Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Популяция сандылығының ауытқуы,оның өзіндік реттелуі.




Популяция сандылығының өсуі тоқтаған жағдайда ортаның сыйымдылығынан туатын өсудің тек жоғарғы деңгейіндегі флюктуациялар физикалық орталардың өзгеруі,немесе популяция ішіндегі арақатынастардың,немесе көрші популяциямен әрекеттесудің нәтижесінен туу мүмкін.

Осыған байланысты шектелген тығыздықтың жаңа деңгейін бекітуге болады.Осы немесе басқа да популяциялардың сандылығының ауытқуының екі негізгі типі болады:тығыздыққа байланысты емес және байланысты.

Тығыздыққа байланысты емес айқын флюктуациялар үнемі қарсыласатын орталарда өмір сүретін организмдердің популяциясына тән.Ол әсіресе эфемерлік тіршілік орындарында байқалады.Мұндай организмдер көп ресурстарын көбеюге шығындайды,және олардың сандылығы тіршілік ету ортасының кенеттен болатын өзгерістеріне байланысты өте көп шамада ауытқиды.Мысалы,жәндіктер популяциясы жазда қарқынды түрде өседі,ол суық тисе олар қысқарады.Тығыздығына байланысты болмайтын айқын флюктуация беретін популяциялардың өсуін оппортунистикалық деп атайды.

Тығыздығына байланысты болатын популяциялар сандылығының ауытқуы үнемі қарсылықта болатын ортадағы тығыз орналасқан тіршілік орындарының циклді түрде өзгеріп отыратын немесе өзгермейтін жоғары деңгейде ұйымдасқан (көптеген омыртқалылар) организмдеріне тән.Негізінен олар өздерінің энергетикалық ресурстарын көбеюге емес бәсекелеске қабілеттілік пен өмір сүруге талпынысының жоғарылатуға жұмсайды.Бұндай популяцияларды бір қалыпты деп атайды.Себебі олар тіршілік ету ортасының тепе-тең болу жағдайын жақын болады (олардың сандылығы ортаның).

Осындай экологиялық қарама-қарсы екі типті Мак-Артур және Уилсон (1967) сәйкес сынама формасының әсерінен түзілетін r және К типті деп атауды ұсынды.

Уақыт бойынша популяция сандылығының ауытқуы кезеңі емес және кезеңді деп бөлінеді.Кезеңді емес ауытқулар кездейсоқ сипатты болады.Кезеңдінің ішінде ауытқуы бірнеше жыл кезеңді және мерзімді ауытқулар деп ажыратуға болады.Бірнеше жыл кезеңдегі кезеңді ауытқулардың мысалы ретінде әр 9,6 жыл сайын қайталанып отыратын қоян тиіндер мен сілеусіннің популяциясы сандылығының флюктуациясын атап кетуге болады.Олардың себебі күн белсенділігінің өзгеруі болуы мүмкін.Белгілі тізбек адамның көптеген инфекциялармен аурушаңдылығының көп жылдық динамикасында да көрінеді (тұмау,менингит,туберкулез және т.б.).Маусымдық ауытқулар ауа райы қалыпты аудандарды жыл бойы жәндіктердің сандылығының өзгеруімен көрінеді.

Табиғи популяциялардың сандылығының ауытқуларын реттеудің негізіне абиотикалық (модифицирлеуші) және биотикалық (реттеуші) факторлар жатады.

Модифицирлеуші факторлар популяция сандылығының ауытқуларының қайта түзілуін тудырады,оларды жоймайды.Бұл факторлардың әсері популяцияның тығыздығына тәуелді.

Реттеуші факторлардың әсері популяцияға байланысты,себебі организмдер оған қайтымды байланыс (қатынас) принципі бойынша жауап беруге қабілетті.Сол себепті реттеуші факторлар популяция сандылығын белгілі деңгейде ұстап тұрады және мүмкін болатын ауытқуларды бір қалыпқа келтіреді.Мысалы,тығыздығы жоғары болатын жағдайда кеміргіштердің ұрпақтануы төмендейді,орта факторларына қарсыласуы төмендейді,агрессивтілігі жоғарылап,бірін-бірі жеуге дейін барады,өсуі және дамуы баяулайды.Керісінше,популяция саны бірден төмендегенде туушылық жоғарылайды,эмбриондар өлімі төмендейді.Бұл популяцияның өзіндік реттелуге қабілеттілігін дәлелдейді.

Популяция сандылығын бақылағанда популяцияның тығыздығы байланысты болатын түрлердің арасындағы өзара әрекеттің маңызы зор.Бұл паразитпен қожайынның,сондай-ақ жыртқыш пен жемтіктің арасындағы арақатынастар.Мысалы,кеміргіштер популяцияның тығыздығы жоғарылағанда табиғи ошақтағы обаның қоздырғыштарының айналымы үшін қолайлы жағдайлар туады.

Сондықтан,әрбір белгілі уақыттағы популяция сандылығының динамикасы биотикалық потенциал мен ортаның қарсыласуының қатынасымен анықталады.К-сынамаға тән болатын популяция түрлерінің сандылығы жоғарылаған сайын,ортаның қарсыласуы да жоғарылайды.Мұндай популяция сандылығын реттеуде биотикалық факторлардың маңызы зор.Әртүрлі каналдар бойынша жүзеге асатын тіршілік және түраралық қатынастар.

Осылайша биосфера тұрақты дамуын сақтау үшін адам әріқарай өспеуімен қатар,оның біршама төмендеуі қажет.Жердегі адам саны 500 млн-нан аспау керек деген пікір бар,себебі тек осы жағдайда ғана адамдар биосфера эволюциясының ұзақ периодында жиналған жаңармайтын энергия көздерін тауыспай қолдана алады.

Осымша 1.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных