ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Неліктен Дэйв өзін осылай ұстайды?ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ҚОРҒАНАТЫН ДЭЙВ Қорғанатын Дэйв ақымақ болып көрінбеу үшін оқушының жасай алатынының бәрін жасайды. Ол белгілі бір дәрежеде сыныптастарының сұрақтарға беретін жауаптарына сүйенеді және ол тапсырмаларға жазған жауаптары қате болуы мүмкін деп санайтын кезде өз дәптерін таба алмай қалған түр танытады. Дэйв жұмысты орындамағаны және үлгерімінің нашар екендігіне қалай ақталудың жолын ойластырып алған. Оның үстіне, ол өзіне айтылған ақылдарға назар аудармай, кейде тапсырмаларды орындағысы келмейтінін және орындамайтынын бар түрімен танытады. Дэйв «емтиханнан құлаудан қашатын» оқушының классикалық үлгісі болып табылады. Шын мәнінде ол материалдарды зерделеу және тапсырмаларды өздігінен орындау сияқты заңды әдістермен табысқа қол жеткізуге болатынына сенбейді. Демек, ол табысқа жетуге ұмтылмайды, бар болғаны бар күшін құлап қалмауға салып бағады. Қысқа мерзімді перспективада мақсатқа жету және ақымақ болып көрінуге мүмкіндік бермеу тұрғысынан алғанда Дейвтің мінез-құлқы қисынды. Ол аса көп күш жұмсамай көптеген тапсырмаларды жақсы болсын, жаман болсын, бірақ шешеді, ол өзінің үлгерімінің нашар болуы оның қабілетінің жоқтығынан емес, аз күш жұмсауының нәтижесі деп басқаларды сендіреді. Дэйвтің ішкі логикасына қарамай, ұзақ мерзімді перспективада оның мінез-құлқы қисынсыз. Себебі барған сайын ол нашар үлгерімнің қақпанына терең бата береді және оны түсіндіру де барған сайын қиындай береді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|