міндеттері мыналар:

1) Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

2) Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құнды көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

3) Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру.

4) Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айрысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешкті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

1. Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.

2. Алынған аванстар.

3. Салықтар бойынша берешек.

4. Төленуге тиісті дивидедтер.

5. Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек.

6. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек.

7. Басқадай кредиторлық берешек.

Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті

Еңбекке ақы төлеу кәсіпорынның өз қызметкерлеріне борышы болып табылады. Және жылдың басындағы, аяғындағы баланста көрініс табатынкредиторлық қарыздардың маңызды баптары деп саналады.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру, және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.

Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбкақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.

Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде- штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім –шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.

Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек.Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.

Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

Процедуралар Ақпарат көздері.
1. Барлық негіздер бойынша қызметкерлерге төлемдерді есептеу мен толтырудың дұрыстығын бақылау. Есептеу-төлем тізімдемелері, нарядтар, жұмыс уақытын есепке алу табелі, штат кестесі.
2. Еңбекақыдан ұсталынатын салықтардың зейнетақы қорына төленетін жарналардың дұрыс есептелуін тексеру. Есептеу-төлем тізімдемелері, материалдық көмек беру туралы бұйрықтар.
3. Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу реестрлеріндегі мағлұматтарды тексеріп және оны Бас кітап шоттарымен салыстырып тексеру. Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар, Бас кітап.
4. Қызметкерлердің еңбекақысын есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру. Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар.

Кәсіпорынның өз қызметкерлеріне еңбекақысы бойынша қарызы жылдың басы мен аяғындағы баланста көрсетілген несие қарызының маңызды баптарының бірі болып табылады. Еңбек пен еңбекақысын есепке алудың қазіргі тәртібін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен оның ахуалын, сонымен қатар еңбекақысы бойынша есеп айырысудың дұрыс жүргізілуін тексеру - осы борыш аудитінің негізгі міндеті болып табылады..

Жұмыс жағдайларында ауытқуларға байланысты қосымша төлемдердің дұрыс есептеп шығарылуын тексеру кезінде аудитор жұмыс орындар нарядқа басқа да құжаттарға сәйкес шикізатпен, материалдармен, жабдықтармен құралдармен толық қамтамасыз етілгенде ғана жұмыс жағдайлары қалыпты болып саналатынын білуге тиіс.Егер бұл шарттар орындалмаған болса жұмысшы осыған орай қосымша уақыт жұмсайтын болса, онда осы уақыттың ақысы төленуі керек.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды тексеру кезінде аудитор келесілердің негізділігін тексеру керек:

- еңбекақының дұрыс есептелуін;

- нақты жұмыс істеп жатқан қызметкерлер санының тізімдегі санына сәйкестігі;

- еңбекақыны төлеудің дұрыстығы, уақыттылығы, толықтығы.

Еңбекақының дұрыс есептелуі мен штаттық кестемен нақты қызметкерлердің санының сәйкестігін тексеру үшін келесі құжаттар қарастырылған:

- кәсіпорын қызметкерлерімен келісім-шарт;

- жеке шот;

- жұмыс уақытын пайдалану есебі табелі;

- жеке құрамы бойынша бұйрықтар;

- кесімді жұмысқа наряд;

- орындалған жұмысты қабылдау актісі;

- өндіру туралы рапорт;

- маршруттық қағаз;

- атқару қағаздары, неке туралы акт.

Жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілермен есеп айырысу аудиті және аудит бағдарламасы

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ТМҚ жеткізіп берушілер және әр түрлі қызмет көрсететін кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындармен көбінесе банк арқылы төлем жүргізіледі, төлем келісім түрде анықталады. Есептесудің бірнеше формалары бар: акцепті, аккредитивті, чек арқылы, тапсырылған төлем ретінде, весель т.с.с.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесуі туралы мәліметтің көрсетілуі 3310 «Мердігерлер мен жеткізуші алдындағы қысқа мерзімді қарыз» шоты арналған, сол шоттың кредиті бойынша сатып алынған ТМҚ, сыртқы айналымды активтері: 1310, 1330, 1350, 2410, 2730. Корреспенденцияланған шоттармен байланысты.

Жабдықтаушыдан ТМҚ жеткізуші келісімсіз келуі мумкін, фактуроланбаған жеткізілім деп атайды. Құндылығы «Материал алу туралы акт» бойынша кіріске енгізіледі. Жабдықтаушы құжаттарының түсуі кезінде шоттың есебі әдеттегі жазумен өткізіледі, ал ертерек болған жазуды бухгалтерлік анықтаманың мақсаты ретінде масақтайды.

Тауарды шикізаттарымен материалдарды сатып алу, электроэнергияны, жылуды алу, жабдықтаудан жүмыс және қызмет келісім-шарттар, заказдар, заявкалар негізінде жүзеге асырылады ТМҚ- ды кірістеу кезінде жабдықтаушы қүжатында қорлардың саны жөне сапасы бойынша айырмашылықтар табылуы мүмкін. Ондай жағдайда табылган жетіспеушілік тур акт құрылады.

Жетіспеген ТМҚ сомасына кәсіпорын жабдықтаушығы арыз береді оған мыналар тіркелуі керек:

- жабдықтаушының қүжатында көрсетілген мәліметтермен ТМҚ-ң жолдама қүжаттары және салыстыру ведомосінің көшірмесі:

- жүк салмағын тексеру тур бағытты станцияның түбір тегі;

- табылған ТМҚ-ң жетіспеушілігі тур акт;

- жетіспеушілікті түғызған себептерді растайтын басқа да қүжаттар; Қанағаттанбаған арызға жабдықтаушыдан немесе пароход шаруашылығынан талап ету керек.

Аудитор мерзімінен өткен арызды көресту жағдайлары жоқ па соны анықтау керек.

Талапты анықтамаға тіркелген қүжаттар көшірмесінің негізінде, аудмтор жабдықтаушыға көрсетілген арыздарды дәлелді ма, соны анықтайды.Жабдықтаушы және мердігелермен есептесу қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылады. Есеп нысаны анықталады.

Ақшасыз есептесудің негізгі формалары: акцепті; аккредитивті; төлем-талап бойынша, чектермен; жоспарлы төлем тәртіпте төлем-талаптарымен; сонымен қатар вексельдермен.

Жабдықтаушы және мердігелермен есептесуді тексере отырып аудитор жүргізілген операциялардың қүжатты негізділігін анықтау керек және олардың толтыру дүрыстығын, барлық ақтайтын қүжаттардың бар болуына көңір аудару керек, ал жеке жағдайда - үйымда қарама қарсы тексеріс жүргізу керек, керек жағдайда бенктерден қүжаттардың көшірмесін сүрау.

Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру аудит процедурасының маңыздылығының бірі болып табылады.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есептесу бойынша операцияларды тексере отырып аудитор бухгалтерлік проводкалардың дүрыс қүрылуын тексеру қажет. Өндірістік көсіпорыннан басқа көптеген үйымдар коммерциялық қызметпен де айналысады.

Аудитор жабдықтаушы және рердігермен есептесуді тексеріп, оларға тиісті қорытынды жасау керек. Ол негізделген және мынадай қүжаттармен дәлелденуі керек; шот-фактуралар, накладнойлар, чектер, төлеу қүжаттары, инветаризациялық басылымдар, ведомостар, сличительные (салыстырмалы) қорытындысында аудитор корреспонденттік шотының дүрыс қүрылуын текесеру керек.

Жабдықтаушылармен есеп айырысуларды тексерудің басты міндеттері мыналар:

- төлем тәртібін сақтауды тексеру;

- есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру;

- кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру;

- есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу жағдайьн бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына, тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру, сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1. Тауарлық-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік кұжаттар мен т.с.с.
2. Тауарлық-материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніңдегі тілек-талаптарды рәсімдеудін дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі және т.б.) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
3. Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген кызмет есебінін толықтығы мен уакытылығын тексеру Қабылдау актілері, жүқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, койма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б.
4. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру Шарттар (сатып алу, бірлсскен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалык құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, толем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б.
5. Векселдерді пайдалынып, жабдықтаушылармен ККС алып тастап, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5, 6 журнал-ордерлер, салыктық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітіп және т.б.
6. Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, ана-литикалық есеп мәлімет-терінің сннтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі Шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар

 

Салықтық міндеттемелерді аудиторлық тексеру ерекшеліктері

Төлеу циклында негізгі операциялар салықтыр, алымдар, баждар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады. Тексеруді 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3130 «Қосылған құн салығы» шоттары бойынша жүргізеді.

Кәсіпорыннан табыс салығын тексеру барысында жылдық жиынтық табысты есептеудің дұрыстығымен танысу керек, ол жеке тұлғалардың дивидендтері; ағымдағы бағамдық айырма; құнды қағаздарды сатудан құнның өсімі сияқты арнайы баптарды болдырмауға жататын салықтары бойынша есептеулердің негізі болып табылады. Аудитор еңбекті төлеумен, қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік игіліктерімен байланысты барлық шығындарды, сонымен қатар әр түрлі шегерімдерді, мысалы, пайыздар бойынша, күмәнді қарыздар, ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың шығындары және т.б. жылдық жиынтық табыстан барлық шегерімдерді дұрыс жүргізіліп жатқандығына көңіл бөлу керек.

Кәсіпорындарда салықтық тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері мен бағыттары.

Кезеңдер Салықтық талдаудың негізгі бағыттары мен олардың мазмұны
    Абсолюттік салықтық нүктемені талдау     Салыстырмалы салықтық жүктемені талдау.     Салықтар бойынша кәсіпорын борыштарын талдау 1.1 Зерттеліп отырған кезеңдегі кәсіпорынның төлеген салықтарын талдау 1.2 Салықтық төлемдердің динамикасымен құрылымын факторлық талдау.   2.1 Жалпы салықтық жүктеменің құрылымын талдау 2.2 Салықтық жүктеменің жалпы коэффициенттерін, талдау. 2.3 Экономиканың жекелеген салаларының ерекшеліктеріне байланысты коэффициенттерді талдау. 3.1 Салықтар бойынша кәсіпорын қарыздарының құрылымын талдау. 3.2 Салықтар бойынша кәсіпорын қарыздарының динамикасын талдау. 3.3 Төленетін салық сомасы мен салық бойынша қарыздардың ара қатынасын талдау.  

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных