Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап

З үйіңді тап».

Дидактикалық мақсаты: көлік түрлері жайлы балалар білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: көлік түрлерінің (ұшақ, кеме, машина, автобус) суреттері бейнеленген үлестірмелі карточкалар.

Ойын барысы: Тәрбиеші сұрақтар қояды.

- Ұшақ қайда ұшып келеді? Қайда қонады? (әуежайға).

- Міне, мына жер біздің әуежай болады деп, тәрбиеші орындыққа ойыншық ұшақты қояды.

- Жолаушылар жағаға ұшуы үшін кеме қайда келіп тоқтайды?

- Кемежайға.

- Міне, біздің кемежай (орындыққа ойыншық кемені қояды).

- Жерде жүретін көліктер жұмыстан соң қайда бағыт алады?

- Гаражға (тәрбиеші тағы бір орындыққа машина қояды).

Тәрбиеші балаларға көліктің қандай да бір түрі бейнеленген карточка таратып береді. Соған байланысты балалар өздерін ұшқыш, жүргізуші т.б. болып сезінуі қажет. Содан соң барлығы адамдар тасуға, жүк тасуға жұмыстарына кетеді. Тәрбиешінің белгісі бойынша жұмысты аяқтап, әркім өз орнына жетуі керек. Балалар жұмысты орындаған соң тәрбиеші тексереді. Ойынды қайталай отырып, тәрбиеші карточкаларды айырбастауды ұсынады, ал өзі орындықтағы ойыншықтарды айырбастап қояды.

 

 

6. «Кім не жасап жатыр?»

Дидактикалық мақсаты: Мамандық түрлерінің атаулары туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: Түрлі мамандық иелері: аспазшы, құрылысшы, слесарь, сатушы, мұғалім, тігінші т.б. бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші аспазшы, слесарь, құрылысшы, етікші, т.б. бейнеленген үлгі суреттерді көрсетеді. Балаларға бұл адамдар не істейтінін айтып беру ұсынылады:

- Кім тамақ әзірлейді?

- Кім балаларды оқытады?

- Кім сағат жөндейді?

- Кім үй тұрғызады?

- Кім аяқ киім жөндейді?

 

7. «Кім қайда жұмыс істейді?»

Дидактикалық мақсаты: мамандық түрлері туралы білімдерін бекіту. Қандай мамандық түрлері қалаға, қайсылары ауылға қажетті, ал қандай мамандықтар қалаға да, ауылға да керек екендігін түсіндіру.

Керекті құралдар: түрлі мамандық иелерінің бейнесі бейнеленген суреттер (мамандықтардың ішінде ауылға да, қалаға да қажетті мамандықтар болуы керек).

Ойын барысы: Қала: станоктың қасында жұмыс істейтін жұмысшылар, тоқымашылар, жол ережесін реттеуші- милиционер, суретші, ғарышкер, балерина.

Ауыл: қойшы, жылқышы, сауыншы, тракторшы, комбайншы, жеміс өсіруші, мал өсіруші, құс өсіруші.

Қала және ауыл: мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, сатушы, тігінші, кітапханашы. Барлығы 25 дана. Біреуінде көп қабатты үй, екіншісінде бір қабатты үй, үшіншісінде көп қабатты және бір қабатты үйлер бейнеленген суреттер. Тәрбиеші балалардан өздері білетін мамандық аттарын атауларын сұрайды. Содан кейін көп қабатты үйдің, бір қабатты үй және үшіншісінде көп қабатты және бір қабатты үй бейнеленген суреттерді көрсетеді. Бұл суреттерді топ бөлмесінің әр жеріне қояды. Балаларға түрлі мамандық иелері бейнеленген суреттерді үлестіреді. Балалар суреттерге қарап, қай маман қай жерде жұмыс істей алатынын (ауылда ма, қалада ма) анықтап айтуы керек. «Барлығымыз жұмысқа барамыз» деген тәрбиешінің белгісі бойынша балалар сәйкес үй бейнеленген суреттердің қасына келуі керек. Ойынды қайталай отырып, тәрбиеші суреттерді және үйдің бейнесі бар суреттерді ауыстырып беруі мүмкін.

 

8. «Қателеспе»

Дидактикалық мақсаты: көліктердің жерде, ауада, суда жүретін көліктер болып жіктелетіні туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: доп.

Ойын барысы: Балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші әр балаға кезекпен допты бере отырып, қандай да бір көлік түрінің атын атайды. Допты алған бала бұл көліктің қандай түріне (суда, ауада және жерде жүретін) жататынын айтуы керек. Егер де бала дұрыс жауап берсе, келесі сыныпқа өтеді, яғни бір адым алға аттайды. Ал егер қателесетін болса, «екінші жылға қалады», яғни орнында тұрады. Алғашқы болып төрт адым жасаған бала жеңіске жетеді. Тапсырманы өзгертуге болады – тәрбиеші көлік түрінің атауын атайды, ал балалар осы көлік түріне жататын көліктің атын атайды.

 

Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап

Дидактикалық мақсаты: мамандықтар туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: түрлі мамандық иелерінің бейнесі бейнеленген үлестірмелі суреттер (25 дана).

Ойын барысы: Тәрбиеші балалардан қандай мамандықтарды білетіндерін еске түсіруді сұрайды. Содан кейін әр балаға түрлі мамандық иелері бейнеленген суреттерді үлестіріп береді.

- Ал қазір біз ойнаймыз. Сендер өздеріңнің суреттеріңді мұқиятқарап, бейнеленген мамандық туралы айтып беруге тырысып көріңдер. Ал біз сендердің қайда және кім болып жұмыс істейтіндіктеріңді тауып көрейік. Балалардың суреттерді өздері таңдауына болады.

 

 

10. «Жеміс-жидектер»

Мақсаты: Балалардың жеміс-жидектердің атын атай алады ма? Бір бірінен ажырата алады ма, соны тексеру. Балалардың қолымен ұстап, ажырату көзбен көріп тану, иісінен ажырату қабілетін дамыту. Мына сөздерді қолдану. Піскен, піспеген, тұздалған, тұздалмаған, қысқа, дөңгелек, сопақ.

 

11.«Бақша бағында»

Мақсаты: Балалардың жемістерді ажырата білуге үйрету, жеміс-жидектердің атын атап және топтастыру. «Жемістер» туралы тақпақты тыңдап болған соң, оларды жіктеу қажет.

 

12. «Кімге не?»

Мақсаты: Балаларға заттарды керегіне қарай топтастыруға жаттықтыру. Өз сөзіне жинақтайтын сөздерді қолдану. Ыдыс, киім т.б. Ыдыстарды танып атауды үйрету және олардың бөлшектерін атай білу, балалардың 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер айтуға тырысқанын қолдану.

 

 

13. «Кім не киеді?»

Мақсаты:

Балалардың білім деңгейін, дүниетанымын тереңдете түсу мақсатымен, еске түсіру, елестету қасиеттерін жетілдіру, ой-қиялын белгілі дәрежеде өсіру, түсті ажырата білуге үйрету.

Көрнекі құралдар:

Қыз бала, ұл бала, ата -анасы бейнеленген карточкалар, киімдер, баскиім, спорт аяқ киім.

Ойынның барысы:

-Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, кім бейнеленген? Қыз бала, ұл бала, анасы, әкесі. Енді ойланып көріңдер, мына карточкадағы киімдердің қайсысын кім киеді?

 

14. «Ойын сауық»

 

Мақсаты:

Баланың көру қабілетін, белсенділігін, тілін дамыту, социализация тұрғыда баланың достарын түсініп, көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Коммуникативтік тұрғыда бір-бірін, үлкендерді құрметтеуге, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Екі баланың бейнесі, әртүрлі киім бейнеленген карточкалар: дәрігердің, медбикенің бас киімі, микрофон, кітап.

Ойын барысы:

Тәрбиеші балаларды суреттерге назар аударуларын сұрайды. Суретте Мадина мен Арман бейнеленген. Олар ойын сауыққа барғалы жатыр. Қандай киім кисе,балалар хан мен ханшайым, дәрігер мен медбике немесе әншілерге ұқсайды.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | КАК ВЫЙТИ ИЗ ТОТАЛИТАРНОЙ СЕКТЫ


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных