Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ағымдағы жағдайды талдау




Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында АКТ-ның қарқынды дамуы және бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адмадардың өмір сүру салтына да әсер етіп, қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болатыны белгіленген. Бұл жағдай АКТ-ны дамытудың қазіргі Қазақстанның экономикасы және азаматтарының өмірі үшін маңыздылығын көрсетеді.
Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстанның маңызды жетістіктері байқалады. 2012 жылғы наурыз айының басында жарияланған БҰҰ Е-Government Survey-2012 «Электрондық үкімет адамдар үшін» рейтингінде, Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтеріліп, 38-орынды иеленді. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан 2-орынды Сингапурмен бөлісті.
Дүниежүзілік экнономикалық форумның 2012-2013 жылдарға арналған ғаламдық бәсекелестік қабілеті бойынша есебінде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттік рейтінгі 21 позицияға көтеріліп, 51-орынға жетті.
Халықаралық электрбайланыс одағының рейтингінде Қазақстан соңғы жылы АКТ дамыту индексі бойынша 72-орыннан 68-орынға көтерілді.
Пошта байланысы саласында ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметтер нарығының негізгі жеткізушісі болып қалады. Қызмет көрсету еліміздің барлық аумағын қамтитын 3000 астам өндірістік нысандармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пошталық, күрьерлік қызметтерді «DHL International Kazakhstan» ЖШС, «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» ЖШС және т.б. көрсетеді.
Жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтерді көрсету, телерадиохабардың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сонымен қатар жергілікті телефон байланысының цифрландыру деңгейін көтеру телекоммуникация саласының негізгі беталыстары болып табылады.
Байланыс желілерінің Интернет жүйесіне қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша қызметі басып озған қарқынмен дамып келе жатыр. Қазақстан халқының 53,5 % Интернет жүйесінің пайдаланушылары болып табылады. (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылдың 2 тоқсанындағы жедел деректеріне сәйкес).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4G технологиясы енгізілуде, Интернет жүйесіне кең белдеулі қол жетімділік жүйесін дамыту ADSL, CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады.
ADSL технологиясы.
ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line) – асимметриялық цифрлық абоненттік желі – интерактивті бейне қызметтеріне (сұраныс бойынша бейне, бейне ойындар және т.б.) жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін және деректерді жылдам жіберу (Интернетке қол жеткізу, ЖЕЖ және басқа желілерге қашықтан қол жеткізу) үшін әзірленген.
ADSL технологиясы Интернет жүйесіне қол жеткізу жылдамдығына жоғары талаптар қоймайтын абонентерге КЖҚ қызметін көрсетудің ең көпшілік және ең арзан әдісі болып табылады. ADSL технологиясы жөніндегі КЖҚ желісі қол жеткізу желісі пайдаланылатын байланыс желісінің кез келген учаскесінде жайылуы мүмкін.
Абонентке ақпаратты беру жылдамдығы7 Мбит/с (ADSL2+ үшін 24 Мбит/с дейін) құрады, ал абоненттен–1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату желісінің мыс кабелінің жағдайына, АТС абонент арасындағы арақашықтығына, кабелдегі абоненттер санына және т.б. тәуелді.
Бүгінгі күні ADSL технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 1 017 486 адамды құрайды.
FTTH технологиясы.
FTTH (Fiber To The Home) – үйге орнатылатын оптикалық-талшықты кабель (жеке/ жеке меншік үй, пәтер).
Жоғары жылдамды КЖҚ қызметіне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін және көрсететтін қызметтер спектрін кеңейту үшін 2011 жылы Fiber to the Home (FTTH) әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды. Жоба Астана, Алматы қалаларындағы және Қазақстан Республикасының облыстық орталықтарындағы көппәтерлі үйлерді және коттедждік құрылыстарды 100%-ды қамтуды көздеп отыр.
Жобаның 1-ші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларындағы және облыстық орталықтардағы 146 объектте 3 718 көп пәтерлі үйлерді, 2 755 коттедждік құрылыстарды қамтитын талшықты-оптикалық қол жеткізу желілері салынды. Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа шамаланған GPON желісі құрылып, пайдалануға қабылданды.
CDMA/EVDO технологиясы.
CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) – CDMA стандартындағы ұтқыр байланыс желісінде пайдаланылатын деректерді жоғарыжылдамды беру технологиясы.
Бүгінгі күні барлық первпективалы және электр қуатымен қамсыздандырылған ауылдық елді мекендер жеке және/немесе ұжымдық қол жеткізу арқылы 100% телефондандырылған.
2011 жылдан бастап CDMA 450 стандарттағы ауылдық байланыс CDMA450 технологиясының EVDO платаларымен жабдықталуы арқылы, Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына Интернет жүйесіне КЖҚ қызметін көрсететін EVDO технологиясын пайдалана отыра дамуда.
CDMA 450/EVDO технологиясы абонентерге деректерді жоғары жылдамдықты беру қызметіне орналасқан орнына тәуелсіз, желінің қолданысы шегінде, сонымен қатар қозғалыс кезінде, қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиялар бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығы жаңа цифрлық деректерді тығыздау алгоритмін қолдану есебінен жүзеге асырылады. Бұл жағдай CDMA-450 желісі қамтитын аумағының кез келген нүктесінде интернетке жоғары жылдамды қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының Интернетке сымсыз КЖҚ мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 7 737 құрайды.
3G технологиясы – бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы – деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы.
Үшінші буынның 3G желілері бейнетелефондық байланыс ұйымдастыруға, ұялы телефонда бейне легін көруге және т.б мүмкіндік жасайды.
2011 жылы ұялық байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарында үшінші буынның 3G желілерін пайдалануға енгізді.
4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution) – деректерді 300 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (деректер стациясынан пайдаланушыға) және 75 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (пайдаланушыдан деректер станциясына) пакеттік беру үшін оңтайландырылған, жоғары жылдамды ұтқыр байланыс жүйелерін жасауды қамтамасыз ететін, деректерді берудің ұтқыр хаттамасы
4G технологиясы қол жеткізу қызметтерінің Интернет жүйесіне енуін дамытуға мүмкіндік жасайды, соның ішінде, ілеспе қызметтер спектрін кеңейтуге (ұтқыр ТВ, сұраныс бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін арттыруға және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік жасайды.
2012 жылдан бастап телекоммуникациялар желісінде төртінші буынның (4G стандарттағы) желілерін салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталды.
Цифрлық телерадио хабарын тарату.
Қазақстан Республикасының бүгін алдында тұрған өзекті міндеті цифрлық технологияларға көшу жолымен телерадио хабарын таратудың барлық ұлттық желілерін жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлық хабар таратуды енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылы эфирлік цифрлық телевидениемен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларды таратуды енгізу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- жиілік-аумақтық жоспар бекітілді;
- хабар таратудың - DVB T2 стандарты қабылданды.
- 2012 жылғы шілденің 3-де Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында теле хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді.
Одан басқа Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету үшін телекоммуникациялық желілерді дайындау, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің саны ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызды интернет-ресурстарын құру және электрондық коммерциялар бойынша жобалардың сандарын ұлғайту қажет.
Халыққа және бизнеске берілетін қызметтердің сапасын артыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халықты және бизнеске қызмет көрсетудің рәсімдері жеңілдетіілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің жағымды беталысы байқалады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуальдық қабылдаулар, интернет-конференциялар арқылы халық және бизнеспен мемлекеттің диалогы және кері байланысы механизмі іске асырылды.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпараттарды және қызметтерді берудің міндеттері табысты шешілді.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды.
Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жылсайын бағалау жүргізілуде.
Ғылымды, технологиялардың трансфертін қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылған, ғылыми зерттеулер мен әзірлеулерге инвестицияның, бизнес пен университеттің ынтымақтастығының көлемі артуда, ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту жөніндегі АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде.
2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз етуі (opensource)» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана құрылды.
Салалық АКТ-ны ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Алматы қаласында орналасқан «Ақпараттық технологяилар паркі» аумағында оқу-зерттеу кешенін, бизнес орталықты, дата орталықты, бизнес-инкубирациялау функцияларымен және даму институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы қорды салуды ескеретін АКТ-кластерді құру жобасы бастамаланды.
Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) саласындағы үдерістерді жетілдіру және сауықтыру және ақпараттық контенті өндірудің отандық индустриясын дамыту жөніндегі жұмыстар үнемі жүргізілуде.
Осылай, ағымдағы жағдайды және көшбасшы-елдердің тәжірибесін талдау Қазақстаннның ақпараттық дамудың және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік стратегияларын іске асыруда дайындығы туралы растайды.

Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері

Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.
Бағдарламалық міндеттер:

1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.

2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.

4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Нысаналы индикаторлар

1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2. «электрондық үкімет» индексінде (БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6. елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі – 4%;

7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - 2013-2017 жылдар;
2 кезең - 2018-2020 жылдар.
Аталған Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленеді.
Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттаушы көрсеткіштерді өзгерту және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсер етуі жоспарланады.
Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады.
Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау, АТ мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ, барлық салалардағы профильді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады.
Ақпараттық салада БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық мас-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады.
Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.
Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.

Қажетті ресурстар

Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік секторының қаржылық қорлары шоғырландырылады, осы ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторальді қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады.
Бағдарламаның нысаналық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі:
жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлар;
мемлекеттің қатысуымен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қаражаты;
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторальді және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет.

Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

Бағдарламаны іске асыруды басқару мәселелерін үйлестіру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық комиссиясымен іске асырылады.
Бағдарламаны орындауды мониторингілеу және бағалау тетіктері әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы халықтың бағдарламаны іске асыру нәтижелері жөнінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мүмкін.

«Электрондық үкімет»

Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар - бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар, және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестік қарапайым, ұғынықты және қолжетімді болатын, адамдар үшін құрылған мемлекет.

Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электронды үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электронды үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных