Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылдарындағы романдар.




Мақсаты: Қазақ романының қалыптасу, даму арналарын түсіндіру.

Сұрақтар:

1. «Ақбілек» көркемдік сипаты.

2. «Азамат Азаматыч» ромны.

3. «Ботагөз» романы.

4. «Менің құрдастарым» романы

Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректе 1890) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанмен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке кіреді, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. 1918-1919 жылдар аралығында Алаш идеясын қолдаған жас оқыған кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 жылы РКП (б) қатарына өту, Қазақстан кеңестерінің құрылтайына делегат, Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болу, “Қазақ тілі” газетін редакциялау, “Ақ жол” газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың азамат болып қалыптасу жолындағы күрес іздерін, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны”.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек прозадағы ырғақ, стиль, композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінеді.

Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күрестерінің ерекше шиеленісіп тоғысқан, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады: бұрын айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.

Оқырман бірден шытырман әркеттер үстінен түседі: алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады.

Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, былғанған ары – осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қарамұрт орыс офицеріне еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген.

Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды.

Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады.

Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты қайда – мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан нанымды жауаптар берілген. Екі халық өкілі, бәрі жазықсыз, оң жақта солқылдап отырған бойжеткен, екіншісі Кеңес өкіметіне қарсы қару көтеріп, атысып-шабысып, ақыры басқа айла қалмаған соң, Қытай асып бара жатқан офицер – бұларды бір көрпенің астында тоғыстырған қатал уақыт бұйрығы, зорлық, қиянат шоқпары; қарамұрт әрекеті әлі келгенше тіршіліктің жылы-жұмсақ, дәмді-тәттісінен бір қарпып қалу, сорлы қыз қасқыр тартқан құлындай боп зар еңіреп ол отыр.

Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, тау-таспен зареңіреп сыңсуы, балалық, асыл қасиеттерінен айрылғанын жоқтап, терең қайғы шыңырауына батуын зор шеберлікпен бейнелейді.

Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады.

Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз сәби – Ескендірдің өмірге келуі – мұның бәрі сала-сала реалистік оқиғалар болып берілген.

Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды.

Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-қозғалыс – бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, персонаждардың өзін-өзі сипаттауы Жүсіпбек Аймауытов жиі қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген себебі – Мамырбаймен ескі араздығы.

Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор – Жылтыр деген көксоққан, естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген.

Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды-салт – бұлардың баршасын жеріне жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді.

Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат бел алған. Ақбілек – Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ – Ақбілек арнасы – бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ қатарлас азамат, өмірлік жар тауып, азаптан туған перзенті – Ескендірін қайта сүйіп жазушы басқа өмірдің бір белгісі, мезгіл мінезінің сипаты деген көркем ой тастайды.

Б.Майлиннің проза саласындағы ең көлемдісі – “Азамат Азаматыч” романы. Ол – дәуір шындығын кең қамтыған, көп планды шығарма.

Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы. Кітапта бұл Азамат Азаматычтың образы арқылы беріледі. Жалшы Күркілдектің баласы Қожалақтың балалар үйінде тәрбиеленіп. “Азамат” деген ат алып шығуы – оның жаңа қоғамның қатардағы азаматы болып, заман жүгін көтеруге жарағанының белгісі.

Роман уақиғасы оқу бітірген Азаматтың Қарасай қаласына келіп, мекемеге жаңа жұмысқа орналасуынан басталады. Ескішіл жат топтар оны өз қолдарына қондырып, сол арқылы өрісін кеңейте түсуді ойлайды. Бұрын ақ армиясында офицер болып, большевиктерді қырған, бүгін жасырынып жүрген тап жауы Рақым Шегіров оны өзінің балдызы Мариямға үйлендіреді. Рақым маңындағы жат типтер Кәдірбаев, Қайдар, Жүніс т.б. әртүрлі жолдармен Азаматты жолынан тайдыруға қызмет етеді. Солардың ықпалымен таптық қырағылығы әлсіреп, күресте босаңси бастаған Азаматты мекемесінің қызметкерлері Алексеев, Медеу, Қайша, Шәймерден т.б. қамқорлыққа алады. Романда Азамат үшін тартыс өрістейді. Осы жолда бас герой саяси қоғамдық жұмыстардың, семьялық өмірдің, адал азаматтар мен жасырынған тап дұшпандарының арасындағы қарым-қатынастың неше түрлі сынынан өтеді. Осы талас-тартыста өз мінез-құлқын да характерін де қалыптастырады. Ақыры жаулар әрекеті әшкереленіп, Азамат халық жағында қалады.

Жиырмасыншы жылдар ішінде кедейлер ортасынан шыққан жаңа басшы кадрлардың тәрбиеленуі – үлкен қиын жол болатын. Оларға ескі күштер көп кедергі жасап бақты – сүріндірді, қателестірді. Бейімбет үлкен суреткер есебінде Азаматтар басынан кешкен осы қиын жолды ешбір оңайлатпастан табиғи да шын қалпында оқушы көз алдына жайып салады.

Азаматтың өз дәуірінің негізгі қайраткері болып қалыптасуының өзіндік жолы бар. Герой бойындағы ұяңдық пен жұмсақтық көп жағдайда оның тап жауларымен қарым-қатынаста босаңдық көрсетуіне әкеліп соғады. Ол Мариямның қолына оңай түсіп, оның айтуымен Мариямның бөлесі маскүнем Жүніске арашашы болады. Қайдар деген өзінің Мариямға жиен екенін айтып, жақындыққа тартады. Осылардың бәрін Азамат көп уақыт аңдамайды. Тек шын достарының араласуымен ұғына бастайды.

Романның ұнамды кейіпкері Алексеев, Медеу, Шәймерден, Қайшалар – жаңа заманның рухани тазалығын, жігер-қайратын бойына сіңірген адамдар. Мариям үйінде бұрын жалшы болған, бүгінгі Азаматтың ат айдаушысы Медеу Азаматты қоршаған топтың зұлымдық істерін байқап, Азаматты сақтандырады. Алексеев Азаматты жат топтан бөлу үшін жиі-жиі командировкаға жіберетін болады. Сөйтіп Азамат Мариямдар ортасынан біртіндеп бөліне бастайды. Ең алғаш ол Қайдар үйіне қонаққа бара алмай қалады. Кейін колхозға біріге бастаған ауылды Қайдарлардың қаншама ірікті салып отырғанын көреді. Ауылдағы шараларды іске асыруға қатысқан Азамат Қайдар мен Рақымдардың дегенін істемей, адал жолын ұстайды.

Романдағы ұнамсыз типтер күшті жасалған. Олар – ескі заманның беделді қайраткерлері. Бүгін тонын теріс айналдырып киіп, құбылып, жаңа дүниеге де ықпалын жүргізу қамында жүр. “Соңғы жылдың ішінде осы губернияға тиісті жұмыстың қандайына болса да, Рақымның ақылы қатыспай қалған емес, - деп жазады Бейімбет. – Қатынасқаны сол – барлық жұмыс осы Рақымның сілтеуімен орындалып отырды десе де болады. Ең арғысы бірер кеңсеге қызметке қойылатын адам да Рақымның ұйғаруымен қойылатын. Рақым мұны Кәдірбаев, Борсықбаев, Бұқабаевтар арқылы орындап отырды”. Осы үзіндіден Рақым Шегіровтың ықпалы күшті адам екені көрінеді. Жаңа келген қызметкер Азаматты танып, оған Мариямды жұмсаған, сөйтіп астыртын екеуін үйлендіруге қатысқан, Азаматты қыз үйіне кіргізіп алған да осы Рақым. Кейін Азамат бұлардың ынтымағынан алыстай бастаған кездерде де Мариямды қайрап, тіпті командировкаға кеткен адамның артынан жіберуге дейін барады.

Мариям – үстем таптың әлсіреген кезде өз мүддесін сақтау үшін қолына ұстаған қуыршағы. Сиқыр амалды, бірақ сыры танылып, қоғамнан аластала бастаған тип.

Тап жауларын суреттеуде жазушы біраз сатиралық образдар жасауға барады. Бір кезде басшы қызметтерде болып, төмендеп Қарасай қаласына келген Кәдірбаев – қазіргі кезде істен гөрі сөздің адамы болуға көшкенін көреміз. Оның маңында Бұқабаев, Борсықбаев сияқты қулар бар. Олар рухани тозып, өмірден сырыла бастағандар. Кәсібі – арақ ішу, карта ойнау, топ-топ болып жиналып қонақтау.

“Азамат Азаматыч” романы – реалистік прозаның елеулі табысы. Оның идеялық түйіні – Азаматтардың шын мәніндегі азамат болуға бет бұруы мен оны тәлкек етпек болғандардың өмір соққысына ұшырауы. Автор оны зор табыспен орындап шыққан.

Роман тілі көркем, кестелі. Онда байсалды шыншылдықпен қатар, ескіге деген зілді сықақ молырақ ұшырайды.

Б.Майлин – қазақтың көркем прозасын бастаушылардың және онда реалистік үлгілерді дамытушылардың бірі. Жазушы шығармаларының басты қасиеті ретінде оның өзі өмір сүрген дәуірдің басты мәселелерін өткір де батыл көтеріп, халық тіршілігін реалистік планда кең суреттей алғанын айтуға болады. Ол қарапайым көп өкілін әдебиеттің басты кейіпкеріне айналдыра отырып, дәуірдің іргелі мәселелерін соның өсу, ояну, жаңару жолымен байланыстыра көрсетті. Қандай тақырыпты алып жырласа да Бейімбет жаңа заманның жасампаз күшіне үн қоса, адамдар бойына күш, рух дарытып жатқан өзгерістер әсерін мойындай, кейіпкерлеріне мойындата жазады.

Бейімбет шығармаларына өзек болған уақиғалардың бірқатары – нақты өмірде болған жайлар. Оларды бастан кешкен адамдар да жазушы жерлестері. Өзіне таныс уақиғалар мен адамдар тіршілігін суреттегенде жазушы сол күйінде ала салмай, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес өткірлендіре, кейіпкерлерін “таныс бейтанысқа” айналдыра жазады. Оның шығармаларын оқу үстінде өмір көріністерінің жанды бейнесі елестейтіні де сондықтан.

Б.Майлин қазақ ауылы өмірінің сан-салалы, қиын да жұпыны шындығын әсерлемей, сол қалпында бейнелеуді ұнатады. Бұл – оның жазушылық стилінің басты ерекшелігі. Әбден үңіле қарасақ, сол бір қарапайым шындықта терең астар барын, қоғамдық дамудың жаңаша бір арнаға түсе бастағанын аңғарғандай боласың.

Жазушы шығармаларын көбінесе нақты бір жеке адамның тағдырына құрады. Уақиға да соның тіршілік, талабы арқылы өрістейді, сондықтан шашырамайды, жинақы келеді. Сөйтіп, сол жеке адамның басындағы тартыс, күрес арқылы заман талабына лайық жаңа геройдың тууын бейнелейді. “Раушан-коммунист”, “Шұғаның белгісі”, “Азамат Азаматыч” сияқты шығармалардың өзі бұған дәл

Романның к іріспе бөлімінде бақыт туралы түсінік береді...

Бұл роман қойшының баласы Рахмет туралы жазылған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыға учаске начальнигі болып орналасады. Ол көркемөнерді өте жақсы білген. Ол Флобер жайлы, сондай-ақ, А.Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. “Ромео-Джульетта” трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтып, Кузьма Прутковтың барлық афоризмін білетін. Оның бұлай терең білетінінің себебі, ол туып-өскен Долбы жазығында өнердің ешбір түрі дамымаған еді, Рахметтің әкесі Долбы байдың малшысы болатын. Бұл да қой бағатын. Бірақ, бір күні ерте туған көк қозы жоғалып кетеді. Бай Рахметті сабайды, әкесін ұрады. Ашуланған әке үйде жылап жатқан баланы таяқпен салып қалады. Содан Рахмет талып қалады, оянысымен беті ауған жаққа қаңғып кетеді. Біршама уақыттан кейін қараңғылықтың арасынан аттылы Кісі Рахметтен жөн сұрайды. Бала болған уақиғаны айтып береді. Аттылы кісі баланы өзімен бірге алып кетеді. Ол кісінің есімі – Тұрар болатын. Рахметке сол кезден бастап интернат өмірі басталады. Тұрардың айтуымен әкесінің атын Дәуір деп өзгертеді. Алматыда жүргенде, Тұрардың ұлы Сейтенмен кездесіп, екеуі дос болады. Сейтен Рахметтің қарындасы Сағадатқа ғашық болады. Сағадат музыка мектебіне оқуға түсу үшін Алматыға келген. Екеуі бірін-бірі ұнатып қалады.

Қарағандыдағы шахтада шахтерлер жұмыс істейді. Үйлері тар, суық. Шахтерлердің ауыр тұрмысы суреттелген. Олар ағылшын Хокинстің қарамағына қарайды. Себебі, Хокинс шахта иесі.

Күләнда жеңешесімен еріп, жұмысқа барады. Жертөле қазып жатқан Әліпті айдап әкетеді. Дәмеш пен Күләнда Әліптің соңынан жүгіре отырып, ағылшынның кабинетіне кіреді. Күләнданы көрген Джим бір арам пиғылды ойлап үлгереді. Әліпке штраф салып, жетінші забойдан (қауіпті аймақ) көмір шабуға бұйырады.

Шахтадағы жұмыс кезінде Әліпті көмір басып қалады. Жұмысшылар көмекке ұмтылады. Кейбіреулері орнынан қозғалмайды да. Құтқарып алып баракқа алып келеді. Күләнданы сынықшыға жұмсайды. Жолда оны шанамен ұрлап әкетеді. Тілмаш Өтеген қызды алдап, Джимге алып келеді. Джим қызды зорлайды. Үй сыпырушы Таня жүгіріп шахтаға келіп, болған жайды баяндайды. Илья, Бейсен бастаған жігіттер ағылшынның үйіне қарай асығады. Бейсен Джимді жұдырықпен ұрады, Күләнда төсекте ес-түссіз талып жатады. Өтегенді де Бейсен жерге алып ұрады. Шахтерлердің көпшілігі жұмысқа шықпай қояды. Ильяны солдаттар қамауға алып кетеді түнде. Ал, таңғы мезгілде Күләнда көз жұмады. Оны шахтадан қашықтау жерге жерлейді. Шахтерлер аштыққа да шыдап, үш күн далаға шықпай қойды. Хокинс Алексей мен Шектібайды шақырып тілегендерін орындауға келісім береді, тек олар жұмысқа шығу керек. Төлеп ауылына қайтуға дайындалады. Ауылына жеткенде, Рахмет алдынан шығып, Күләнданы сұрайды. Ауылды басына көтеріп жылаған Төлепке Долы байдың бәйбішесі зекіп салады. Арада екі жыл өткеннен соң, Долы байдан өлгенше таяқ жеген Рахмет үйінен біржолата кетеді. Университетте академик Вознесенский лекция оқитын. Жеке лабораториясы бар. Хатшы Макаров академик Донбассқа кеткен кезде, лабораториясына армандап жүрген болат құятын электр пешін орнаттырады.

Академиктің қызы Лиза мен Рахмет бір-бірін сүйеді. Рахмет Вознесенскийдің лабораториясында ассистент болып қалады. Іс-сапарлармен Рахмет Қарағанды, Донбассқа жүреді. Жеті-сегіз ай жүріп келеді. Вокзалда академикпен кездесіп қалады, қол алысады. Лиза туралы сұрауға Рахметтің батылы бармайды. Академик қызы мен Рахметтің бірге жүргенін құптайтын, бірақ сыр білдірмейтін.

Көмір алыбы қайта жасала бастағанда, жұмысшылар қалаға ағылады. Олардың ішінде Төлеп те бар. Ертесіне Төлеп қызының моласының басына құран оқиды. Рахмет шахта проектісін жасау үшін қалаға келеді. Оны Шектібай (шахта начальнигі) күтіп алады. Рахмет Күләнда жатқан моланы бұзып, орнына шахта салғызады. Қанша қиналса да ескіліктің шырмауынан шығу қажет деген мақсатты ұстады. Төлеп жылап, Ильяларға келіп мұңын шағады. Бірақ, ол сен өзің үшін, болашақ үшін өмір сүруің керек дейді. Шахта салу жұмысы қызу басталып кетеді. Жұртты “жұмыс істеме” деп азғырып жүрген Сәдуді, Көкшетаудан 7000 сомды алып қашқан Сәдуді миллиционер алып кетеді...

Кулевакин Рахмет жоқта оның бөлмесіне кіріп, Лизаның суреті мен ораулы көк қағазды алып кетеді. Лизаны жұмыс істеуге Қарағандыға жібереді, ол телеграмма салады, Кулевакин Рахметке бермейді...

Шахтада бұрынғы баукеспе ұры Сүлей десятник болып жүріп, үйдің қабырғасын әдейі қисық қалап жүрген. Рахмет оны танып, жаптырады. Детдомда бірге өскен досы Мырзашты табады. Ертесіне Рахметтің үйінде отырыс болады. Ұлбосын бригадасы мен Аркашалар жарысатын болады. Екі бригаданың жұмысшылары қызу қимылдап, бірін-бірі аңдумен жүреді. Шахтадағылардың барлығы норманы артық орындау үшін, екпінділер қатарына өту үшін күндіз-түні жұмыс істеді. Академик Лизаға хат жазады. Кулевакиннің кесірінен Лиза мен Рахметтің арасында салқындық пайда болады. Нормасын артық орындаймыз деп жүрген Елеместің бригадасын қауіпті лавадан көмір шауып жатқанда, басып қалады. Лиза сөгіс естиді. Лиза командировкаға кетер алдында Рахметпен табысады. Рахмет Алматыға тығыз шаруалармен кетеді. Екеуі келген соң, той жасайтын болып уағдаласады. Бірақ, Алматыда жүргенде, Дәмелі дейтін біреудің әйелімен жақындасып қояды. Бір айдан кейін, Қарағандыға қайтып келген Рахмет Дәмеліден хат алады. Ол екіқабат болып шығады. Содан кейін Рахмет Лизадан қашқақтап жүреді. Лиза Щербак дейтін инженермен жүріп жүреді. Бірақ, Рахметті ұмыта алмайды. Рахмет оларды көргеннен кейін, екеуінің арасында тағы да түсініспеушілік туады.

Ықылас түпкілікті жұмыс істеуге Қарағандыға көшіп келеді. Ол Рахметке балалы болатынын айтып қуанады. Лиза мен Рахмет сол ұрысып қалады. Үш күннен кейін академик Ленинградқа қайтады.

Шахтадан газ шығып, жұмыс істеу қауіпті болады. Бірақ коммунистер жұмысты жалғастыруға бел буады.

Барактарында шахтерлер демалып жатқанда, қатты гудок естіледі. Бәрі орнынан тұрып, үрпиісе қалады. Сол кезде Айша шахтаны су басып қалғанын айтады. Бәрі асығыс жүгіріседі. Шахтадағы суды кешіп жүріп, далаға насоспен төгуде. Илья больницадағы Елеместің жағдайын сұрап қайтқан соң, екпінділерге бөлме беруді ұйғарады. Осы уақытта баяғы Өтеген тілмаш ағасының жалғыз баласы Сүлейменді шақыртып, Рахметтің көзін құртуды сұрайды. Бірақ, ол бас тартады.

Илья Елеместі ауруханадан босатқаннан кейін, екпінділерге бөлінген үйге алып келіп, кілтін тапсырады. Барлығы келіп Елеместі құттықтайды. Барактағы жігіттер орындарын ремонттап, бөлмелерін тазартып, ақтап алады.

Сүлеймен Өтегенді ұстап бермекші болып үйден шыққалы жатқанда, анасы жолын бөгеп, зар-еңіреп, жылап жібермей қояды.

Шахта құрылысының клубында үлкен жиналыс өтеді. Онда шахтерлердің барлығы жиналған. Бастықтар шахтаны су басқан кезіндегі, газ шыққандағы көрсеткен ерліктері үшін, көмір қазудағы орындаған нормалары үшін шахтерлерге сыйлықтар тапсыруда. Онда Ермекке бір костюм сыйлап, құттықтайды. Тағы біршама жұмысшылар сахнаға шығып, сыйлықтарын алады. Жиналыстың соңынан ұйымдасқан үйірме мүшелерінің күшімен драма қойылады.

Ермек Шектібай мен Алексейге келіп сыйлықтарын қайтарып бермекші болады, олар себебін сұрағанда, кезінде дүкенде сатылып жатқан барқыт матаны қызына алып беру үшін екпінді болғанын айтады. Бастықтары оның сөзіне езу тартып, ренжімейтіндіктерін айтады.

Қаладан хатшы келіп, шахтаның ішін басшылармен бірге аралайды. Олар жер астына техникаландырылған клетпен түседі. Шектібай, Рахметтер аралап болғаннан кейін шахтаның 1 мамырға қарсы ашылу салтанаты болатынын айтады.

Шахта астында көмір қазып жатқан шахтерлер. Айша Шымырбекке барып келуін ойлап, алға қарай жүреді. Алдынан шырақ ұстап Гриша келе жатады. Бір кезде Гришаның үстіне лава құлап түседі, Айша көмекке ұмтылғанда, бүкіл лава екеуін де басып қалады. Шахта іші азан-қазан болады. Төбеден топырақ түсіп, барлығы бұрышқа тығылады. Сәлден соң, Бейсен қарт қолына шырақ алып тексеріп көрсе, жоғарыға шығатын жолды, кемінде 70-80 метрдей топырақ көміп қалған. Шахтаның алдында бір топ адам тұр. Олар жауып қалған жерді, тіреп қойып, ашқалы тұр. Илья барлық құрал-саймандарын алып, іске кіріседі. Лиза шахта астында қалған шахтерлердің семьясын жұбатуға бет алады. Сағат сайын қалалық партия комитетінің хатшысы телефонмен хабарласып, жағдайды біліп тұрады.

Рахмет пен Алексей, Рахметтің үйінде Лиза туралы сөйлеседі. Алексей қоштасып шығып кеткеннен кейін, Рахмет шахтаға бет алады. Шахта астында қалған: Бейсен, Қали, Шымырбек, Сүлеймен бір-біріне сыр айта бастады. Шымырбек Айшаны сүйетінін, Бейсен баласына той қылып ат берейін деп жүргенін айтады. Ал, Сүлеймен Өтегеннің Рахметті өлтіргелі жүргенін естірткенде, үшеуі шулап кетеді...

Шахтаға келе жатқан Рахметтің артынан аңдып келіп, Өтеген пышақ салады, алыстан машинаның жарығын көргеннен кейін қашып кетеді. Рахмет ақ қар үстінде талықсып жатады. Осы кезде Сүлеймен шахта астында аласұрып, қайламен жоғарыны ұра бергенде, топырақ басып қалады. Қалғандары оны аршып алады, бірақ Сүлеймен көз жұмады. Таң ата шахта құрылысына келе жатқан Алексей Рахметті тауып алады. Рахмет ауруханаға түскеннен кейін қан құю керек болады. Алексейдің қаны сәйкес келгенмен, бас сүйегі сынып, операция жасау керек болады. Медицина еш көмек бере алмаймыз дейді. Дәмелінің күйеуі Ықылас білікті дәрігер болатын. Әйелі толғатып жатқанда, ол өліп кететін шығармын деген оймен Рахметпен қалай жақын болғанын айтып қояды. Себебі, Дәмеліге бала көтеруге болмайды екен. Жедел жәрдем келіп, Ықыласқа телефон соғып Рахметке операция жасау керектігін айтады. Бар шындықты білгенмен, қиналғанмен, Ықылас Рахметті аман сақтап қалады, сөйтіп оған баласы туылғалы жатқанын айтады.

Ауруханаға Лиза келіп, доктордан Рахметтің халін сұрайды. Оның кімі боласың деп сұрағанда, күйеуім деп жауап береді. Ықылас селк етеді. Бір кезде ол Рахметтің өзіне, туғалы жатқан бала арқылы жақыны, еш уақытта байланысы үзілмейтін туысқаны болатынына қуанып кетеді. Тіпті Лизаны құшақтап та алады.

Шахта астындағыларды күн шыға аршып алады. Қали есінен танған, Бейсен мен Шымырбек теңселіп шанада отыр. Оларды ауруханаға әкеледі. Бірақ, Шымырбек пен Бейсен қашып кетіп, хатшының кабинетіне келеді. Олар Рахметті кім өлтіргенін айтады. Хатшы тиісті жеріне хабарлайды. Ауруханадағы дәрігер науқастардың қашып кеткенін көріп, санитар мен көмекшісіне айқайлайды. Хатшы Бейсенге ауруханаға бару керектігін айтады...

 

Әдебиеттер:

1. Бахтин ММ. Вопросы литературы и эстетики. Исследования разных лет. -М.: Худ литература, 1975.

2. Гуляе Н.А. Теория литературы. -М.:Высшая школа, - 1985, стр.69.

3. Исторический роман в литературе соц, стран Европы. -М.: Наука. 1989, с. 99.

4. Иезуитов А. Порблемы психологизма в эстетике и литературе. -Л-М.: Искусство, 1963, 11-6

5. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Мектеп, 1976,

7- дәріс. Қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных