Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Электронды үкіметтің жетістіктері




Құрылғанынан бергі тоғыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының электронды үкіметі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан оң көзқарасқа ие болып, жоғары бағаланды. Халықаралық және республикалық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері мен байқаулардағы ие болған номинациялары осыған куә. Қазақстандық электронды үкіметтің даму дәрежесі «дамушы» (emerging leaders) сатысында деп бағалануда және аса табысты үкіметтердің бірі саналады.

 

 
 

 

2013 жылдың сәуірінде Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) баяндамасы жарияланды, соған сәйкес Қазақстанның желілік әзірлік индексі 144 елдің ішінде 43-орында тұр. 2012 жылмен және 55-орынмен салыстырғанда, еліміз көптеген көрсеткіштер бойынша рейтингтерде қарқынды өсуін көрсетті және ТМД елдерінің арасында үздік деп танылып отыр. Желілік әзірлік индексі еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың (АКТ) даму деңгейін анықтайды және АКТ-ның экономикаға қосқан үлесін, сондай-ақ осы технологияларды пайдалануға әзірлікті байқататын 54 көрсеткіштен тұрады. 2013 жылы Қазақстанның айрықша ілгері басуы Интернет желісін пайдаланушылар саны, ұялы байланыс абоненттерінің саны, ұялы байланыс тарифтері және басқалары бойынша белгіленді.
Әрбір екі жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті электронды үкіметтің әлемдегі (192 ел) даму деңгейін бағалау бойынша зерттеулер жүргізіп отырады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының электронды үкіметі аталмыш рейтингте 38-орынға ие болды. Сонымен қатар, онлайн-қызметтердің индексі 10 көрсеткішті басып озса, телеқатынас инфрақұрылымының индексі 14 орынға алға шықты. Азаматтардың үкіметпен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін анықтайтын е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2 орынға ие болды.
Электронды үкіметтің жетістіктері қоржынында қазақстандық марапаттар да бар. 2012 жылдың соңында Award.kz-2012 Ұлттық интернет-бәйгесінің X мерейтойлық марапаттау салтанатында электронды үкіметпорталы «Билік және өзін-өзі басқару органдары» номинациясында бірінші орынға ие болды, сондай-ақ, қос тілді сайттар арасында үздік деп танылды. Жобаға деген қызығушылықты қазан айында өткен электронды үкімет порталының редизайны тудырған болатын, соның нәтижесінде беткі безендірілуі ғана емес, материалдар құрылымы мен орналастыру қисыны да өзгерді.

 

 

ҚР электронды үкіметінің 2005-2012 жылдар арасындағы жетістіктері

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных